“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 175 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 39, 520-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "департаменттерi" деген сөз "басқармалары" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақта:
мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласында:
1) тармақшада:
"белгiлеудiң" деген сөз "есептеудiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
"(бағаларды, алым ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мемлекеттік саясатты iске асыру саласында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге арналған өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзудi;";
мемлекеттік саясатты iске асыруды бақылау саласында:
2) тармақшада:
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"табиғи монополия субъектiсiнiң ол үшiн "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етiлген өзге қызметтi жүзеге асыруына;";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң) он пайыздан астамын жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе тұлғалар тобының) сатып алуына;
мүлiктiк жалдау шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен шарттардың бұзылуына, үзілiссiз байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемiнiң үзiлуiне не едәуiр төмендеуiне әкелiп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмде ескерiлген теңгерiмдiк құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмге сәйкес оның активтерiнiң теңгерiмдiк құнының 0,05 пайызынан асатын реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеудiң кемсiтпеушiлiк әдiстемелерiн қолдануды;";
5) тармақшада:
"(бағаларды, алым ставкаларын)", "(бағаға, алым ставкасына)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн", "немесе оның шектi деңгейiне" деген сөздермен толықтырылсын;
"енгізумен" деген сөзден кейiн "тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдаланумен, тарифтiк сметаның шығын баптарын атқарудың бекітілген мөлшерiнен бес пайыздан астам ауытқуымен" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша "(бағаларды, алым ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша алынып тасталсын;
11-тармақта:
1) тармақшадағы "Табиғи монополия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын субъектілердi Табиғи монополиялар субъектілерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердi табиғи монополиялар субъектілерi мемлекеттік тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "реттейтiн" деген сөзден кейiн "және бақылайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
"табиғи монополия" деген сөздер "табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"реттейтiн" деген сөзден кейiн "және бақылайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайда, орындауға мiндетті нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлiктi иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;";
10) тармақша "тұтынушылармен" деген сөздiң алдынан "реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды)" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын өзгертуге бастамашылық жасауға;";
12) тармақша алынып тасталсын;
14) тармақшадағы "қызметтерiне" деген сөз "реттелетiн қызметтерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тізбесiнде мәтiндегi "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |