Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 1 наурыздағы № 190 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 7.1.1-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай өзгеріс енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д: Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 1 наурыздағы № 190 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
РЕГЛАМЕНТI
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі (бұдан әрi - ?кімет) Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық етедi.
2. ?кіметтiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы Регламентпен реттеледi.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi (бұдан әрi - Премьер-Министр) мен Үкiметтің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi - Кеңсе) жүзеге асырады.
4. Құпия және құпия емес iс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргiзудi, Үкiметке немесе оның басшылығына арналған хат-хабарларды, соның iшiнде әртүрлi байланыс және деректер беру арналары бойынша келiп түсетiн хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Кеңсе Үкiмет белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
5. Соттарда Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша ?кімет пен Премьер-Министрдiң мүдделерiн бiлдiрудi және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша конституциялық iс жүргiзуге қатысуды талқылау мәнi болған мәселелер құзыретiне енетiн мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әдiлет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетедi.
6. Үкiметтің нормативтiк құқықтық кесiмдерiне ресми түсiнiктеме берудi Үкіметтің немесе Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады.
7. Үкiметтің құзыретiне енетiн кадр мәселелерiн шешу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кiрiс хат-хабарларын қарау
8. Үкіметке немесе оның басшылығына жолданған хат-хабарларды Кеңсе алдын ала қарайды.
Орталық және жергілiкті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша ?кіметтiң немесе Премьер-Министрдiң шешiмдер қабылдауын талап етпейтiн мәселелер бойынша Үкiметке немесе оның басшылығына жолданған заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтiнiштерiн Кеңсе кейiннен авторына хабарлай отырып, мәселенің мән-жайы бойынша қарау үшiн тиiстi органға жiбередi.
Сондай-ақ Кеңсенiң қарауынсыз:
тиiстi атқарушы органдарға мемлекеттік органдардың, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң немесе жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң Үкiмет немесе Премьер-Министр шешiмдерiнiң қабылдануын талап ететiн, оның iшiнде республикалық бюджеттен және Үкiметтiң резервiнен қаражат бөлу туралы, бірақ өтiнiштерде көтерілетiн мәселелер құзыретіне енетiн орталық атқарушы органдарда пысықталмаған өтініштері;
облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне тиiсiнше аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң, Астана және Алматы қалаларының аудандары әкiмдерiнiң, аудандық маңызы бар қалалар аудандары әкiмдерінің, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиiстi мемлекеттік органдармен келiсілмеген өтініштерi жiберiледi.
Кеңсе Үкiметке, Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған мемлекеттік органның (ұйымның) бірiншi басшысы немесе бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметке, ?кіметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға қол қойған құжаттарды қабылдайды. Өзге жолданған және басқа лауазымды тұлғалар қол қойған құжаттар қабылданбайды.
Кеңсе жабық конверттердегі хат-хабарларды (құпия, кадр мәселелерi бойынша және басқа қаладан келгендердi қоспағанда), сондай-ақ осы Регламенттің және "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қабылдамайды.
9. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары өздерiне келiп түсетiн хаттарды, өтiнiштердi және өзге де құжаттарды қарайды әрi өздерiнiң ережелерiне және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес олардың құзыретiне енетiн барлық мәселелер бойынша өз бетінше шешiмдер қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар олардың бірлескен құзыретiне енетiн мәселелердi шешу үшiн қажет болған кезде белгіленген тәртiппен олардың басшылары қол қойған бірлескен бұйрықтар түрiнде шешiмдер қабылдайды.
Орталық атқарушы органдардың өздерi дербес шешуi тиiс мәселелер бойынша Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерi қабылданбайды.
Орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары нормативтік құқықтық кесiмдер шығаруға құқылы емес.
10. Ведомстволар тиісті мемлекеттік органның бірiншi басшысының немесе бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғаның келісімi (ведомствоның хатында бұрыштамасы) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкiмет немесе Кеңсе Басшылығының оларға берген тiкелей тапсырмаларына жауап жiберген кезде өз бетінше Үкiметтiң атына өтінiш білдiре алады. Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлiмшелерi Үкiметтiң атына өз бетінше өтiнiш бiлдiруге құқылы емес.
11. Тиiстi шешiм қабылдау үшiн Үкiметтiң немесе оның басшылығының атына бастамашылық тәртiппен жіберілетін қызметтік хат-хабарды мемлекеттік органдар мынадай жағдайларда енгiзедi:
1) егер мәселенi шешу Үкiметтiң тiкелей құзыретiне енсе, енгiзіп отырған мемлекеттік орган оны өзiнiң өтiнiшiнде көрсетедi;
2) орталық атқарушы органдардың арасында қағидатты және еңсерiлмес келiспеушілiктер болған кезде;
3) егер мәселенi шешу ведомствоаралық үйлестiрудi талап етсе. Мұндай жағдайларда Үкiметтiң атына жолданған хат-хабар, әдетте, шешiм қабылдау үшiн мәселенiң мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарына жiберілуi тиiс.
3. Үкiмет мәжілістерiн жоспарлау
12. Үкiмет мәжілiстерiнде қарауға арналған мәселелер заңнамада белгіленген ?кімет өкілеттiктерiн ескере отырып анықталады.
13. Үкiмет мәжілістерiнде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тiзбесiн кезектi тоқсан басталғанға дейiн ?кімет мүшелерiнің, агенттіктер төрағаларының, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң, Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының ұсыныстары бойынша Кеңсе жасайды. Үкiмет мәжілiстерiнде қарау жоспарланып отырған мәселелердiң тiзбесi Премьер-Министрдiң өкімімен бекiтіледi.
Жоспарланған мәселелердiң бекiтілген тiзбесi Үкiмет мүшелерiне, агенттіктердiң төрағаларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне, Кеңсенің құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына және қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтіледi.
Жоспарланған мәселенi қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзiмге ауыстыру туралы шешiмдi мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттік органның немесе өзге де мүдделi органның (ұйымның) бірiншi басшысы (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) қол қойған жазбаша өтiнiш не Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған қызметтік жазба негiзiнде Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешiм туралы өзiнiң құзыретiне орай мүдделi мемлекеттік органдар хабардар етіледi.
4. ?кімет мәжілістерiн дайындау және өткізу тәртібі
14. Үкiмет мәжілістерi ?кімет мәжілiстерiнде қарауға арналған мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiне сәйкес немесе қажет болған кезде, бірақ кемiнде айына бір рет өткiзіледi және оны Премьер-Министр не Қазақстан Республикасының Президентi (бұдан әрi - Президент) шақырады.
15. Үкiмет мәжілiстерiнде Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде Премьер-Министр белгілеген мiндеттердi бөлуге сәйкес Премьер-Министрдi алмастыратын не Премьер-Министр белгілеген тәртiппен Премьер-Министрдiң мiндетiн атқарушы Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi.
Мәжілiстерге Президент қатысқан кезде Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етедi.
Үкiмет мәжілістерi ашық болып табылады әрi мемлекеттік және орыс тілдерiнде жүргiзіледi. Президенттің не Премьер-Министрдiң бастамасы бойынша Үкiметтің жабық мәжілiстерi өткiзілуi мүмкiн.
16. Мәжілiс, егер оған Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып саналады. Үкiмет мүшелерi мәжілiстерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
Мәселенің Үкiмет мәжілiсiнде қаралу нәтижелерi бойынша қатысушы Үкiмет мүшелерінің көпшілiк дауысымен хаттамалық шешiм қабылданады, ал дауыстар тең болған кезде мәжілiсте төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
17. Үкiмет мәжілiстерiне, әдетте, Премьер-Министрмен келiсілген тiзбе бойынша агенттіктердiң төрағалары, Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары қатысады.
Үкiмет мәжілістерiне Мемлекет басшысының кесiмдерiмен осындай құқық берiлген лауазымды тұлғалар да қатыса алады.
Кеңсенiң шақыруы бойынша Үкiмет мәжілiстерiне Парламент Сенаты мен Мәжілiсiнiң депутаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсенің қызметкерлерi мен басқа да адамдар қатыса алады.
Үкiмет мәжілiстерiне шақырылғандардың тiзiмiн анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай Кеңсемен келісім бойынша мәжілiске дейiн кемiнде екi жұмыс күнi бұрын енгiзедi.
Үкiмет мәжілiсiне шақырылғандардың тiзiмiне Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың ?кімет мәжілiсiне қатысуын Кеңсе қамтамасыз eтeдi.
18. Мемлекеттік органдар Үкiмет мәжілiсiнде қарауға арналған мәселенi дайындау кезiнде мынадай талаптарды сақтайды:
1) Үкiмет мәжілiстерiнде қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешiмдердiң жобаларына, анықтамаларға, ақпараттық (талдамалық) материалдарға мемлекеттік органның бірiншi басшысы немесе бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға әр парағына алдын ала қол қояды және ол қол қойған ілеспе хатпен енгiзiледi;
2) әрбір мәселе бойынша хаттамалық шешiм жобасының, анықтаманың, өзге де қажетті материалдардың тақырыбы бірдей болуы және мәселенiң мәнiн толық көрсетуi тиiс. Әдетте, олардың көлемi 5 бет мәтiннен аспауы тиiс (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтiндер үшiн № 14 мөлшерлi "Times№ewRoman" қарпi қолданылады);
3) Үкiмет мәжілiсiнде бейнелi ақпарат көрсету туралы мәселе мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттік органның бірiншi басшысымен (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғамен не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғамен), Кеңсе Басшысымен алдын ала келісілуi тиiс;
4) Үкiмет мәжілісiне құпия материалдар Кеңсеге Үкiметтің қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес енгізіледi.
?кімет мәжілiстерiне материалдар дайындаған кезде орталық атқарушы органдардың ведомстволары осы Регламенттің 10-тармағының талаптарын сақтауы тиiс.
19. Үкiмет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тiлдерiнде мәжіліске дейiнгi 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге енгiзіледі. Кеңсе Премьер-Министрмен не оны алмастыратын тұлғамен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекiтетiн мәжілiстiң күн тәртібінiң жобасын жасайды, күн тәртібін тиiстi материалдармен бірге ?кімет мүшелерiне және Кеңсе Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне және онымен келісілген жөнелтім көрсеткішіне сәйкес басқа да лауазымды тұлғаларға дереу жолдайды.
Мемлекеттік органдар ?кімет мәжілісiне материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда Кеңсе Басшысы бұл туралы Премьер-Министрге немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға баяндайды. Үкiмет мәжілістерiне материалдардың уақтылы ұсынылмағандығы үшiн жауапкершілiк осы органдардың бірiншi басшыларына жүктеледi.
Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша Үкiмет мәжілісi шұғыл түрде өткiзілетін айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн және Үкiмет мәжілiсiне қатысушыларға мәжілісте тiкелей жеткізіледi.
20. Мәжіліске қатысып отырғандар олардың атына немесе олар білдiрiп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзiмiнiң деректер жазбасын жүргiзуi тиiс.
Үкiмет мәжілісiнiң хаттамасын дайындау мақсатында, әдетте, Кеңсенiң тиiстi бөлiмшесiнiң мәжілiске қатысып отырған қызметкерi хаттамалық жазбалар жүргiзедi, онда талқыланып отырған мәселелердiң атауы мен мәнi, баяндамашылар және талқылау кезiнде сөз сөйлеушiлер, олардың сөйлеген сөздерінің, ескертулердiң негiзгi мазмұны және Үкiмет мүшелерi қабылдаған шешiмдер тiркеледi.
Әдетте, кейiннен фонограммалары толығымен жазылып және оларды басып шығарып, ?кімет мәжілiстерiнiң дыбыстық жазбасы жүргiзiледi. Қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжілiстiң бейне жазбасы жүргізілуі мүмкін.
Үкiмет мәжілісiнiң хаттамасын құзыретiне мәжілiсте қаралған мәселелер жататын Кеңсенің құрылымдық бөлiмшелерi дайындаған хаттамалық тапсырмалардың тұжырымдамалары негізiнде Кеңсенiң құжаттамалық қамтамасыз етуге жауапты бөлiмшесi мәжіліс аяқталған күнiнен бастап үш күн мерзiмде елтаңбалық бланкiге жасайды. Бұдан кейiн хаттамаға Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерінің басшылары (өздерiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша), мәжіліске қатысқан Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға бұрыштама соғады және мәжіліске төрағалық етушi қол қояды.
Президенттің төрағалық етуiмен өткiзілетiн Үкiмет мәжілiстерiнiң хаттамалары Президент Әкiмшілiгiмен келiсіледi.
21. Үкiмет мәжілістерiнiң әрбір хаттамасына кезегiмен күнтiзбелiк жылдың басынан бастап реттiк нөмiр беріледi. Хаттамалар немесе олардың үзiндi көшiрмелерi оларға қол қойылған күнi Үкiмет мүшелерiне, ал қажет болған кезде мәжілiстерде тиiстi тапсырмалар берiлген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жөнелтiледi. Хаттамалар (үзiндi көшiрмелер) жөнелтiмінің көрсеткiшi Кеңсе Басшысымен келiсіледi.
Үкiмет мәжілiстерi хаттамаларының түпнұсқалары, оларға қоса берілетiн құжаттар, фонограммалардың басылып шыққандары, ауызекi ақпаратты магниттi жеткiзгіштер және бейне материалдар тұрақты сақтаудағы құжаттар тiзiмдемесiне енгiзіледi және Кеңсе мұрағатында сақталады.
5. Мемлекеттік органдардың Үкiмет қаулылары мен
Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын дайындау
және ресiмдеу тәртібі
22. Мемлекеттік органдар Үкiмет қаулыларының жобаларын (бұдан әрi - қаулылардың жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Президент кесiмдерінің және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердің негiзiнде және оларды орындау үшiн жүзеге асырады. Қаулылардың жобаларын уәкілетті органдар өз бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзiрлейдi.
Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын (бұдан әрi - өкiмдердiң жобалары) дайындау әкiмшілiк-өкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу үшiн жүзеге асырылады.
Орталық атқарушы органдар арасында қағидатты және еңсерілмес келiспеушiлiктер болған кезде келiсілген шешiмдер қабылдауды, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестірудi талап ететiн мәселелер Үкiмет мәжілістерiнде не Премьер-Министрде, оның орынбасарларында немесе Кеңсе Басшысында өтетiн кеңестерде қаралуы мүмкiн.
23. Қаулылар мен өкiмдердiң жобаларын дайындауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi № 678 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерінің жобаларын ресiмдеу жөнiндегі нұсқаулықтың (заңдық техникасы) және осы Регламенттiң талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік және орыс тілдерiнде жүзеге асырады.
Қаулының (өкiмнің) жобасын әзiрлеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірiншi басшысы (немесе бірiншi басшысының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға) оның Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясына және Үкiмет Бағдарламасына сәйкес келуi, жобаның уақтылы, сапалы әзiрленуi және белгiлеген мерзiмдерде Үкiметке ұсынылуы, жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, оның iшiнде магнитті жеткiзгiштердегi мәтiндерінің дәлме-дәл болуы, осы Регламент талаптарының сақталуы үшiн дербес жауап бередi.
24. Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты, импорты және транзитi мәселелерi бойынша қаулылардың жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады. Көрсетілген қаулылар жобаларын келiсу мен енгізу мәселелерi осы Мемлекеттік комиссия туралы Ережемен айқындалады.
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру мен зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөніндегі қаулылардың жобаларын келiсу және енгізу мәселелерi Үкiмет бекiтетiн тиiстi нұсқаулықпен айқындалады.
Кадр мәселелерi бойынша қаулылардың жобаларын дайындауды Кеңсе жүзеге асырады.
25. Қаулының (өкiмнің) жобасын әзiрлеушi, егер оны қабылдағаннан кейiн мұндай қажеттiлiк туындаса, жобада бір мезгілде ?кіметтің және/немесе Премьер-Министрдiң бұрын қабылданған шешiмдерiн қаулының (өкiмнiң) жобасына сәйкес келтiру жөніндегі нормаларды көздейдi.
26. Әзiрлеушi қаулының (өкiмінің) жобасына мынадай негізгі мәлiметтердi қамтуы тиiс Кеңсе Басшысы белгілеген нысан бойынша түсiндiрме жазбаны мiндетті түрде қоса бередi:
1) тиісті нормативтік құқықтық кесiмдерге жасалған сiлтеме бар жобаны қабылдауға негiздеме және/немесе оны қабылдау қажеттігінiң басқа да негiздемелерi;
2) жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттiгі және оның қаржылық қамтамасыз етілуi;
3) жоба қабылданған жағдайдағы болжамды салдарлар;
4) нақты мақсаттар мен күтілетiн нәтижелердiң мерзiмдерi;
5) жобада қаралатын мәселелер және оларды iске асыру нәтижелерi бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкiметтің кесiмдерi туралы мәлiметтер;
6) енгiзілетiн жоба қабылданған жағдайда қолданыстағы заңнаманы оған сәйкес келтiру қажеттігі (басқа нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау немесе қолданыстағы кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетіндігі көрсету) не мұндай қажеттіктiң болмауы;
7) жобада көрсетілген мәселелер құзыретiне енетiн мүдделi мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себебi (мұндай факт болған кезде).
Қаулы (өкiм) жобаларының және оларға қосымшалардың әр парағына әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы немесе бірiншi басшының мiндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға алдын ала қол қояды, ал iлеспе хаттарға қол қояды.
Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық кесiмдерден, Президент, Үкiмет және Премьер-Министр кесiмдерiнен басқа) сiлтемелер болған кезде әзiрлеушi тиiсiнше Сыртқы iстер министрлігі немесе жобаны әзiрлеушi куәландырған мемлекеттік, орыс және өзге қол қойылған (әр түрлi оқылған кезде басымдықты болатын) тілдердегі осы құжаттардың көшiрмелерiн мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.
27. Қаулылар мен өкiмдердiң жобалары олардың құзыретiне орай мүдделi мемлекеттік органдармен мiндеттi түрде келiсіледi, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделілiк жобада қаралатын мәселелердiң мәнi негiзге алына отырып белгiленедi.
Кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыны қоспағанда, қаулылардың жобалары мiндеттi түрде:
1) экономикалық орындылығы және жобаның мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарына сәйкес келуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау шеңберiнде - жобаның қаржылық қамтамасыз етілуi, мемлекеттік кiрiстердiң ықтимал қысқартылуы және мемлекеттік шығыстардың арттырылуы мәселелерi бойынша - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен;
2) жобаның Үкiметтiң құзыретiне сәйкестігi тұрғысында заңды сараптама жүргiзу және оның Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық кесiмдерiне, Президентінің, Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiне сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында Әдiлет министрлігімен келісілуге тиiс.
Келiсушi мемлекеттік органдарға оларда осы органдардың тiкелей құзыретiне жатпайтын немесе жобалардың мәтiндерiне ескертулер болған кезде қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларын "ескертулермен" келiсуге (бұрыштама соғуға) тыйым салынады.
Оларды қабылдау экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн зардаптар болжанып отырған қаулылардың жобалары мiндеттi түрде мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады. Жобаны әзiрлеушi жобаны заңнамада белгіленген тәртiппен экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi жобаға қоса берiледi.
28. Халықаралық ұйымдарға кіру және олардан шығу, халықаралық шарттарға қосылу мәселелерi жөніндегі, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Әдiлет министрлігінде құқықтық сараптама жасауға жататын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою мәселелерi жөнiндегі қаулылардың жобалары мүдделi мемлекеттік органдармен алдын ала келiсілуге тиiс, ал құқықтық сараптама жүргiзiлгендерi Сыртқы iстер министрлігінде келiсуге жатады.
Көрсетілген жобаларға:
1) тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген әзiрлеуші органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару pecми түрде жүктелген тұлға не ?кіметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) алдын ала қол қойған халықаралық шарттың жобасы не Сыртқы істер министрлігі куәландырған оған сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымға кіруi немесе одан шығуы не Қазақстан Республикасының шартқа қосылуы жоспарланып отырған көп жақты халықаралық шарттың мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тiлдердегi мәтiнi (әр түрлi оқылған жағдайды басымдығы бар);