Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысы
(2006.22.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының үш орынбасары болады деп белгiленсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 шiлдедегi № 743 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 27, 350-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен мәтіндегі «табиғи монополия субъектілерінің», «табиғи монополия субъектілеріне» деген сөздер тиісінше «табиғи монополиялар субъектілерінің», «табиғи монополиялар субъектілеріне» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi (бұдан әрi - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкiметінің құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi табиғи монополиялар субъектілерінің қызметiн бақылау мен реттеу, табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiн жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, табиғи және мемлекеттік монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң тәртiбін бақылау, өз қызметiн мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындардың қызметін реттеу мен бақылау салаларында мемлекеттік саясатты iске асыру болып табылады.
Агенттiктiң аумақтық органдары - заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша басқармалары бар.
2. Агенттiк өзiнiң қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, ?кіметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк туралы Ереженi, жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
4. Агенттiк заңды тұлға - ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеме болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің қазынашылық органдарында ашылатын шоты, өзiнiң атауы мемлекеттік және орыс тілдерiнде жазылған бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады.
Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Агенттiк өзiнiң мемлекеттік өкiлеттiктерінің шеңберiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзiнiң құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар нысанында Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндетті күші бар кесімдер шығарады.
6. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Бөкейхан көшесi, 14.
7. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi" мемлекеттік мекемесi.
Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен кiрiстер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы бepiлce, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Агенттiктiң негiзгi функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Агенттiктiң стратегиялық функциялары:
1) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты пысықтауды;
2) мемлекеттік монополия саласындағы мемлекеттік саясатты пысықтауды;
3) табиғи монополиялар туралы заңнаманы жетілдiру жөнiнде нормативтік құқықтық кесiмдер мен ұсыныстар әзiрлеудi;
4) табиғи монополиялар субъектілерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
10. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды:
мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласында:
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) табиғи монополия саласында тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеудiң кемсiтпеушілік әдіснамаларын әзiрлеудi және бекітудi;
2) мемлекеттік мекемелер монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге бағалар есептеу әдіснамасы мен белгілеу ережелерiн әзiрлеудi;
мемлекеттік саясатты iске асыру саласында:
1) өз құзыретiнiң шегінде табиғи монополиялардың, тауар рыногының жұмыс iстеуiне, баға түзу мен тұтынушылардың мүдделерiн қорғау мәселелерiне қатысты заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердің жобаларына сараптама жасауды жүзеге асыруды;
2) Қазақстан Республикасы ?кіметінің шешiмдерi бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруды;
3) өз құзыретiнің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы iстердi қарауды және олар бойынша шешiмдер қабылдауды;
4) Табиғи монополиялар субъектiлерінің мемлекеттік тiркелiмiн, Мемлекеттік органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттік тiркелiмiн қалыптастыруды және жүргiзудi;
5) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруды;
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге арналған өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзудi;
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 7),8) және 9) тармақшалармен толықтырылды
7) табиғи монополия субъектісінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекітуді;
8) табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісімі бойынша;
9) табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісімі бойынша бекітуді;
мемлекеттік саясатты iске асыруды бақылау саласында:
1) өз құзыретiнiң шегінде жұмыстарды жүргiзудi және мемлекеттік құпияларды қорғауды;
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 (бұр. ред. қара); 2006.22.09. № 900 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2) тармақша өзгертілді
2) мыналарға:
табиғи монополия субъектiсінің акцияларды (үлестердi) сатып алуына, сондай-ақ өзiне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы Заңымен рұқсат етілген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге нысандармен оның қатысуына;
егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген, иеліктен шығарылатын мүліктің не оған қатысты өзге мәмілелер жасалатын табиғи монополия субъектісі мүлкінің теңгерімдік құны, ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнынан 0,05 пайыз асып түссе, олар табиғи монополия субъектісі тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) немесе реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) олардың шекті деңгейлерінің артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, үздіксіз байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) үзілуіне не олардың көлемдерінің едәуір төмендеуіне алып келген жағдайда, табиғи монополия субъектісінің мүлкін иеліктен шығаруды және (немесе) онымен өзге де мәмілелер жасауды;
табиғи монополия субъектiсінің оларға тасымалданатын немесе берiлетiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өзiнiң тұтынуы үшін емес сатып алуына;
табиғи монополия субъектiсiнiң ол үшiн "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етiлген өзге қызметтi жүзеге асыруына;
табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзетiн сатып алуға;
шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдануы сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнiң iс жүзiндегі шығындарына;
табиғи монополиялар субъектілерiнің қайта ұйымдастырылуына және таратылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды;
табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң) он пайыздан астамын жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе тұлғалар тобының) сатып алуына;
мүлiктiк жалдау шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен шарттардың бұзылуына, үзілiссiз байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемiнiң үзiлуiне не едәуiр төмендеуiне әкелiп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмде ескерiлген теңгерiмдiк құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерiмге сәйкес оның активтерiнiң теңгерiмдiк құнының 0,05 пайызынан асатын реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;
3) табиғи монополиялар субъектiлерiнің шығындарын қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдануды;
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеудiң кемсiтпеушiлiк әдiстемелерiн қолдануды;
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) табиғи монополия субъектiсiнің тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн заңсыз көтерумен және (немесе) iс жүзiнде орындалмаған жұмыс құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгізумен тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдаланумен, тарифтiк сметаның шығын баптарын атқарудың бекітілген мөлшерiнен бес пайыздан астам ауытқуымен келтiрiлген залалды тұтынушыларға өтeу үшін уақытша өтемдiк тарифтi бекіту туралы шешiм қабылдауды;
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) табиғи монополия субъектiсiнің тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге немесе өзгертуге арналған өтiнімдерiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеудi;
7) ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтерiне) және мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелер көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекітудi;
9) уақытша төмендету коэффициентін белгiлеудi;
10) өз құзыретiнiң шегiнде реттелетiн салалардағы бәсекелес ортаның дамуына жәрдем көрсетудi жүзеге асырады.
11. Агенттiк өз құзыретiнің шегiнде міндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 (бұр. ред. қара); 2006.22.09. № 900 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1) тармақша өзгертілді
1) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердi Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы не одан шығару туралы шешім қабылдауға;
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен 2) тармақша толықтырылды
2) табиғи монополиялар субъектілерiнің қызметiн заңнамалық кесiмдерге сәйкес реттейтiн және бақылайтын шешiм қабылдауға;
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) табиғи монополиялар субъектілерi үшін мiндеттi мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүргiзу, өзгерту немесе тоқтату туралы шешім қабылдауға;
4) өз құзыретiнің шегiнде табиғи және мемлекеттік монополиялар саласындағы тәртіп бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы заңнаманы бұзу фактілерi бойынша шешім қабылдауға;
5) табиғи монополиялар субъектiлеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiнде белгiленген жағдайларда табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындауға мiндетті нұсқамалар енгізуге;
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайда, орындауға мiндетті нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлiктi иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;
7) өз құзыретiнің шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою мақсатында талаппен сотқа жүгiнуге, оларды қарауға қатысуға;
8) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергіліктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету талаптарын сақтай отырып, өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
9) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн өзiнiң бастамашылығы бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары мен олардың билiгiндегі өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың, мүдделi тұлғалардың жазбаша мәлiмдемелерi мен хабарламаларының және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде қарауға;
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен 10) тармақша толықтырылды
10) табиғи монополия субъектiлерi реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзірлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекітуге ұсынуға;
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын өзгертуге бастамашылық жасауға;
12) ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13) табиғи монополия субъектiсінің тарифтік сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 (бұр. ред. қара); 2006.22.09. № 900 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 14) тармақша өзгертілді
14) табиғи монополия субъектiсiнің реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) қолданысын «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екі айдан кем емес мерзiмге белгiлеуге;
15) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшiн мiндетті шешiмдер беруге және нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
16) тарифтердi тiкелей немесе уақытша төмендету арқылы зиянды және (немесе) залалдарды өтеу туралы өз құзыретiнiң шегінде шешiм қабылдауға;
17) Агенттiктiң мәжілістерiнде мемлекеттік органдардың және мемлекеттік монополияға жатқызылған саладағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
18) Агенттiктiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
19) ғалымдар мен мамандардың, Агенттiк қызметкерлерінің, мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектiлерi өкілдерiнің арасынан сараптамалық кеңес құруға;
20) тексерiстер мен сараптамалар өткiзуге басқа ұйымдардан мамандар тартуға;
21) өзiнiң өкiлеттіктерi мен функцияларының бір бөлiгiн аумақтық органдарға беруге;
22) мемлекеттік органдарға өз құзыретiнің шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын, олар қабылдаған кесiмдердiң күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн материалдар мен нормативтік құқықтық кесiмдердi прокуратура органдарына жіберуге;
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 24) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
24) өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiне тексерулер жүргізуге;
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 қаулысымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу құралдарын сатып алғаны және орнатқаны үшін ақы алудың мөлшері мен тетігін келісуге құқылы.
3. Агенттіктiң мүлкі
12. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Агенттiктiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүліктен тұрады.
13. Агенттiкке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Агенттiктiң өзiне бекітіп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Агенттiктің қызметiн ұйымдастыру
15. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
16. Агенттiк төрағасының төрағаның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары болады.
17. Агенттiктiң төрағасы Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады.
18. Осы мақсатта Агенттiктiң төрағасы:
1) бұйрықтар шығарады;
2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн айқындайды;
3) Агенттіктің орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Агенттiктiң атынан өкiлдiк етедi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктiң қызметкерлерiне және аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына тәртіптiк жазалар қолданады және оларды көтермелейдi;
7) сараптамалық кеңестердiң жеке құрамын бекiтедi;
8) Агенттiктiң құзыретiне кiретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
19. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады.
5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Агенттікті ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 175 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттiгiнiң аумақтың органдары -
мемлекеттік мекемелерiнiң
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнің Ақмола облысы бойынша басқармасы
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша басқармасы
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгінiң Алматы облысы бойынша басқармасы
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң Атырау облысы бойынша басқармасы
5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгінiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнің Жамбыл облысы бойынша басқармасы
7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы
8. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнің Қарағанды облысы бойынша департаменті
9. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінiң Қостанай облысы бойынша басқармасы
10. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы
11. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы
12. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң Павлодар облысы бойынша басқармасы
13. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті
14. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгінiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы
15. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша басқармасы
16. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігiнiң Алматы қаласы бойынша басқармасы