2) Сыртқы iстер министрлігі куәландырған халықаралық шарттардың көшiрмелерi және оларға жобада сiлтемелер бар жобаны әзiрлеушi куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар қоса берiледi.
Қол қойылған халықаралық шарттардың және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтiндерiнiң дәлме-дәлдігін тиiсiнше Сыртқы iстер министрлігі және әзiрлеушi оларды Кеңсеге енгiзгенге дейiн қамтамасыз етедi.
29. Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысы Үкiметтiң резервiнен қаражат бөлу және басқа да жедел мәселелердi шешу жөнінде қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларын келiсудiң өзге де рәсiмiн айқындай алады.
30. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттік орган сонымен бір мезгілде осы Регламенттiң 27-тармағына сәйкес тиiстi мемлекеттік органдарға қаулы (өкiм) жобасының, оған түсiндiрме жазбаның және басқа да қажетті құжаттардың көшiрмелерін келiсуге жiбередi.
Қаулы (өкiм) жобасының көшiрмесiн келiсуге алған кезде мемлекеттік органдар оған басқа да мемлекеттік органдардың алдын ала бұрыштама соғуын талап етпеуi және желеу және өзге де негiзсiз себептер бойынша жобаны келiсуден бас тартпауы тиiс.
31. Қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларын мемлекеттік органдарда келiсу олар түскен күнiнен бастап мынадай мерзiмнен аспауы тиiс:
1) осы Регламенттің 64 және 65-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламентінің қарауына енгізу туралы тиiсiнше Президент кесiмдерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күнi;
2) Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары - 5 жұмыс күнi.
Премьер-Министрдiң оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмалары бойынша ?кіметтiң қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкiмдер жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келiсудiң неғұрлым қысқа мерзiмдерi белгіленуi мүмкiн. Мұндай жағдайда қаулының (өкiмнiң) жобасына мемлекеттік органның бірiншi басшысы немесе бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға ?кімет басшылығында болған кеңесте немесе Үкiмет мәжілiсiнде бұрыштама соғуы мүмкін.
32. Қаулының (өкiмнiң) жобасын келiсушi мемлекеттік органда қарау және келiсу (бұрыштама соғу) осы Регламентте белгiленген мерзiмде және осы мемлекеттік органның құзыретi шеңберiнде жүзеге асырылуы тиiс.
Қаулының (өкiмнiң) жобасын қарау қорытындылары бойынша келiсушi мемлекеттік орган әзiрлеушiге жауаптың мынадай нұсқаларының бірiн ұсынуға тиiс:
1) жоба ескертулерсiз келісілдi (бірiншi басшының немесе бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғаның не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкiлеттік берген тұлғаның жобадағы бұрыштамасы);
2) жоба ескертулермен келісілдi (бірiншi басшының немесе бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғаның не Үкiметтiң және Кеңсенің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлғаның жобадағы "ескертулермен" деген бұрыштамасы), бұл ретте ескертулер жобаға қоса берілетiн бірiншi басшы (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) қол қойған хатта баяндалады, онда оларды жою жөніндегі ұсыныстар мiндеттi түрде қамтылуы тиiс. Келiсу барысында жобаларды жұмыс тәртібімен пысықтауға жол беріледi;
3) жобаны келiсуден бас тартылды (жобаға бұрыштама соғылған жоқ), бұл ретте келiсуден бас тартуға уәждемесi бар бірiншi басшы (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкiлеттік берген тұлға) қол қойған хат қоса беріледi.
33. Егер қаулының (өкiмнiң) жобасы бойынша ескертулермен келісілген жағдайда, әзiрлеушi мемлекеттік орган өзi келiскен ескертулердi түзетедi, жобаның соңғы түпкiлiктi нұсқасын дайындайды және оны қайта келiсуге жiбередi. Қайта келiсу осы Регламенттiң 31-тармағында белгiленгендерге ұқсас мерзiмде жүзеге асырылады.
Әзiрлеушi келiспейтiн ескертулер бойынша ол мен келiсушi орган арасында келiспеушілiктер хаттамасы жасалады. Бұл ретте қаулының (өкiмнiң) жобасын әзiрлеушi бағандарында келiспеушілік туғызған жоба тармақтарының әзiрлеушi мен келiсушi орган ұсынатын редакциялары және олардың негіздемелерi қамтылуы тиiс кесте түріндегі келiспеушілiктер хаттамасын дайындайды. Әзiрлеушi органның бірiнші басшысы (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) қол қойған келiспеушіліктер хаттамасы жобаның түпкілікті нұсқасымен бірге келiсушi органға жiберіледi және оның бірiншi басшысы (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) қайтадан келiсу үшiн белгіленген мерзімде қол қоюы тиiс.
Келiспеушілiктер хаттамасы оны Кеңсеге енгізу кезiнде мiндеттi түрде қаулының (өкiмнiң) жобасына қоса тiркеледi.
34. Үкiметтiң қаулысы оның ұжымдық заңды пiкiрiн білдiруi тиiстiлiгiне байланысты қаулылардың жобалары, сондай-ақ заңдардың, Мемлекет басшысы кесiмдерінiң және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтің қорытындыларының жобалары бойынша Үкiмет мүшелерінiң дауыс беруi жүргiзіледi.
Дауыс берудi өткізу мақсатында қаулы жобасының (заң, Мемлекет басшысы кесiмi, Үкiмет қорытындысы жобасының) түпкiлiктi нұсқасын Кеңсеге енгiзер алдында әзiрлеушi оның қағаз және/немесе магнитті ақпарат жеткiзгіштердегi мәтiнiнiң көшiрмелерiн не электрондық көшiрмесiн (құпия сипаттағы және кадр мәселелерi бойынша жобалардан басқа) электрондық почта арқылы Үкiмет мүшелерiнiң барлығына (Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және әзiрлеушi жобаны келiсудi жүргізген ?кімет мүшелерiн қоспағанда) жiбередi. Жобаға қосымшалар Үкiмет мүшелерiне, тек оларға қатысты бөлігінде жіберiлуi мүмкiн.
Егер қаулының жобасы Кеңседе елеулi пысықтауға ұшыраған жағдайда, сондай-ақ пысықталған заң жобасы, Мемлекет басшысы кесiмiнiң жобасы немесе Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Кеңседе сараптама жүргiзiлген заң жобасына Үкiметтiң қорытындысы бойынша шұғыл дауыс берудi жүргiзу қажет болған кезде осындай жобалар бойынша дауыс берудi Кеңсе оның Басшысының нұсқауы бойынша ұйымдастырады, ол жобалардың (заң жобаларының, Мемлекет басшысының кесiмдерi, Үкiмет қорытындылары жобаларының) электронды көшiрмелерi бар хабарламаларды электронды почта арқылы не олардың қағаз жеткiзгiштердегі көшiрмелерiн фельдъегерлiк қызмет арқылы Үкiмет мүшелерiне жiбередi.
Үкiмет мүшелерiнің қаулылардың жобалары бойынша дауыс беру мерзiмi жобалар көшiрмелерi (электронды көшiрмелерi бар хабарламалар) жiберілген күнiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Дауыс беру мерзiмi аяқталғанға дейiн Үкiмет мүшелерi әзiрлеушiге жобалар бойынша өз пiкiрiн білдiрген жазбаша жауаптар жiбередi. Көрсетілген мерзiмде жазбаша жауап берiлмеген жағдайда, Үкiмет мүшесi жобаны ескертулерсiз қабылдауға дауыс бердi деп саналады. Қаулылардың жобалары бойынша дауыс берудi ?кімет мүшелерi алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады. Егер жоба бойынша ?кімет мүшелерінiң кемiнде үштен екiсi дауыс берiп, олардың көпшілiгi жобаны қабылдауға пікір бiлдiрсе дауыс беру өткiзiлдi деп саналады. Олай болмаған жағдайда дауыс беру өткiзілмедi деп саналады және Кеңсе енгiзілген жобаны қабылдамайды.
Қаулының жобасы бойынша дауыс беру нәтижелерiн әзiрлеушi жобамен және Кеңсе белгілеген нысан бойынша оған басқа да материалдармен бірге бір мезгілде ұсынады.
35. Ол бойынша Үкiмет мүшелерiнiң дауыс беруi өткiзілген қаулылардың және өкiмдердiң A4 форматындағы қағаздың жай парақтарындағы (мемлекеттік және орыс тілдерiндегі мәтiндер үшiн № 14 мөлшерлi "Times№ewRoman" қарпi қолданылады, символдарды кодтау стандарты ҚP СТ 1048-2002 стандартына сәйкес) және ақпаратты магнитті жеткiзгiштегi мәтiндiк файлдар түріндегі (бұдан әрi - магниттік жеткізгіш) жобаларын, сондай-ақ оған қажетті материалдарды әзiрлеушi мемлекеттік органдардың өкiлдерi өз қолымен Кеңсеге енгiзедi. Бұл ретте қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларына ілеспе хаттарда тапсырманың нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып, олардың не Yкімет немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша немесе Президент, Үкiмет немесе Премьер-Министр кесiмiнiң нақты тармағын орындау үшiн не бастамашылық жасау тәртібімен енгізілгендiгi көрсетiлуге тиiс. Почта арқылы келiп түскен жобаларды Кеңсе әзiрлеушiге қарамай және тiркемей қайтарады.
Кеңседе тiркелер алдында жобалар Кеңседе iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Регламенттiң талаптарына сәйкестігiне, сондай-ақ iрiктемелi түрде дәлме-дәлдiгіне тексеріледi. Жоба мәтiндерi осы талаптарға сәйкес келмеген немесе олардың мемлекеттік және орыс тiлдерiнде дәлме-дәл еместігі анықталған жағдайда жоба тiркелместен (құпия сипаттағы жобаларды қоспағанда) анықталған кемшiлiктердi жою үшін әзiрлеушінің өкiлiне қайтарылады.
Кеңсеге келiп түсетiн "Aca маңызды", "Өте құпия" және "Құпия" деген құпиялық белгiсi бар қаулылардың (өкiмдердiң) жобалары белгіленген тәртiппен тiркеледi және Кеңсе Басшысына баяндалады. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бұл жобалар Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша әзiрлеушiге қайтарылады.
36. Кеңсеге мемлекеттік органның бірiнші басшысының мiндетiн атқарушы тұлға (Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) бұрыштама соққан қаулының (өкiмнiң) жобасы не ол қол қойған iлеспе және өзге де хаттар енгiзілген кезде жобаға оған бірiншi басшының мiндетін атқару жүктелгенi туралы (оған Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы өкілеттік бергендігі туралы) кесiмнің көшiрмесi қоса беріледi.
37. Кеңседе қаулының (өкiмнiң) жобасы тiркелгеннен кейiн жобаның Кеңседе тiркелген күнiнен бастап есептелетiн, осы Регламенттiң 31-тармағында көрсетілгенге ұқсас мерзiмде оның қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілерiне сараптама (бұдан әрi - сараптама) жүргізіледi.
Сараптама қаулы (өкiм) жобасының дайындалу сапасын, негізділiгін, уақтылылығын бағалау, ықтимал терiс салдарларды айқындау үшiн, сондай-ақ жобаның жоғары деңгейдегi, Үкiмет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкестiгi және жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтiндерiнiң дәлме-дәлдігі мәнiне жүргiзіледi. Жобалар сараптамасының нәтижелерi Премьер-Министр мен оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi жобаларға қол қою немесе келiсу туралы шешімдер қабылдаған кезде ақпараттық-ұсынымдық сипатқа ие болады.
Кеңсенiң тиiстi жобаның өтуiне жауапты құрылымдық бөлiмшесi жүргiзілген сараптаманың нәтижелерi бойынша жобаға қорытынды дайындайды. Қорытынды мынадай ақпаратты қамтуға тиiс: жобаны қабылдау қажеттілігi неге негiзделдi, оны дайындау кезiнде осы Регламенттің талаптары сақталды ма, келiсушi мемлекеттік органдардың қандай қарсылықтары бар, жоба бойынша Үкiмет мүшелерiнiң дауыс беру қорытындылары, жоба сараптамасының нәтижелерi, оның iшiнде құқықтық сипаттағы және заңи техника бойынша ескертулер, жобаны пысықтау туралы мәлiметтер (ондай факт болған кезде), жоба бойынша өзге де қажетті мәлiметтер, жобаны қабылдау немесе қабылдамау мүмкiндiгi туралы ұсынымдар.
38. Кеңсе сараптама жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны мемлекеттік органға мынадай негiздер бойынша:
1) оның жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес келмеуi анықталғанда;
2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдерiндегі мәтiндерiнiң дәлме-дәл еместiгi анықталғанда;
3) Үкiмет бекiткен Кеңседе iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министрi өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу (заңды техника) жөнiндегі нұсқаулықтың және осы Регламенттің талаптарының бұзылғаны анықталғанда пысықтауға қайтаруға құқылы.
Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң өзге де аспектiлер бойынша терiс сараптамалық қорытындысы да Үкiмет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының жобаны қайтаруы үшiн себеп болуы мүмкiн.
39. Жоба пысықтауға мынадай түрде қайтарылуы мүмкiн:
1) мемлекеттік органдар бірiншi басшыларының не олар өкілеттік берген тұлғалардың қатысуымен өткен ?кімет мәжілiсiнiң немесе Үкiмет басшылығында немесе Кеңсе Басшысында өткен кеңестiң хаттамасы негiзiнде;
2) Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң жоба сараптамасының нәтижелерi бойынша қорытындысы негiзiнде Премьер-Министрдiң жобада қаралатын мәселелер құзыретiне жататын орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының не оның мiндетін атқарушы тұлғаның жазбаша тапсырмасы бойынша;
3) жобаны әзiрлеушi орган не оның өкілi (өкілетті тұлғасы) Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ескертулерiмен келiскен кезде Кеңсе Басшысының рұқсатымен әзiрлеушi өкіл (өкілетті тұлға) жобаның келiсу парағына қол қойып жұмыс тәртібімен. Әзiрлеушiнiң жобаны жұмыс тәртібімен пысықтау мерзiмi 7 жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзге мерзiм көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды, қайтадан дауыс беру өткізудi және енгізудi әзiрлеушiлер қайтарылған күнiнен бастап бір айдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырады (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда). Пысықтау мерзiмi аяқталғаннан кейiн әзiрлеушi Кеңсеге пысықталған жоба мен ол бойынша дауыс беру нәтижелерiн (Кеңсе белгiлеген нысан бойынша) не жобаны қараудан алу туралы жазбаша өтiнiштi ұсынуы тиiс.
Жоба пысықталғаннан кейiн Кеңсеге қайта енгiзілген кезде оған сараптама жүргiзудiң және қорытынды дайындаудың жаңа мерзiмi белгіленедi.
40. Ведомстволардың санын, министрлiктердiң, агенттіктердiң және ведомстволардың штат санын, олардың басшы лауазымды тұлғаларын өзгертудi (ұлғайтуды немесе қысқартуды) көздейтiн қаулылардың жобалары бойынша Үкiмет мұндай өзгерiске Мемлекет басшысының немесе оның уәкілеттігi бойынша Президент Әкiмшілiгiнiң жазбаша келісімiн алуы тиiс.
41. Кеңседе сараптама жүргізiлгеннен, жоба пысықталғаннан (осындай факт болған кезде) және қорытынды дайындалғаннан кейiн жоба Кеңседе iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тиiстi қорғалған елтаңбалық бланкiге көшiріледi, оған: орындаушы мен жобаның өтуiне жауапты құрылымдық бөлiмшенiң басшысы; жобаға сараптама жүргiзген құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары; жоба мәтiндерiнiң дәлме-дәлдiгiн және олардың мемлекеттік және орыс тілдерiнiң ережелерiне сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырған қызметкерлер бұрыштама соғады. Егер жоба және/немесе оған қосымшалар Кеңседе пысықтауға ұшыраса, онда пысықталған жобаға және/немесе оған қосымшаларға не олардың өзгертілген бөлiктерiне әзiрлеушi органның бірiншi басшысы немесе бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға әр парағына алдын ала қол қоюға тиiс.
42. Қаулылардың жобаларын Премьер-Министрдiң орынбасарларында келiсу Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес жүзеге асырылады. Премьер-Министрдiң орынбасарларында қаулылардың жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған кезде олар кеңестер өткізуi мүмкiн. Кеңестерде қабылданған шешiмдер кеңестердiң хаттамалары түрiнде ресiмделедi.
Мемлекеттік органдардың арасында қаулы жобасын келiсу процесiнде түзетiлмеген қағидатты келiспеушіліктер болған кезде, Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы жоба бойынша келiспеушілiктердi реттеу мақсатында нәтижелерi хаттамалар түрiнде ресiмделетiн кеңестер өткізуi мүмкiн. Егер талқыланып отырған мәселе бойынша өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, кеңесті өткізуші Премьер-Министрдiң орынбасары немесе Кеңсе Басшысы бұл туралы түпкілiктi шешім қабылдау үшiн Премьер-Министрге хабардар етедi.
Қаулының жобасы бойынша Үкiмет мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң ескертулерi және/немесе қарсылықтары болған кезде Премьер-Министр, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Кеңсе Басшысы Үкiмет мүшелерiнiң көпшілiгiмен келісілген шешiм шығару үшін кеңес өткізуi мүмкiн. Келісілген ұстанымға қол жеткiзiлмеген кезде Үкiметтiң қаулысы қабылданбайды, ол кеңес хаттамасында тiркелуi тиiс.
Қажет болған кезде Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы жобаны тиiстi мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қосымша келiсуге жiберуi мүмкiн.
Өкiмдердiң жобалары Премьер-Министрдiң орынбасарларымен Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында мiндеттердi бөлумен айқындалатын құзыретке сәйкес олардың мүдделілiгi анықталған жағдайда келiсіледi.
43. Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарларының келісімiнен (бұрыштама соғуынан) кейiн қаулының (өкiмнiң) жобасына Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және оны жоба бойынша шешiм қабылдау үшiн Премьер-Министрге не Премьер-Министрдiң мiндетiн атқарушы тұлғаға баяндайды.
Премьер-Министр қаулының (өкiмнiң) жобасын қажет болған кезде пысықтау және/немесе қосымша келiсу үшiн тиiстi мемлекеттік органға жiберуi мүмкін.
44. Үкiметтің қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр болмаған кезде Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Премьер-Министр белгілеген тәртiппен Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын оның орынбасарларының бірi қол қоя алады.
Қаулының (өкiмнiң) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейiн түзетулер енгізуге тыйым салынады.
45. Үкiметтің қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн тiркеу және есепке алу Кеңсе белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қол қойылған Үкiметтің қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Кеңсенiң тиiстi бөлiмшесi:
1) құпия емес қаулылар үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есепке алу реттiк нөмiрiнен, өкiмдер үшін - дефис арқылы "ө" әрпін қойып, күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есепке алу реттік нөмiрiнен;
2) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісi бар таралуы шектеулi қаулылар мен өкiмдер үшiн - құпия емес қаулылар (өкiмдер) үшiн кезектi peттік нөмiрден және "қбү" кiшi әрiптерiнен;
3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкiмдер үшiн - құпия қаулының (өкiмнiң) кезектi есепке алу нөмiрiн сызықша арқылы берілген құпиялық белгісiне сәйкес "аса м" - "Аса маңызды", "өқ" - "Өте құпия", "қ" - "Құпия" кiшi әрiптерiмен бірге қойып, құпия емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған кезекті реттік нөмiрден;
4) бекiтілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетiн қаулылар үшiн - әлiпбилiк тәртiппен берілетiн әрiптiк литерi (литерлерi) бар бастапқы қаулының реттiк нөмiрiнен тұратын тiркеу нөмiрлерiн бередi.
Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша қаулыларға (өкiмдерге) жоғарыда көрсетілген тәртiппен құпия емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған кезектi реттік нөмiрден кейiн дефис арқылы қойылатын сандық литерi бар тiркеу нөмiрлерi берілуi мүмкiн.
46. Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерінің түпнұсқалары тұрақты сақталатын құжаттарға жатады және Кеңседе кемiнде 15 жыл сақталады, осы мерзiм өткеннен кейiн олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға берiледi.
47. Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерінің куәландырылған көшiрмелерiн уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкiмдердiң) қосымша даналары Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана беріледi. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің куәландырылған көшiрмелерi немесе олардың үзiндi көшiрмелерi белгiленген тәртiппен адресаттардың шектеулi санына жiберiледi.
Оларда техникалық қателер анықталған кезде Үкiметтiң құпия емес қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң бұрын жiберілген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргiзіледi. Бұл ретте бастапқы жiберiлген даналарды алғандарға "Бұрынғы жiберілгеннiң орнына" ("Взамен ранее разосланного") мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкiмдердiң) түзетілген нұсқалары жiберіледi. Адресаттар көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқаны алғаннан кейiн олар қаулылардың (өкiмдердiң) бұрын жiберілген даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиiс.
Қаулыларды (өкiмдердi) қайтарып алу Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
Аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар (өкiмдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарылып алынады.
48. Жобалары осы Регламенттің талаптарын бұзып енгiзілген ?кіметтің және Премьер-Министрдiң қабылданған шешiмдеріндегі қателерге жобаны әзiрлеушi жауапты болады.
49. Үкiметтiң нормативтiк қаулысы қабылданғаннан кейiн министрлiктер мен олардың ведомстволары, агенттіктер, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдар бір ай мерзiмде өздерiнің кесiмдерiн ?кімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтiруге және қажет болған кезде оны iске асыру мақсатында тиісті кесiмдер шығаруға мiндеттi.
Осы тармақтың орындалуын бақылауды Әдiлет министрлігі жүзеге асырады.
50. Нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның кесiмдерiнiң күші жойылды деп тану, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелердi оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешедi.
6. ?кімет енгізетiн Президент
кесiмдерiнiң жобаларын дайындау
51. Үкiмет енгiзетiн Президент кесiмдерiнiң жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиiстi орган жүзеге асырады.
Президент кесiмдерiнiң жобалары Үкiмет қаулыларымен не Премьер-Министрдiң немесе оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлғаның хаттарымен Президент Әкiмшілiгiне енгiзіледi. Бұл ретте, әдетте, хаттармен Президент Әкiмшілiгi бұрын пысықтау үшiн қайтарған жобалар қайта енгізіледi.
Президент кесiмдерiнiң жобаларын келiсу кесiм жобасы мәтiнiнiң түпнұсқаларына (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) қол қойып (бұрыштама соғып) бекітуден және/немесе оның келiсу парағына бұрыштама соғудан көрiнедi.
52. Үкiмет Президент Әкiмшiлiгiне енгiзетiн мемлекеттік және орыс тілдерiнде дайындалған Президент кесiмдерiнiң жобалары мыналарды қамтуға тиiс:
1) Президент кесiмiнiң жобасын енгізу туралы Үкiмет қаулысының белгiленген тәртiппен ?кімет мөрiмен куәландырылған көшiрмесi немесе Премьер-Министрдiң не оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлғаның Президентке жолданған хатының түпнұсқасы;
2) Премьер-Министр немесе оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлға, Кеңсе Басшысы, жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның және Әділет министрлігінiң бірiншi басшылары (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғалар не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлғалар) бұрыштама соққан тиiстi бланкiдегi Президент кесiмiнiң жобасы. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға Президент кесiмiнiң жобасы мен оған қосымшаның әр парағына алдын ала қол қоюы тиiс. Басқа да келiсушi органдардың бірiншi басшылары (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғалар не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғалар) жобаға келiсу парағына бұрыштама соғады. Премьер-Министр немесе оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлға және Кеңсе Басшысы (оның мiндетiн атқарушы тұлға) бұрыштама соққан тиiстi бланкiдегi Президент кесiмiнiң жобасына әзiрлеушi орган және Әділет министрлiгі бірiншi басшыларының (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғалардың не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғалардың) бұрыштамасы бар жай қағаздың парақтарында ұсынылған, Үкiметке енгiзілген Президент кесiмiнiң жобасын қоса тiркеуге рұқсат етіледi;