Қосымша абоненттердiң жоғары жүктемесiн тiркейтiн электр санағыштары жол болған кезде оның нақтылы жүктемесi есептесу жолымен анықталып, энергиямен жабдықтаудың шартында тiркеледi.
104. Тұтынушы қуатты, одан басқа есеп жүргiзетiн есептеуші аспаптарды өз бетiмен жалғаған жағдайда электр желілерi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдары абоненттен қуатқа есеп жүргiзетiн аспаптардан басқа жалғанғандар бойынша бір ставкалық тарифтегi кәсiпорындар үшiн 1 кВт сағатқа белгiленген тариф пен тұтынушылардың екі ставкалық тарифтерi үшiн негiзгi және қосымша ставкаларды еске ала отырып, орташа босату тарифтерi бойынша бұрынғы талаптағы мерзiм көлемiнде электр қондырғыларын соңғы рет техникалық тексерген күннен бастап пайдаланудың бүкiл кезеңіндегі жұмсалған электр энергиясын қосымша қайтарып алады.
Электр энергиясы үшiн көрсетiлген қосымша ақы төлеуге тұтынушының осы қуатты одан әрi пайдалануына энергиямен жабдықтаушы және электр желiлерi ұйымдарынан тиiстi рұқсат алмайынша құқық берiлмейдi.
105. Тұтынушыға босатылған активті электр энергиясы үшiн тәртiп бойынша басты абонент трансформаторының алғашқы кернеуi жағындағы энергия санағыштың есептегенiн еске алып ақы төлеу белгiленедi.
Егер санағыш басты абонент трансформаторынан кейiн екiншi кернеу жағына орнатылса, онда баға көрсеткiштегi көрсетiлген ақы төлеу тұтынушыларға босатылған электр энергиясы үшiн тұтынушылармен есеп айырысу кезiнде 1,025 коэффициентке көбейтiледi.
106. Егер тұтынушының басты трансформаторының алғашқы жағына оның балансында бар электр берiлiсi дәл келсе, осы желiдегі электр энергиясының жоғалуы тұтынушыға қатысты болуы керек.
Тұтынушы трансформаторының алғашқы және екiншi жағындағы есептеуші электр санағыштарды орнату кезiнде көрсетiлген электр берiлiсi желiсіндегі электр энергияларының жоғалуы есептесу жолымен анықталуы керек және абонент тариф бойынша төлейдi.
107. Электр энергиясына сараланып көрсетiлген баға көрсеткiш тарифтеріндегі жүктеменiң тәулiктiк кестенiң аймақтары бойынша белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
108. Электр энергиясын тұтыну және реактивтік генерациялау мен электр энергиясының сапасы үшiн тарифтерге шегерiмдер (қосымшалар) электр энергиясын тұтыну және реактивтiк қуаттар мен энергияны генерациялау электр энергиясы сапасының тарифтеріне шегерiмдердi (қосымшаларды) қолданудың iс жүзіндегі тәртібі негiзіндегі шартпен анықталады.
109. Желiлердi бөлу шекарасындағы электрэнергиясының сапасы төмендегенде кiнәлi тараптар энергиямен жабдықтаудың шартына сәйкес жауапкершiлiк алады.
110. Энергияны тұтынудың шартта көрсетiлген шамасынан асқан жағдайда тұтынушы шартта тиiсті есептеу мерзiмi үшiн көзделген шамадан асыра жұмсалған электр энергиясы мен қуаттың бес есе құнынан аспайтындай мөлшерде, егер де тараптардың келісімiнде басқаша қаралмаса, ақысын төлеуi тиiс.
Тұтынушының өзiнiң жеке блок-станциясы болған жағдайда тарифке көтерме ақы тек қана есептесу кезеңiнде энергияны тұтынудың шартта белгiленген шамасынан асыра жұмсалған электр энергиясы үшiн алынады.
Энергиямен жабдықтайтын және/немесе энергия берушi ұйымнан энергияны шартта белгiленген шамадан асыра пайдаланған тұтынушыға оған қарайтын блок-станция шығармай тастаған электр энергиясының мөлшерiне көтерiңкi тариф қолданылмайды.
Тараптардың келісім бойынша рұқсат етiлген қуаттағы электр энергиясын тұтынудың шарттық шамасы экономикалық станцияларды қолданбай-ақ +/-5 % дейiн шегiнумен белгiленуi мүмкiн.
111. Абоненттiң кiнәсi болмай-ақ есептеу тәртібі бұзылған жағдайда электр энергиясы үшін есеп айырысу, егер де электр энергиясының аз шамасы көзделмеген болса, алдыңғы есептесу кезеңiнiң орташа тәулiктiк шығыны бойынша жүргiзiледi.
Электр энергиясын орташа тәулiктiк шығын бойынша есептеу кезеңi есеп айырысу есебi толықтай қалпына келтiрiлетiн бір айдан аспауы тиiс.
Егер де есептесудi белгiленген мерзiмде қалпына келтiру мүмкiн болмаса, абонентке жiберiлген энергияны есептеу тәртібі мен есептеудi қалпына келтіру мерзiмi абонент пен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы келісіммен белгіленедi.
112. Есептеу құралдары абоненттiң кiнәсiнен бұзылса, пломбасы желiнсе, әйнегi мен корпусына сызат түскен жағдайда, есептеу құралдарын жалғау схемасы өзгерген жағдайда, электр энергиясы ұрланған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым белгiленген тәртiппен абоненттi электр желісінен ажыратып тастауға және электр энергиясының шығынын ең жоғарғы жүктеме немесе ток қабылдағыштың белгiленген қуаты мен абоненттiң жұмыс сағатының саны бойынша есептеу құралдарының соңғы рет ауыстырылған немесе олардың жалғау схемасының тексерiлген уақытынан бастап барлық уақыт ішінде, бірақ мерзiмiнен асып кетпейтiндей уақыт ішінде қайта есептеуге құқылы.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2000 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1822 қаулысымен
бекітілген
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРI
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы ереже энергия өндiретін, энергиямен жабдықтайтын және энергия беретiн ұйымдардың энергияны тұтынушылармен арадағы қарым-қатынасын және рыноктағы қуатты айқындайды.
2. Тұрмыстық тұтынушыларды және кондоминиум объектілерін жылумен қамтамасыз ету мәселелерi коммуналдық қызмет көрсету Ережелерiмен реттеледi.
Тұрмыстық тұтынушыларды және кондоминиум объектілерін жылумен қамтамасыз етуге байланысы, коммуналдық қызмет көрсету Ережелерiмен түсiндiрілмеген мәселелер осы Ереженiң тиiстi баптарымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актiлермен реттеледi.
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi түсiнiктер пайдаланылады:
Энергиямен қамтамасыз етушi ұйымның абонентi - энергиямен жабдықтаушы ұйыммен желi және (немесе) энергия беруші немесе энергиямен қамтамасыз етушiнiң желiлеріне қосылған жылу қондырғыларынан жылумен қамтамасыз етуге шарт жасасқан тұтынушы.
Тұрмыстық тұтынушы - жекелеген тұрғын немесе үйлерде, кондоминиумда (екiден артық қожалары бар көп пәтерлi тұрғын үй) тұратын ие (иелер), жалдаушылар, жылу энергиясын пәтерлерде, жеке тұрғын үйлерде, коттедждерде, сондай-ақ үй жанындағы усадьбiлердiң қажетiне, гараждарға, және мекен-жайы бойынша жеке кәсiпкерлiкпен айналысатын пайдаланушылар.
Жылу желісінің баланстық иелiгiнiң шекарасы - жылу желісінiң баланстық иелiгi немесе шарт бойынша айқындалатын энергия жеткізушi ұйым мен абоненттiң арасындағы жылу жүйесiнiң бөлiнiс шегi.
Тұтынушының энергия қондырғыларының жүктемелiк кестесi - тұтынушының энергия қондырғыларының жүктемесi кезеңіндегі өзгерістер қисығы.
Есеп бақылау аспабы - бақылау үшiн пайдаланылатын, осы желi шегiнде жылу энергиясы шығынын айқындайтын көрсеткiш негiзіндегі есеп приборы.
Тұтынушының энергия қондырғысының жүктемесi белгiленген уақыт мерзiмiнде энергия қондырғысы тұтынатын жылу көлемiнiң мәнi.
Электр энергиясының объектісi - жылу энергияларын өндiру, беру, болу немесе қайта құру параметрлерi үшін арналған электр станциясы, бу қазаны, жылу желiлерi.
Түпкiлiктi есеп айырысу - пайдаланылған жылу энергиясы үшiн есеп айырысу кезеңi бiтісiмен тұтынушымен есеп айырысу.
Кондоминиум объектiсiнiң басқару органы - Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн жеке меншiк үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi, тұрғын-үй, тұрғын-үй құрылыс кооперативтерi және осындай ұйымдардың өзге де нысандары.
Тұтынушы - жылу энергиясын шарттың негiзiнде пайдаланушы жеке немесе заңдық тұлға.
Төлем құжаты - энергиямен қамтамасыз етушi және (немесе) энергия жеткізушi ұйымның немесе абоненттің есепшотына оның негiзiнде ақша қаржылары аударылатын төлем талабы, төлем тапсырмасы, сондай-ақ ақша төлеу жүргiзiлетiн хабарлама.
Жылу энергиясын қабылдағыш - жылу энергиясын қабылдау мен пайдалануға арналған қондырғы немесе прибор.
Аралық есеп айырысу - тұтынушымен тұтынылған жылу энергиясына есеп айырысу кезеңіндегі абоненттің iшiнара төлемі.
Жылу энергиясын есепке алудың есеп аспабы - төленуге тиiстi абоненттiң жылу энергиясы шығыстарын айқындайтын есеп айыру шегiнде көрсетулерi негiзге алынатын есепке алу аспабы, есепке алу жүйесi.
Есеп айырысу кезеңi - абоненттiң тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және төленетiн уақыт кезеңi.
Қосалқы абонент - энергиямен қамтамасыз етушi ұйымдардың абонентiнің желiге және (немесе) жылу желiлерiне қосылған тұтынушы.
Жылу энергиясының тарифi - тұтынылған жылу энергиясы үшiн ақы алынатын мөлшерлеме жүйесi.
Жылу желісі - жылуды тұтынушыларға беруге және бөлуге арналған қондырғылар жиынтығы.
Жылy энергиясының шығыстарын есепке алу нүктесi - өлшеу аспабының көмегiмен (есепке алу жүйесi және ...) немесе өзге де әдiспен коммерциялық есеп айырысу кезеңiнде пайдаланылатын жылу энергиясы шығыстарының мәнiн айқындайтын жылумен қамтамасыз ету жобасының нүктесi. Есепке алу шегi жылу желісі баланстық иелiгi шекарасына сәйкес болады.
Уәкiлетті орган - электр энергетикасына байланысты қатынастарды ретке келтiрудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Сараптаушы ұйым - энергетика және энергия үнемдеу мәселелерi бойынша энергетикалық сараптама жүргiзу үшін белгiленген тәртiппен аккредиттелген ұйым.
Электр өндiрушi ұйым - жылу энергиясын өндiрудi жүзеге асырушы ұйым.
Энергия жеткізушi ұйым - жылу энергиясын берудi және бөлудi жүзеге асырушы ұйым.
Энергиямен қамтамасыз етушi ұйым (берушi) - өндiрілген немесе сатылып алынған жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асырушы орган.
Энергияны үнемдеу - отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды және үнемдi пайдалануға бағытталған қызмет (ұйымдастырушылық, ғылыми, практикалық, ақпараттық).
2. Жылумен қамтамасыз ету ұйымы
4. Электр және жылу энергиясын рынокта сатып алу - сату энергиямен жабдықтаушы ұйыммен және тұтынушымен (абонентпен), желi және (немесе) жылу пайдаланушының қондырғылары энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымның жылу желісiне қосылған жылумен қамтамасыз ету шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
Шартқа жылу желілерiнiң баланстық иелiгiн шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершiлiгi туралы акт қоса берiледi.
Жылумен жабдықтау шартында немесе оған қосымшада абоненттiң жылу желісіне қосалқы абоненттiң қосылғаны туралы деректер - атауы, ең жоғары сағаттық жүктеме, жылу пайдалану, қайтарылған конденсаттың мөлшерi, жылу энергиясына төлеу шарттары көрсетiледi.
5. Абонент қосалқы абоненттермен жылумен қамтамасыз ету шарттарын жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының келісімiмен ғана жасай алады.
Қосалқы абоненттер жылумен қамтамасыз ету шарттарын тiкелей энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жасасуға құқылы. Бұл жағдайда олар абонентпен жылу энергиясын абоненттiң желiлерi бойынша тасымалдау жөнiнде шарт жасасады.
Абоненттер техникалық мүмкiндiктер бар болған жағдайда өзiнiң желілерi бойынша қосалқы абоненттiң жылу энергиясымен қамтамасыз етуге және тасымалдауға энергиямен қамтамасыз етушi ұйыммен шарт жасасуына кедергi келтiруге құқығы жоқ.
6. Жылу энергиясының бу мен ыстық судағы ең жоғары сағаттық берiлуi тұтынушылар үшiн энергиямен қамтамасыз етушi және/немесе энергия берушi ұйымдармен электр станцияларының (қазандықтардың) техникалық мүмкiндiгiне, бу мен ыстық суда жылу энергиясын босату құбырларының өткізу қабiлетiне байланысты белгiленедi және шартта жазылады.
Тұтынушыларға тұтынылатын жылу энергиясының жүктемесi мен көлемiн шартта көрсетiлгеннен артық, бірақ сұраныс жасалған және алынған техникалық шарттарда бекітілген жобалық көлемдерден асырмай көбейту шартта тиiстi өзгерістермен энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатымен жол берiледi.
7. Тұтынушылар мен энергиямен қамтамасыз етушi және энергия берушi ұйымдар арасындағы келiспеушiлiктер сотпен шешіледi.
3. ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫМЕН ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ
ҚОСУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
8. Жаңа тұтынушылар үшiн жылу энергиясына қосудың немесе қолданыстағы объектiлерде тұтынылатын жылу энергиясын ұлғайту кезіндегі тұтынушының жылу желiлерiне қосылуы жүргiзiлетiн тұтынушы жылу энергиясын берушi ұйымнан алатын техникалық шарттары.
9. Энергия берушi ұйым тұтынушыдан тапсырыстар алғаннан кейiн екi жұма мерзiм iшiнде сараптамалық (жобалаушылық) ұйымынан екі жетiлiк мерзiм iшiнде жаңадан салынған кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды жылумен қамтамасыз етудiң, олардың кезектерiн немесе жекелеген өндiрiстердi, қолданыстағы кәсiпорындардың, ғимараттардың, құрылыстардың, жылу пайдаланушы қондырғылар мен жылу желiлерiн жаңғыртудың алдын-ала шарттарын бередi.
Тұтынушының жылу желiлерiне қосуға техникалық шарттар алуға берген өтiнішінде жобаланатын объектiнi сипаттайтын мәлiметтер, оны жобалаудың, салудың нормативтiк мерзiм ұзақтылығы және объектiнi пайдалануға берудiң көзделген мерзiмдерi, тұтыну түрлерi бойынша - технологиялық қажеттiлiктер, жылу және желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету жүктемелерiнiң сипаттамасы, жылумен қамтамасыз ету сенiмдiлiгi жөніндегі талаптар көрсетiлуi тиiс.
Энергия берушi ұйымдар тұтынушының жылумен қамтамасыз ету мәселесiне қатысты басқа да мәлiметтердi талап етуге құқығы бар.
10. Жаңа кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды жылумен қамтамасыз ету бойынша сараптамалық (жобалаушылық) шешiмдермен келiсу, тұтынушының iшкi жылу қамтамасыз ету жобасын өзгертудi талап ететiн жекелеген өндiрiстердiң немесе кеңейтiлетiн және қолданыстағы объектiлердi құруды, олардың кезектілiктерi Энергиямен қамтамасыз етушi және энергия өндiрушi ұйымдармен құрылыс үшiн алаң таңдауы кезiнде жүргiзiледi.
11. Кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кезектiлiктерiнiң, жекелеген өндiрiстердiң жылу желiлерiне қосудың техникалық шарттары тапсырыс пайдаланушы-тұтынушыға құрылысқа арнап алаң бөлу туралы акт бекітілгеннен кейiн бір ай мерзiм iшiнде беріледi.
12. Бұрын берiлген техникалық шарттармен және шарттың ережелерiмен қосымша белгiленген тұтынылатын жылу энергиясының көлемiн немесе жылу тасымалдағыштың параметрлерін өзгерту талап етiлетiн тұтынушының жылу пайдаланушы қондырғыларын қайта жаңғырту немесе кеңейту кезінде, тұтынушы сондай-ақ энергия берушi ұйымнан олардың қосылуына техникалық шарттар алуға тиiс.
13. Желiлерге абоненттердiң желiлерi қосылған энергия берушi ұйымнан берiлген техникалық ережелермен келiскен жағдайда, жылу пайдаланатын құрылғылары абоненттiң желiлерiнен қоректенетiн қосалқы абоненттер, техникалық шарттарды солардан алады.
14. Объектiнi жылумен жабдықтаушы ұйымның жылу желiлерiне қосу үшiн техникалық шарттарда мыналар көрсетiледi:
1) жылумен жабдықтау көзi, сенiмдiлік дәрежесi, жылу жүйелерiне қосу нүктесi, босатылатын жылу энергиясының көлемiн реттеу тәсiлi;
2) басқа тұтынушылардың жүктемелерiн ескере отырып, негiзгi және резервтегi iске қосу нүктелеріндегі жылу тасымалдағыштың параметрлерi мен гидравликалық режимi;
3) басқа тұтынушылардың жүктемелерін қосу перспективасын ескере отырып, негiзгi тұтынушының жүктемесі;
4) қазiргi бар жүйенiң өткізу қабілетiн көбейту жөнiндегі негiздеме;
5) қайтарылатын өндiрiстiк конденсаттың қайта қайтару көлемi, сапасы және режимi, конденсатты жинау және қайтару схемасы;
6) кәсiпорынның қайталама энергия ресурстарын пайдалану жөніндегі ұсыныстар;
7) сенiмдiлiк жөніндегі талаптарды ескере отырып жылумен жабдықтаудың резерв көздерi;
8) есептеу және бақылау-өлшеу аспаптарын орнату жөніндегі талаптар;
9) жылу желiлерiн (әуемен және жер астымен) төсеу тәсілі;
10) жылыту-желдету мен технологиялық жүктемелерді және ыстық сумен жабдықтау жүктемелерiн қосудың жылу схемасы;
11) жүйе суының температуралық кестесi мен шығыны;
12) салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан жылу жүйелерінiң баланстық және пайдалану тиесiлiлiгi және тараптардың пайдалану жауапкершілiгінiң шекаралары.
15. Техникалық шарттарды орындау тұтынушылар және олардың сараптау (жобалау) және құрылыс ұйымдары үшiн мiндетті.
Жылу желiлерiн салу жөніндегі жұмыстарды, қызметтің осы түрде лицензиясы бар, мамандандырылған ұйымдар ғана жүргiзе алады.
Техникалық шарттарды қолданудың мерзiмiн тараптар жобалаудың және салудың қолданылып жүрген нормаларын ескере отырып, уағдаластық бойынша белгiлейдi.
16. Кәсiпорындарды, үйлердi, құрылыстарды, олардың кезектерiн немесе жеке өндiрiстердi салу жобалары құрылыс алаңын таңдау және тапсырманы жобалау үшiн дайындау кезеңiнде жылумен жабдықтау энергия өндiру және энергия беру ұйымдарымен келісiледi және объектiнi жылумен жабдықтаушы ұйымның жүйелерiне қосудың техникалық шарттарында көрсетiледi.
Кәсiпорындарды, үйлердi, құрылыстарды, оның кезектерiн немесе жеке өндiрiсті жобалау кезiнде көрсетiлген техникалық шарттардан шегiну қажеттiлiгi туындаған жағдайларда бұл шегiнiстер энергия берушi ұйымдармен келісілуi тиiс.
17. Сараптау жүргiзуге белгiленген тәртiппен алынған Уәкiлетті органның рұқсаты бар сараптау ұйымдары он күн мерзiм ішінде қабылданған жобалық шешiмдерiнiң берілген техникалық ережелерге, қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестiгiн тексередi және өз қорытындыларын бередi.
Қосымша сарапшыларды тартып тексеру қажет болған жекелеген жағдайларда аталған жобалау құжаттамаларды қарау мерзiмi шарттық негiзде, бірақ бір айдан артық емеске ұзартылуы мүмкін.
Егер қаралған жобалық құжаттамаларда техникалық шарттардың немесе қолданылып жүрген нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарынан елеулi шегiнiстер анықталса, тұтынушыға қорытынды беруден негiзделген бас тарту берiледi.
Берiлген жағымды қорытындыда орындалуы мiндетті ескертпелер көрсетiлуi мүмкiн.
Беру және техникалық ережелердi қайта ресiмдеу үшiн төлем алынбайды.
4. Тұтынушылардың жылу жүйелерiн пайдалануға рұқсат беру
18. Барлық қайтадан қосылатын және қайта жаңартылатын жылу тұтыну жүйелерi жобалық құжаттамаларға сәйкес орындалуы тиiс.
19. Жылу тұтыну жүйесiн пайдалану үшiн іске қосқанға дейiн олар қабылдап алу-тапсыру сынақтарынан өтуге және қолданылып жүрген нормалар мен тәртiптерге сәйкес акті бойынша монтаж ұйымынан энергетикалық жабдықтарды пайдалануды жүзеге асырушы тұтынушылармен немесе басқа заңдық тұлғалармен қабылданып алынуға тиіс.
Тиісті дайындалған персонал болғанда және жылу шаруашылығы үшін жауапты адам тағайындалғанда ғана жылу тұтыну жүйелерін пайдалануға рұқсат беріледі.
20. Энергия беру ұйымдары жылу тұтыну жүйелерін тұрақты пайдалануға оларды сынап, мұның өзінде айқындалған ақауларды жойып, сараптау жүргізуге белгіленген тәртіппен алынған Уәкілетті органның рұқсаты бар сараптау ұйымдарының қорытындысын алғаннан кейін рұқсат береді.
5. Есептеу аспаптарын орнату және пайдалану
21. Жылу энергиясының барлық тұтынушыларының жылу жүйелері жылумен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясы үшін және/немесе оның энергиямен қамтамасыз етуші және/немесе энергия беруші ұйымдардан берілуімен есептесу үшін есепке қажетті аспаптармен қамтамасыз етілуге тиіс. Жылу энергиясын, жылу энергиясын есептеу нүктелерінің және жылу тасымалдағыштың техникалық жағдайларын есептеу ұйымдары "Жылу және жылу тасымалдағыштың энергиясын есептеу ережелерінің" талаптарына жауап беру керек.
Жылу энергиясы үшін есеп айырысулар үшін есептеу аспаптары нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орнатылуы тиіс.
22. Босатылған жылу энергиясының мөлшерін есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларды жылу желілеріне қосқан кезде, жылу энергиясының мөлшері белгіленген нормативтік-техникалық құжаттардағы тәртіппен белгіленеді.
23. Есептік есеп айырысу аспаптарын энергиямен жабдықтаушы ұйым сатып алады және орнатады. Есептік есеп айырысу аспаптары мен оларды орнату құнын тұтынушы төлейді.
Егер жылу энергиясын есептеудің есеп айырысу аспаптары жылу энергиясын және жылу тасымалдағыштарды есептеу Тәртібінің талаптарына сәйкес келмесе, онда оларды сәйкестікке келтіргенге дейін есептер энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия беруші ұйыммен уағдаластық бойынша жүргізілуі тиіс.
Есептеудің есептік аспаптарын кезеңдік тексеру, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді, қызметтің осы түріне рұқсаты бар энергия беруші немесе басқа маманданған ұйымдар тұтынушымен шарт бойынша жүзеге асырады.
Есептеудің есептік аспаптарының ақаулары анықталған немесе олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына күмән келтірілген жағдайда, тұтынушы энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымдарды ол туралы дереу хабардар етуге мiндеттi.
Балансында труба құбыры бар ұйым өлшеу диафрагмасы мен импульстiк трубкаларға, термометрлерге, манометрлерге және гильзаларға қызмет көрсетедi, ал энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушымен шарт бойынша есептiң шығын өлшегiшке қызмет көрсетедi.
Өлшеу диафрагмаларын энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымның өкiлiнiң мiндеттi түрде қатысуымен тұтынушылар орнатады.
Есептеу аспаптарын пайдалану тәртібін және жылу энергиясын есептеудi ұйымдастыру жылу энергиясын және нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына жауап беруге тиiс.
24. Жылу энергиясын босатудың есебi жылу желiлерiн бөлу шекарасында жүргізiлуге тиiс.
Есептеу аспаптары бөлу шекарасында орнатылмаған кезде, жылу энергиясы үшiн есеп айырысу бөлу шекарасынан есептеу аспаптары орнатылған орынға дейiн жүйе учаскесіндегі шығындарды ескере отырып жүргiзiледi.
Шығындарды есептеудi немесе жылу шығындарына сынақтарды жылумен жабдықтаушы ұйым тұтынушымен бірлесiп жүргiзедi.
25. Есептеу аспаптарының орнын ауыстыру және алуды, жылу энергиясы үшiн есеп айырысуларға энергия ресурстары есебiнің есеп айырысу тораптарын түгендеудi энергиямен жабдықтаушы және немесе энергия берушi ұйымның өкiлiнiң қатысуымен жылумен жабдықтаушы ұйымның есептеу аспаптарына қызмет көрсететiн персонал немесе тұтынушының персоналы жүргiзедi.
Есептеудiң есеп айырысу аспаптарына мемлекеттік кезең-кезеңмен тексеру Мемстандарт органдары белгiлеген мерзiмдерде жүргiзiлуге тиiс.
6. Тұтынушылардың жылумен пайдалану
жүйелерiн пайдалануы
26. Жылумен пайдалану жүйелерiнiң жағдайы және қызмет көрсетуi үшiн тұтынушы және энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйым арасындағы жауапкершiлiк шекарасы олардың баланстық тиесiлiгiмен айқындалады және жылумен жабдықтау немесе жылу энергиясын беру шартында немесе оған қоса берiлетiн жылу жүйелерiнiң баланстық тиесiлiлiгiн және тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiн шектеу актісiнде белгiленедi.
27. Энергия берушi ұйымдарға тиесiлi жылу құбырларында тұтынушыға тиесiлi құрылғылар немесе жабдықтар болмауға тиiс.
28. Жекелеген тұтынушыға бұрылатын жылу құбырлары, сондай-ақ жылу пункттерi, жылумен жабдықтаудың iшкi жүйелерi олардың балансында болуға тиiс.
29. Тұтынушы оның басқаруындағы жылумен жабдықтау жүйелерiнің техникалық жағдайы мен пайдалануы үшiн, және жедел-диспетчерлiк тәртiпті сақтау, сондай-ақ оның аумағында бар, бірақ энергия берушi немесе басқа ұйымға тиесілi құрылыстардың, коммуникациялардың және жылу қондырғыларының сақталуы үшiн шартты негізде жауап бередi.
30. Жылумен жабдықтауды сенiмдi қамтамасыз ету мақсатында тұтынушы:
1) нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарын сақтауға;
2) энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымның өкiлiмен бірлесе отырып, түсiргiш крандарды, арматураны, жылу энергиясын есептеу торабына дейiн орналасқан бақылау-өлшеу аспаптарын плобмалауды жүргiзуге, орнатылған пломбалардың сақталуын қамтамасыз етуге, ал оларды энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымның рұқсатымен алуды жүргiзуге;
3) шартпен белгiленген жылу энергиясын тұтынудан аспауға және жылу тұтынудың тапсырылған режимiн сақтауға мiндеттi. Жылу тұтынудың шарттық ережелерiн өзгерту қажеттiлiгi жағдайында, тұтынушы, егер шартпен басқа белгiленбесе, ол туралы он бестен аз емес күнтiзбелi күнде энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдарды хабардар етуге мiндетті;
4) барлық жылу жүйелерi мен жылу тұтынатын қондырғылардың атқару сызбалары мен төлқұжаттары, сондай-ақ оларды пайдалану жөніндегі өндiрiстiк нұсқаулар болуы;
5) жылумен жабдықтау жүйелерiне дайындалған персоналдың қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету, оның білімiн кезең-кезеңмен тексерудi өткізуге;
6) кәсiпорын аумағына Мемэнергияқадағалау органдарының өкілдерiн және энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымның персоналын кедергiсiз жiберуге. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымның персоналы тұтынушының аумағында орналасқан және энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымның балансындағы жылу қондырғылары мен жылу жүйелеріне жiберiледi.
7) энергиямен жабдықтаудың ұйымдастыру-техникалық шараларының жылдық және келешектегi жоспарларын әзiрлеуге.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым жұмыстар аяқталысымен жұмыс жүргiзiлген аумақ пен үй-жайларды тиiсті жағдайға келтіруге мiндеттi.
Жылу энергиясын тұтынушылар:
- тиiстi сападағы жылу энергиясын, шартпен көзделген көлемдерде және мерзiмдерде алуға;
- энергиямен жабдықтаушы және/немесе энергия берушi ұйымнан сапасыз жылу энергиясын толық босатпаумен немесе босатудан туындаған шығындарды өтеудi талап етуге;
- жылу энергиясын босатумен және тұтынумен байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына өтiнiш жасауға құқылы.
7. Тұтынушыларға жылу энергиясын берудi шектеу
және тоқтату ережелерi
31. Энергиямен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясын босатуды тұтынушымен жасасылған жылумен жабдықтау шартына сәйкес жүргiзедi.
32. Энергиямен жабдықтаушы ұйым, тұтынушыларға алдын ала ескертiп:
1) жылумен жабдықтау және беру шартымен көзделген;
2) шартпен белгiленген мерзiмдерде жылу энергиясы үшiн төлем құжатын төлемеу;
3) жылу жүйесiне жаңа қуаттар мен қосымша қосалқы абоненттердi өз бетiмен қосу;
4) есептеу аспаптарына орнатқанға дейiн жылу тұтыну жүйелерiн қосу;
5) жылумен жабдықтаушы ұйымның келісімiнсiз шартпен белгiленген ең жоғары сағаттық жүктемелерден асу;