3) Премьер-Министр немесе оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлға қол қойған көлемi 3 парақтан, ал күрделi мәселелер бойынша 5 парақтан аспайтын түсiндiрме жазба, онда мәселенiң мәнiсi мен Президент кесiмiн қабылдау қажеттілігінің, оның iшiнде қаржы-экономикалық негiздемесi, осы мәселе бойынша Президент кесiмдерiнiң бұрын қабылданған тiзбесi және олардың орындалуы туралы ақпарат, осы жобаны қабылдаудан күтілетiн салдарлардың болжамы жазылады;
4) егер Президент кесiмiнiң енгiзілетiн жобасымен Президенттiң қолданыстағы кесiмдерiне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетiн болса, әзiрлеушi мемлекеттік орган бірiншi басшысының немесе бірiншi басшының мiндеттерiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғаның не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғаның әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған Президент кесiмiнiң бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесi;
5) Президент Әкiмшілiгi белгілеген нысан бойынша жасалған Президент кесiмi жобасының келiсу парағы;
6) өзге де қажетті материалдар.
53. Премьер-Министр немесе оны алмастыратын (оның мiндетін атқарушы) тұлға не Кеңсе Басшысы (оның мiндетiн атқарушы тұлға) Үкiметке тапсырмасы бар Президент кесiмi күшiне енген күнiнен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмейтін мерзiмде осы тапсырмалардың орындалуы үшiн жауапкершiлiк жүктелетiн лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдарды айқындайды.
7. ?кіметтің заң шығару қызметi
54. Үкiметтің заң шығару қызметi Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрi - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
55. Үкiметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру Президенттiң тапсырмалары, Үкiметтiң Бағдарламасы, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкiмет бекiтетiн бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары, сондай-ақ Премьер-Министрдiң шешiмдерi ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Жоспар заң жобаларының, оның iшiнде заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдарды, нақты заң жобаларын Әдiлет министрлігіне, Үкiметке және Қазақстан Республикасының Парламентiне (бұдан әрi - Парламент) енгізу мерзiмдерi, сондай-ақ заң жобаларын әзiрлеу мен енгізу үшiн жауапты лауазымды тұлғалар көрсетіле отырып, қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудi көздейтiн заң жобаларының тiзбесiн бiлдiредi.
56. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әділет министрлігі мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) ұсыныстарының негiзiнде жасайды және жыл сайын 1 қарашаға дейiн Үкiмет қаулыларының жобаларын енгізу үшiн белгіленген тәртiппен Үкiметке ұсынады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбір заң жобасын әзiрлеу қажеттiлiгiнiң негіздемесiн қамтитын анықтаманы қоса тiркейдi.
Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы Жоспарға сол немесе өзге заң жобасын енгізу үшiн мiндетті шарт болып табылады.
57. Жоспарды Президентпен келiсу Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсу ережелерiн бекіту туралы" 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
58. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзiмдерiн ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған толықтырулар енгізу туралы мәселелер заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның өтiнiшi бойынша Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады. Мемлекеттік орган Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкiмет қаулысының жобасын енгiзген кезде түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде Ведомствоаралық комиссияның осы мәселе бойынша негіздемесi мен шешiмi көрсетіледi.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламалар, тұжырымдамалар, ?кіметтiң iс-шаралары жобаларының нормалары (ережелерi) заң жобаларын қамтамасыз ету бөлiгiнде Ведомствоаралық комиссиямен келісіледi.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудiң жаңа тетiктерiн енгізу перспективалық Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізумен қатар жүргiзілуге тиiс.
Заң жобалау жұмыстарының қабылданған жоспарларына енгiзiлетiн өзгерістер және (немесе) толықтырулар Мемлекет басшысымен не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен мiндеттi түрде келiсілуге жатады.
59. Перспективалық және ағымдағы жоспарлардың орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Әдiлет министрлігі ай сайын ?кіметтiң заң жобалау қызметiнiң барысын қорытады және есептіден кейiнгi айдың 1-күніне ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, оның iшiнде жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуi туралы ақпаратты ұсынады.
Жоспарланған заң жобаларын әзiрлеу мерзiмi бұзылған кезде Кеңсе Әдiлет министрлігі ақпаратының негiзiнде Премьер-Министрге заң жобаларын әзiрлеу мерзiмiнiң бұзылуына кiнәлi лауазымды тұлғаларды жауапкершілiкке тарту туралы ұсыныстар енгiзе алады.
60. Халықаралық шарттарды бекіту мен күшiн жою және оларға қосылу туралы заң жобаларынан басқа, жоспардан тыс заң жобалары Ведомствоаралық комиссиямен алдын ала келісілуге жатады, оның оң қорытындысы заң жобаларын белгiленген тәртiппен Үкiметке енгізу үшiн негiздеме болады.
61. Заң жобаларын әзiрлеудің және ұсынудың сапасы, уақтылылығы үшiн Жоспарда көрсетiлген лауазымды тұлғалар жеке жауапкершілiкте болады.
62. Жоспардың негiзiнде заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдар белгiленген мерзiмде заң жобаларын Кеңсеге осы заң жобаларын Парламенттiң Мәжілiсiне енгізу туралы Үкiмет қаулыларының жобаларымен бірге енгiзедi.
Көрсетілген жобаларды дайындау, ресiмдеу, келiсу, оларға дауыс беру және енгізу, сондай-ақ олар бойынша келiспеушілiктердi қарау тәртібі "Нормативтiк құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң Регламентiнде және осы Регламентте көзделген ерекшелiктермен бірге Үкiмет қаулыларының жобаларын енгізу үшiн белгіленген тәртiпке ұқсас.
Парламенттің қарауына ?кімет енгiзетiн заң жобалары (халықаралық шарттарды бекіту мен күшiн жою және оларға қосылу туралы заң жобаларын қоспағанда) бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 698 қаулысымен бекiтілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа) жүргiзу мiндетті. Бұл ретте оларды қабылдаудан экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауіпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қатер туғызуы мүмкiн зардаптарды болжайтын заңнамалық кесімдердiң жобалары мiндеттi экологиялық сараптама жүргiзуге жатады.
Заң жобасын әзiрлеушi жобаға тиiстi ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды ұсынымдық сипатқа ие болады (барлық заңды және жеке тұлғалар орындау үшін мiндеттi мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда). Әзiрлеушi көрсетілген қорытындыларды мiндеттi түрде заң жобасының басқа материалдарымен бірге мемлекеттік және орыс тілдерiнде Кеңсеге енгізедi. Ғылыми сараптаманың терiс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелерi бойынша заң жобасында мiндеттi түрде жойылуы тиiс ескертулердi қоспағанда) заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргiзу туралы өз бетiмен шешiм қабылдайды. Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзiрлеушi заң жобасына ілеспе хатта қабылдамау себептерiнiң дәлелдi негiздемесiн келтiруi тиiс.
63. Парламент Мәжілiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Президент Әкiмшiлiгiмен келiсу Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілiсiне ?кімет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгiмен келiсу ережелерiн бекіту туралы" 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Президент Әкiмшілiгiмен:
1) Парламентте қаралуы Президент атынан шұғыл немесе басымдықты деп жариялау жоспарланатын заң жобалары. Президенттiң заң жобаларын шұғыл немесе басымдықты деп, оның iшiнде Үкiметтiң бастамасы бойынша жариялауы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекiтілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;
2) Президенттің тапсырмасы бойынша Үкiмет әзiрлеген және Парламент Мәжілiсiне енгізуi тиiс заң жобалары;
3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстердi өзгертуге және толықтыруға бағытталған заң жобалары;
4) жергілiктi мемлекеттік басқаруды және жергілiкті өзiн-өзi басқаруды, елдiң саяси және сайлау жүйелерiн жетілдiруге бағытталған заң жобалары;
5) қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтiн заң жобалары мiндеттi түрде алдын ала келiсілуге тиiс.
Президент Әкiмшілiгiнiң онымен келiсілетiн заң жобалары бойынша ескертулерi толық ескерілмейтiн жағдайда, Кеңсе бұл туралы Президент Әкiмшілiгiне хабардар етедi.
64. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен басымдықты деп айқындалған заң жобаларын (бұдан әрi - басымдықты заң жобалары) әзiрлеушi мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге заң жобасы басымдықты деп айқындалған күнiнен бастап 20 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгізуi тиiс. Бұл ретте басымдықты заң жобаларын мемлекеттік органдардың келiсу мерзiмi олар түскен күнiнен бастап 5 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсілгеннен кейiн Үкiмет басымдықты заң жобаларын 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде Парламент Мәжілiсiнiң қарауына енгiзедi.
65. Шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесінiң 1-тармағына сәйкес Үкiметке немесе тиiстi мемлекеттік органға хабарлама келіп түскеннен кейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктірмей енгізуi тиiс. Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттік органдармен келiсу мерзiмi олар келiп түскен күнiнен бастап 3 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiмен келісілгеннен кейiн шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобасын Үкiмет 7 күнтiзбелік күннен кешiктiрмейтін мерзiмде Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгiзедi.
66. Қазақстан Республикасының Президентi шұғыл деп жариялаған заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауы Парламентте жария етілгеннен немесе осы жолдау Парламентке жолданғаннан кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей Парламент Мәжілiсiнiң қарауына енгiзіледi.
67. Кеңседе өту мерзiмi 10 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн) басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларынан басқа, заң жобаларына сараптама және Кеңседе олар бойынша қорытындылар дайындау Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 10 жұмыс күннен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады. Осы Регламентте көзделген негiздемелер бойынша заң жобаларын Кеңсе заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органға пысықтауға, оның iшiнде қажет болған кезде қосымша ғылыми сараптама жүргiзу үшiн қайтаруы мүмкiн.
68. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгiзілетiн материалдар мемлекеттік және орыс тiлдерiнде дайындалған:
1) заң жобасын, ал қажет болған кезде қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы не негiзгi жобаның қабылдануына байланысты заңнамалық кесiмдердiң күшi жойылды деп тану туралы заң жобаларын да (оның iшiнде магнитті жеткiзгiштердегi) және заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қойған, Үкiмет қаулылары үшiн осы Регламенттiң 27-тармағында белгіленген тәртiппен келісілген (бұрыштама соғылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілiсiне енгізу туралы Үкiмет қаулысының жобасын;
2) осы Регламенттiң 26-тармағының талаптарына сәйкес дайындалған Үкiмет қаулысының жобасына түсiндiрме жазбаны;
3) заң жобасы мақсаттарының, мiндеттерi мен негiзгi ережелерiнiң жан-жақты сипаттамасымен бірге жобаны қабылдау қажеттігінiң негіздемесi, жобаны қабылдаудың ықтимал салдарының болжамы бар, қажет болған кезде заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы немесе бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қойған қаржы-экономикалық есептер мен статистикалық деректер қоса берiлген заң жобасына (заң жобаларына) түсiндiрме жазбаның (жазбалардың) жобасын, оның iшiнде магниттi жеткiзгiштегiнi;
4) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсу парағын (парақтарын);
5) заң жобасының (заң жобаларының) ғылыми сараптамасының нәтижелерi бойынша қорытындыны (қорытындыларды);
6) заң жобасын (заң жобаларын) әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы немесе бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға қол қойған iлеспе хатты, бұл ретте Үкiмет қаулысының әрбір жобасы жеке ілеспе хатпен енгізіледi;
7) қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудi көздейтiн заң жобасына заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған қолданыстағы заңнамалық кесiмнiң бұрынғы және жаңа редакциядағы салыстырма кестесi қоса тiркеледi;
8) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды бекітуге Парламентке енгізу туралы заң жобасына Сыртқы iстер министрлігі куәландырған, мемлекеттік, орыс және әртүрлi оқылуы кезiнде басымдығы болатын оларға қол қойылған өзге де тілдердегi бекітуге енгiзiлетiн құжаттардың көшiрмелерi қоса тiркеледi;
9) белгіленген нысандағы анықтама парақты қамтуға тиiс.
Кеңсеге енгізілген, олар бойынша мемлекеттік органдардың ескертулерi бар заң жобалары Премьер-Министрдiң осы мәселелерге жетекшілiк ететiн орынбасарында өтетiн кеңесте мiндеттi түрде қаралады, оның нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Кеңестерде талқыланатын мәселе бойынша келісімге қол жеткiзілмеген кезде Премьер-Министрдiң орынбасары заң жобасы бойынша түпкілiкті шешiм қабылдау үшiн бұл туралы Премьер-Министрге хабардар етедi.
69. Заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдар оларды Үкiметке енгізу кезiнде нақты заң жобасын басымдықты деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы бір уақытта ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсiндiрме жазба, оның iшiнде оны басымдықты деп айқындау немесе шұғыл деп жариялау қажеттілiгiнiң негiздемесiн қамтуы тиiс.
Үкiмет өзi әзiрлейтiн заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң жобасын басымдықты деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi. Бұл ретте Үкiметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын Парламенттің басымдықты деп қарауды айқындауы немесе оны қарауды шұғыл деп жариялауы қажеттілiгiнiң негiздемесiн қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын түсiндiрме жазба және ол шешетiн мiндеттер қоса берілуi тиiс.
70. Кеңседе заң жобасы бойынша сараптама жүргiзілгеннен және қорытынды дайындалғаннан, сондай-ақ ол Премьер-Министрінің тиiстi орынбасарларында келісілгеннен кейiн заң жобасы Үкiметтiң кезектi мәжілiсiнiң қарауына енгізiлуi мүмкiн. Қажет болған кезде заң жобасын Кеңсе осы Регламенттiң 34-тармағында көзделген тәртiппен Үкiмет мүшелерiне дауыс беруге жiберуi мүмкiн.
71. Үкiметтiң бастамашылығы бойынша Парламент Мәжілісiнiң қарауына енгізiлетiн заң жобаларының түпнұсқаларына мiндетті түрде: заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның және Әдiлет министрлiгінiң бірiншi басшылары (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғалар не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғалар), Кеңсе Басшысы не Кеңсе Басшысы белгілеген тәртiппен Кеңсе Басшысының мiндетiн атқарушы оның орынбасарларының бірi, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес заң жобасында қаралатын мәселелерге жауап беретiн Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасары және Премьер-Министр не Премьер-Министр белгілеген тәртiппен Премьер-Министрдiң мiндетiн атқарушы оның орынбасарларының бірi бұрыштама соғуы тиiс. Үкiмет бланкiсiне шығарылған заң жобасына түсiндiрме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министр не оның мiндетiн атқарушы тұлға қол қояды. Заң жобаларының түпнұсқаларымен бірге Парламент Мәжілісiне олардың магниттi жеткiзгiштердегi көшiрмелерi енгiзіледi.
72. Үкiмет енгiзген заң жобасын Парламент Мәжілісiнiң Аппараты тiркемей қайтарған жағдайда осы заң жобасы мен оны қайтару негiздемесi Кеңсе Басшысына баяндалады, ол Парламент Мәжілісi Аппаратының уәждемесiн қарайды және тиiстi шешiм қабылдайды.
Егер Кеңсе Басшысы заң жобасын пысықтау қажеттілігi туралы шешiм қабылдаған жағдайда, заң жобасы Парламент Мәжілiсiнiң Аппараты анықтаған кемшілiктердi жою үшiн әзiрлеушi мемлекеттік органға жiберіледi. Бұл ретте әзiрлеушінің заң жобасын пысықтау мерзiмi қайтарылған заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 15 күннен аспауы тиiс.
Егер Кеңсе Басшысы Парламент Мәжілісi Аппаратының заң жобасын қайтаруға себеп болған уәждемесiн негiзсiз деп таныған жағдайда, заң жобасын Кеңсе тiркемейдi және оны заңнамада белгiленген тәртiппен парламент депутаттарының қарауы үшiн Парламент Мәжілісiнiң Аппаратына қайтарады.
73. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, оның iшiнде мемлекеттік кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтiн заң жобалары бойынша Үкiмет Парламентке мемлекеттік және орыс тілдерiнде қорытынды ұсынады.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкiметке келiп түскен заңнамалық кесiмдердiң жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиiс. Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 15 күн мерзiмде не Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзiмде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
Үкiмет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетiн қатынастар құзыретiне енетiн мемлекеттік орган әзiрлейдi. Қорытындының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерiнде форматы A4 жай парақта дайындалады және мiндеттi түрде Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерiмен келiсіледi (олардың басшылары бұрыштама соғады). Қажет болған кезде қорытындының жобасына әзiрлеушi мемлекеттік кiрiстердi қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды арттыру бөлiгiндегі қаржы-экономикалық есептердi қоса тiркейдi. Қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік орган осы Регламенттiң 34-тармағында белгіленген тәртiппен қорытындының жобасы бойынша ?кімет мүшелерiнiң дауыс беруiн жүргiзуге және, егер Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасында өзге неғұрлым қысқа мерзiм белгiленбесе, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 20 күн мерзiмнен кешiктiрмей Кеңсеге оның келiсілген жобасын, оның iшiнде магнитті жеткiзгiшпен енгізуге тиiс.
Егер Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасында қоса орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген жағдайда, осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 15 күн мерзiмнен кешiктiрмей қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік органға өздерiнің ұсыныстарын беруге мiндеттi.
74. Үкiмет қорытындысының жобасына Кеңседе сараптама жүргiзiлгеннен кейiн оның түпкiлiктi нұсқасын Кеңсе Премьер-Министрдiң немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қолымен Үкiмет бланкiсiне шығарып ресiмдейдi. Үкiмет қорытындысы Үкiмет қаулысымен немесе ?кімет мәжілісiнің хаттамасымен мақұлдануы да мүмкiн.
75. Үкiмет енгiзген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаларға оларды Парламент қараған кезде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды арттыруды көздейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкiметтің рұқсатынсыз келісім білдiруге тыйым салынады. Бұл ретте Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірiншi басшылары Кеңсеге көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы дереу жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Парламентте тиiстi заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірiншi басшылары Үкiметтің келiсуiнсiз көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге келiскенi үшiн жауапты болады.
Парламент депутаттары Үкiметпен келiсілмеген көрсетiлген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салған жағдайда заң жобаларын ұсынушы тұлғалар мәжілістің стенограммасында өздерiнiң қарсылықтарын тiркеудi талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға мiндетті. Үкiмет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгiзген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтыруларды заң жобасын әзiрлеушi салыстырмалы кесте түрiнде қысқаша түйiнiмен Кеңсеге жiбередi, оларды Кеңсе осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкiмет бірыңғай ұстанымды анықтау үшiн Әдiлет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерiне, сондай-ақ басқа да мүдделi мемлекеттік органдарға жiбередi.
76. Үкiмет енгiзген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілеттi тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдiң не қаралып отырған заң жобасы құзыретiне жататын оның орынбасарының қолымен тиiстi хат жiберіледi. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиiстi Палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей Кеңсеге енгiзiледi.
77. Парламентте Үкiметтің шешiм жасауына бақылауды Парламенттің тиiстi палаталарындағы Үкiметтiң өкiлдiктерi (бұдан әрi - өкiлдiктер) жүзеге асырады.
Өкілдiктер Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын Үкiмет енгiзген заң жобаларының өтуi және Парламент қарайтын әрi ?кіметтің қызметiне қатысы бар басқа да мәселелер туралы үнемi хабардар етiп отырады.
78. Үкiметтiң Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкiметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртiппен заң жобасын әзiрлеушi енгiзедi.
79. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жiберілетiн барлық заңдар бойынша заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік орган (немесе оның құзыретiне орай) Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерiмен келісім бойынша заң қабылданған күнiнен бастап үш күн мерзiмде қорытынды дайындайды және Кеңсеге жiбередi, онда мынадай:
1) Үкiмет бастамашылық жасаған заң жобасын Парламентте қарау кезiнде депутаттар енгiзген өзгерістер мен толықтырулар туралы;
2) қабылданған заңда Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге қарама-қайшылықтардың бар екендiгi туралы және оған байланысты қосымша қаржы шығыстары, экономикалық және құқықтық салдарлар туралы;
3) заңды Премьер-Министрдің қолымен бекітудiң мүмкiндiгі туралы ақпарат айтылады. Осы тармақта көзделген рәсiмдердiң орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.