6. ?кімет енгiзетiн Президент кесiмдерiнiң
жобаларын дайындау
50. Үкiмет енгiзетiн Президент кесiмдерiнiң жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиiстi орган жүзеге асырады.
Президент кесiмдерiнiң жобалары Президент Әкiмшiлiгiне Үкiмет қаулыларымен не Премьер-Министрдiң немесе оны алмастырушы адамның хаттарымен енгiзiледi. Бұл ретте, әдетте, Президент Әкiмшiлiгi бұрын жетiлдiру үшiн қайтарған жобалар хаттармен қайта енгiзіледi.
Президент кесiмдерiнiң жобаларын келiсу кесiм жобасы мәтiндерiнiң (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) түпнұсқаларына қол қойып (бұрыштама қою) және/немесе оның келiсу парағына бұрыштама қойып бекітуден тұрады.
51. Үкiмет Президент Әкiмшiлiгiне енгiзетiн, мемлекеттік және орыс тілдерiнде дайындалған Президент кесiмдерiнiң жобалары мыналарды қамтуға тиiс:
1) белгіленген тәртiппен Үкiмет мөрiмен куәландырылған Президент кесiмiнiң жобасын енгізу туралы Үкiмет қаулысының көшiрмесi немесе Премьер-Министрдiң не оны алмастырушы адамның Президентке жолданған хатының түпнұсқасы;
2) Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам, Кеңсе Басшысы, Әдiлет министрi және жобаны әзiрлеушi мемлекеттік орган басшысы бұрыштама қойған тиiстi бланкідегi Президент кесiмiнiң жобасы. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттік орган басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам Президент кесiмiнiң жобасы мен оған қосымшалардың әр парағына алдын ала қол қоюы тиiс. Басқа да келiсушi органдардың басшылары жобаның келiсу парағына бұрыштама қояды. Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам және Кеңсе Басшысы бұрыштама қойған тиiстi бланкідегi Президент кесiмiнiң жобасына, егер Кеңсенiң жобаны бланкiге көшiруi кезiнде оған елеулi өзгерістер енгiзілмесе, әзiрлеушi орган басшысы мен Әдiлет министрінің бұрыштамасы бар жай қағаз парағында ұсынылған, Үкiметке енгiзiлген Президент кесiмiнiң жобасын қоса беруге рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда Кеңседегi жобаның өтуiне жауапты құрылымдық бөлiмшенiң басшысы Президент кесiмiнiң жобасы мен оған қосымшалардың әр парағына алдын ала қол қоюы тиiс;
3) Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам қол қойған, көлемi 3 парақтан, ал күрделi мәселелер бойынша - 5 парақтан аспайтын түсiндiрме жазба, онда мәселенiң мәнi мен Президент кесiмiн қабылдау қажеттiгiнiң, оның iшiнде қаржы-экономикалық негiздемесi, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған Президент кесiмдерiнiң тiзбесi және олардың орындалуы туралы ақпарат, осы жобаны қабылдаудан күтiлетiн салдарлардың болжамы жазылады;
4) егер Президент кесiмiнiң енгiзiлетiн жобасымен Президенттiң қолданыстағы кесiмдерiне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетiн болса, әзiрлеушi мемлекеттік орган басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның әр парағына алдын ала қолы қойылған Президент кесiмiнiң бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесi;
5) Президент Әкiмшiлiгi белгiлеген нысан бойынша жасалған Президент кесiмiнiң жобасын келiсу парағы;
6) өзге де қажеттi материалдар.
52. Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам не Кеңсе Басшысы Үкiметке тапсырмалар қамтылатын Президент кесiмi күшiне енген күнiнен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде осы тапсырмалардың орындалуы үшiн жауапкершiлiк жүктелетiн лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды айқындайды.
7. ?кіметтiң заң шығару қызметi
53. Үкiметтiң заң шығару қызметi Үкiметтiң Заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрi - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
54. Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру Президенттiң тапсырмалары, Үкiметтiң Бағдарламасы, мемлекеттік бағдарламалар және Үкiмет бекiтетiн бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ Премьер-Министрдiң шешiмдерi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Жоспар заң жобаларының, соның iшiнде заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдарды, нақты заң жобаларын Әдiлет министрлігіне, Үкiметке және Қазақстан Республикасының Парламентiне (бұдан әрi - Парламент) енгізу мерзiмдерiн, сондай-ақ заң жобаларын әзiрлеу мен енгізу үшiн жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудi көздейтiн заң жобаларының тiзбесiн білдiредi.
55. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әдiлет министрлігі мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi Ведомствоаралық комиссия) ұсыныстарының негiзiнде қалыптастырады және жыл сайын 1 қарашаға дейiн ?кімет қаулыларының жобаларын енгізу үшiн белгiленген тәртiппен Үкiметке ұсынады. Бұл ретте Әдiлет министрлігі Жоспардың жобасына енгiзiлген әрбір заң жобасын әзiрлеу қажеттiгiнiң негiздемесiн қамтитын анықтаманы Жоспардың жобасына қоса бередi.
Жоспарға қандай да бір заң жобасын енгізу үшiн - Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысының, ал халықаралық ұйымдарға кіру және олардан шығу, халықаралық шарттарға қосылу мәселелерi бойынша заң жобаларын Жоспарға енгізу қажет болған жағдайда - Сарапшылық кеңестiң қорытындысының болуы мiндеттi шарт болып табылады.
56. Жоспарды Президентпен келiсу Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсу ережелерiн бекіту туралы" 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
57. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзiмдерiн ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған толықтыру енгізу туралы мәселелер заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның өтiнiшi бойынша алдын ала Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады. Мемлекеттік орган Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ?кімет қаулысының жобасын енгiзген кезде түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде Ведомствоаралық комиссияның осы мәселе жөніндегі негіздемесі мен шешiмi көрсетiледi.
Ведомствоаралық комиссиямен мемлекеттік және ?кіметтiң өзге де бағдарламалары, тұжырымдамалары, iс-шаралары жобаларының нормалары (ережелерi) заң жобаларын қамтамасыз ету бөлiгiнде келісіледi.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудiң жаңа тетiктерiн енгізу перспективалық Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізумен қатар жүргiзiлуге тиiс.
58. Перспективалы және ағымдағы Жоспарлардың орындалуын жалпы бақылауды Әдiлет министрлігі жүзеге асырады.
Әдiлет министрлігі ай сайын ?кіметтiң заң жобалау қызметiнiң барысын қорытады және есептіден кейiнгi айдың 1-күнiне ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есептi, оның iшiнде жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуi туралы ақпаратты ұсынады.
Жоспарланған заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерi бұзылған кезде Кеңсе Әдiлет министрлігі ақпаратының негiзiнде Премьер-Министрге заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiнiң бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар енгізуi мүмкiн.
59. Жоспардан тыс заң жобалары - Ведомствоаралық комиссиямен, ал халықаралық ұйымдарға кіру және олардан шығу, халықаралық шарттарға қосылу мәселелерi бойынша - Сарапшылық кеңеспен алдын ала келісілуге тиiс, олардың оң қорытындылары заң жобаларын белгiленген тәртiппен Үкiметке енгізу үшiн негiз болады.
60. Заң жобаларын әзiрлеудiң және ұсынудың сапасы, уақтылылығы үшiн Жоспарда көрсетiлген лауазымды адамдар жеке жауапкершiлiкте болады.
61. Жоспардың негiзiнде заңдардың жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдар белгiленген мерзiмдерде заң жобаларын Кеңсеге осы заң жобаларын Парламенттiң Мәжілісiне енгізу туралы Үкiмет қаулыларының жобаларымен бірге енгiзедi.
Көрсетiлген жобаларды ресiмдеудi дайындау, келiсу, дауыс беру және енгізу, сондай-ақ олар бойынша келiспеушiлiктердi қарау тәртібі "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң Регламентiнде және осы Регламентте көзделген ерекшелiктерiмен бірге Үкiмет қаулыларының жобаларын енгізу үшiн белгiленген тәртiпке ұқсас.
Үкiметтiң Парламенттiң қарауына енгiзетiн заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте оларды қабылдаудан күтiлетiн салдарлар экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қатер тудыруы мүмкiн заңнамалық кесiмдер жобалары мiндеттi экологиялық сараптамадан өтуi тиiс. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттік органдармен келiскенге дейiн жобаға тиiстi сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды мiндеттi түрде Кеңсеге заң жобасының басқа да материалдарымен бірге мемлекеттік және орыс тiлдерiнде ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 635 қаулысымен 62-тармақ өзгертілді
62. Үкiметтiң Парламент Мәжілісiне енгiзетiн заңдарының жобаларын Президент Әкiмшiлiгiмен келiсу Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгімен келiсу ережелерiн бекіту туралы" 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Президент Әкiмшiлiгiмен:
1) Парламентте қаралуы Президент атынан шұғыл немесе басымдықты болып жоспарланатын заң жобалары. Президенттiң, соның iшiнде Үкiметтiң бастамасы бойынша заң жобаларын шұғыл немесе басым деп жариялау Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;
2) ?кімет Президенттiң тапсырмасы бойынша әзiрлеген және Парламент Мәжілісiне енгізуi тиiс заң жобалары;
3) конституциялық заңдардың, кодекстердiң жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстердi өзгертуге және толықтыруға бағытталған заң жобалары;
4) жергiлiктi мемлекеттік басқаруды және жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды, елiмiздiң саяси және сайлау жүйелерiн жетiлдiруге бағытталған заң жобалары;
5) қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтiн заң жобалары мiндеттi түрде алдын ала келісілуге тиiс.
Президент Әкiмшiлiгiнiң онымен келісілетiн заң жобалары бойынша ескертулерi толық ескерiлмейтiн жағдайда, Кеңсе бұл туралы Президент Әкiмшiлiгiн хабардар етедi.
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 635 қаулысымен 62-1-тармақпен толықтырылды
62-1. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен басым деп белгiленген заң жобаларын (бұдан әрi басым заң жобалары) әзiрлеушi мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын заң жобасы басым деп белгiленген күннен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізуi тиiс. Бұл ретте басым заң жобаларын мемлекеттік органдармен келiсудің мерзiмдерi олардың түскен күнiнен бастап 5 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келісілгеннен кейiн Үкiмет басым заң жобаларын 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 635 қаулысымен 62-2-тармақпен толықтырылды
62-2. Шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074
Жарлығымен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесінiң 1-тармағына сәйкес Үкіметке немесе тиiстi мемлекеттік органға хабарлама келiп түскеннен кейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Кеңсеге енгізуi тиiс. Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттік органдармен келiсудің мерзiмдерi олардың түскен күнiнен бастап 3 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келісілгеннен кейiн Үкiмет шұғыл деп жариялау жоспарланған басым заң жобасын 7 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 635 қаулысымен 62-3-тармақпен толықтырылды
62-3. Қазақстан Республикасының Президентi шұғыл деп жариялаған заң жобасы Парламентте Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауы жария етiлгеннен немесе осы жолдау Қазақстан Республикасының Парламентіне жолданғаннан кейiн келесi күннен кешiктiрiлмей Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгiзіледi.
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 635 қаулысымен 63-тармақ өзгертілді
63. Кеңседе басым заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланған, Кеңседе өту мерзiмдерi 10 күнтiзбелiк күннен (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн) аспауға тиiс заң жобаларынан басқа, заң жобаларын сараптау және олар бойынша қорытындылар дайындау Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 10 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады. Осы Регламентте көзделген негiздемелер бойынша Кеңсе заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органға заң жобаларын жетiлдiру үшiн қайтаруы мүмкiн.
64. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгiзiлетiн материалдар мемлекеттік және орыс тілдерiнде дайындалған:
1) заң жобасын, ал қажет болған кезде қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы не негiзгi жобаның қабылдануына байланысты заңнамалық кесiмдердiң күшi жойылды деп тану туралы заңдардың жобаларын және заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы әрбір бетiне алдын ала қол қойған, Үкiмет қаулылары үшiн осы Регламентте белгiленген тәртiппен келісілген (бұрыштама соғылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілісiне енгізу туралы Үкiмет қаулысының жобасын;
2) осы Регламенттiң 26-тармағының талаптарына сәйкес дайындалған ?кімет қаулысының жобасына түсiндiрме жазбаны;
3) заң жобасының мақсаттарының, мiндеттерi мен негiзгi ережелерiнiң өрiстетілген сипаттамасы, қажет болған кезде заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы әрбір парағына алдын ала қол қойған қаржы-экономикалық есептердi және статистикалық деректердi қоса бере отырып, жобаны қабылдаудың ықтимал салдарының болжамы бар жобаны қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесi мен заң жобасына (заң жобаларына) түсiндiрме жазбаның (жазбалардың) жобасын;
4) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсу парағын (парақтарын);
5) заң жобасының (заң жобаларының) ғылыми сараптамасының нәтижелерi бойынша қорытындыны (қорытындыларды);
6) заң жобасын (заң жобаларын) әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы қол қойған iлеспе хатты қамтиды, бұл ретте ?кімет қаулысының әрбір жобасы жеке iлеспе хатпен енгiзiледi;
7) қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудi көздейтiн заң жобасына заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы әрбір парағына алдын ала қол қойған және қолданыстағы заңнамалық кесiмнiң бұрынғы және жаңа редакциядағы қол қойылған салыстырма кестесi қоса берiледi;
8) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды бекітуге Парламентке енгізу туралы заң жобасына Сыртқы iстер министрлігі куәландырған, мемлекеттік, орыс және оларға қол қойылған өзге де тiлдердегi бекітуге енгiзілетiн құжаттардың көшiрмелерi қоса берiледi;
9) белгiленген нысандағы анықтама парақты қамтиды.
Кеңсеге енгiзілген, олар бойынша мемлекеттік органдардың ескертулерi бар заң жобалары осы мәселелерге жетекшілiк ететiн Премьер-Министрдiң орынбасарында өтетiн мәжілісте мiндеттi түрде қаралады, оның нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Талқыланатын мәселе бойынша мәжілістерде келісімге қол жеткiзiлмеген жағдайда Премьер-Министрдiң орынбасары заң жобасы бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн бұл туралы Премьер-Министрдi хабардар етедi.
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 635 қаулысымен 64-1-тармақпен толықтырылды
64-1. Заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдар оларды Yкіметке енгізу кезiнде нақты заң жобасын қарауды басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау туралы ұсынысты бір мезгiлде енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсiндiрме жазба, соның iшiнде оны басым деп белгiлеу немесе шұғыл деп жариялау қажеттілігiнiң негiздемесiн қамтуы тиiс.
Үкiмет оның әзiрлеп жатқан заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң жобасын басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi. Бұл ретте ?кіметтiң ұсынысына тиiстi заң жобасы мен Парламенттiң заң жобасын қарауын басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау қажеттілігінiң негiздемесi бар және заң жобасының нақты мақсаттары мен оның шешетiн мiндеттерiн ашатын түсiндiрме жазба қоса берiлуге тиiс.
65. Кеңседе заң жобасы бойынша сараптама жүргiзiлгеннен және қорытынды дайындалғаннан, сондай-ақ ол Премьер-Министрдiң орынбасарларымен келісілгеннен кейiн Үкiмет қабылдайтын шешiмдердiң заңдылықты сақтауын қамтамасыз ету мақсатында заң жобасы, әдетте, Үкiметтiң кезектi мәжілісiнiң қарауына шығарылады. Үкiмет мәжілістерiнiң арасында нақты заң жобасын Парламентке шұғыл енгізу қажет болған жекелеген жағдайларда, ол ?кіметтiң мәжілісiне шығарылмай, Кеңсе осы Регламенттiң 34-тармағында көзделген тәртiппен Үкiмет мүшелерiне дауыс беруге жiбередi.
66. ?кіметтiң бастамашылығы бойынша Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлетiн заң жобаларының түпнұсқаларына мiндеттi түрде: заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның басшысы, Әдiлет министрi, Кеңсе Басшысы, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысының арасындағы мiндеттердi бөлуге сәйкес Премьер-Министрдiң заң жобасында қаралатын мәселелерге жауап беретiн тиiстi орынбасары және Премьер-Министр не оның мiндетiн атқарушы адам бұрыштама қояды. Үкiмет бланкiсiне шығарылған заң жобасына түсiндiрме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және Премьер-Министр не оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
67. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары, оның iшiнде мемлекеттік кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтiн заң жобалары бойынша Үкiмет Парламентке мемлекеттік және орыс тілдерiнде қорытынды ұсынады.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкiметке келiп түскен заңнамалық кесiмдердiң жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиiс. Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 15 күн мерзiмде не Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгiленген одағы қысқа мерзiмде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
Қорытындының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетiн қатынастар құзыретiне енетiн мемлекеттік орган әзiрлейдi. Қорытындының жобасы форматы A4 жай парақта дайындалады және мiндеттi түрде Әдiлет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерiмен келісіледi (олардың басшылары бұрыштама қояды). Қажет болған кезде әзiрлеушi қорытындының жобасына мемлекеттік кiрiстердi қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды арттыру бөлiгіндегі қаржы-экономикалық есептердi қоса бередi. Қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік орган, егер Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасында өзге мерзiм белгiленбесе, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 25 күн мерзiмнен кешiктiрмей Кеңсеге оның келісілген жобасын, оның iшiнде магниттiк жеткiзгiшпен енгізуге тиiс.
68. Қорытынды жобасын Кеңседе сараптаудан кейiн оның түпкiлiктi нұсқасын Кеңсе Премьер-Министрдiң немесе оны алмастырушы адамның қолымен Үкімет бланкiсiне шығарып ресiмдейдi. ?кімет қорытындысы оның ұжымдық заңды пiкiрiн бiлдiруi тиiстiгiне байланысты ол Үкiмет қаулысымен немесе оның мәжілісi хаттамасымен мақұлданғаннан не оған Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi бұрыштама қойғаннан кейiн ғана Парламентке жiберiлуi мүмкін.
69. Үкiмет енгiзген заңдардың жобаларын Парламентте ұсынушы өкiлеттi адамдардың оларды Парламенттiң қарауы кезiнде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кірiстердi қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкiметтiң рұқсатынсыз келісім бiлдiруiне тыйым салынады. Бұл ретте Парламентте тиiстi заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірiншi басшылары көрсетiлген өзгерістер мен толықтырулар туралы Кеңсеге дереу жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Парламентте тиiстi заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірiншi басшылары Үкiметпен келiсусiз көрсетiлген өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге келiскенi үшiн жауапты болады.
Парламент депутаттары Үкiметпен келісілмеген көрсетiлген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салған жағдайда заңдардың жобаларын ұсынушы адамдар мәжілістiң стенограммасында өздерiнiң қарсылықтарын көрсетудi талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға мiндеттi. ?кімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгiзген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтыруларды заң жобасын әзiрлеушi салыстырмалы кесте түрiнде қысқаша түйiнiмен Кеңсеге жiбередi, оларды Кеңсе осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкiметтiң бірыңғай ұстанымын анықтау үшiн Әдiлет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерiне, сондай-ақ басқа да мүдделi мемлекеттік органдарға жiбередi.
70. Үкiмет енгiзген заңдардың жобаларын Парламентте ұсынушы өкiлеттi адамды (заң жобасы бойынша баяндама жасаушыны) ауыстыру қажет болған кезде Премьер-Министрдiң не оның қаралып отырған заң жобасы құзыретiне жататын орынбасарының қолымен Парламентке тиiстi хат жiберiледi.
71. Парламентте Үкiмет шешiмiнiң өтуiн бақылауды Үкiметтiң Парламенттегi Өкiлдiгi (бұдан әрi - Өкiлдiк) жүзеге асырады.
Өкiлдiк Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын Үкiмет енгiзген заң жобаларының өтуi және Парламент қарайтын әрi Үкiметтiң қызметiне қатысы бар басқа да мәселелер туралы тұрақты түрде хабардар етiп отырады.
72. Үкiметтiң Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкiметтiң қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгiленген тәртiппен заң жобасын әзiрлеушi енгiзедi.
73. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолымен бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік орган (немесе оның құзыретiнiң күшiне орай) Әдiлет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерiмен келісім бойынша заң қабылданған күннен бастап үш күн мерзiмде қорытынды жасалады және Кеңсеге жiберiледi, онда мынадай:
1) ?кімет бастамашылық жасаған заң жобасын Парламентте қарау кезiнде депутаттар енгiзген өзгерістер мен толықтырулар туралы;
2) қабылданған заңда Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге қайшылықтардың бар екендiгi туралы және оған байланысты қосымша қаржы шығыстары туралы;
3) заңды Премьер-Министрдiң қолымен бекітудiң мүмкiндiгi туралы ақпарат айтылады. Осы тармақта көзделген рәсiмдердiң орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.
74. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттік орган (немесе оның құзыретiнiң күшiне орай) заңнамалық кесiм күшiне енген (қолданысқа енгiзiлген) күннен бастап 15 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде Кеңсеге мыналарды:
1) қабылдануы осы заңнамалық кесiмге негiзделген нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етiп мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) белгiлеудi;
2) нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен енгізудiң екi айдан аспауы тиiс және өкiмнiң жобасында қамтылатын өзге де тапсырмаларды орындаудың нақты мерзiмдерiн;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың кесiмдерiн қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық кесiмге сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейтiн, белгiленген тәртiппен келісілген Премьер-Министр өкімінiң жобасын енгiзедi.
75. Бұған дейiн заңнамалық кесiммен реттелген қатынастар бойынша заң жобаларын әзiрлеу туралы ұсыныстар алдын ала Ведомствоаралық комиссияның отырысында, кейiннен Үкiметтiң мәжілісiнде қаралады.
8. Прокурорлық ден қою актілерін қарау кезiнде
орталық атқарушы органдардың өзара
iс-қимыл жасау тәртібі
76. ?кіметтiң атына жiберiлген прокурорлық ден қою актілерін қарауды Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша прокурорлық ден қою актiсiнiң мәнiсi болған мәселелер құзыретiне енетiн мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әдiлет министрлігі тиiстi мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетедi.
77. Прокурорлық ден қою актiсiн қарау тапсырылған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрi - Бас прокуратура) Үкiмет жауабының жобасын және қажет болған жағдайда ?кімет шешiмдерiнiң жобаларын дайындайды, прокурорлық ден қою актiсiнен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.