Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1415 Қаулысы
(2014.22.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi бекiтілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | А. Есімов |
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1002 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1415 қаулысымен
бекітілген
Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар
қызметкерлерiнiң
тiзбесi
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
молайту саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге
асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) төрағасы - Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы.
2. Комитет төрағасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары.
3. Комитеттiң орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын басқармалар басшылары, бас сарапшылары - Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы.
4. Комитеттiң орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын сарапшылары - Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.
5. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің басшылары - тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
6. Комитеттiң аумақтық бөлімшелері басшыларының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары - тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.
7. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бөлiмдерiнiң басшылары - тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі аға мемлекеттік инспекторы.
8. Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бас және жетекшi мамандары - тиiстi облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.
Орман шаруашылығын және жануарлар дүниесін тікелей қорғауды
жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар
1. Орман шаруашылығын және жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшылары, және олардың орынбасарлары - орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі инспекторлар.
2. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас аңшылық танушы және бас ихтиолог, аңшылық танушы және ихтиолог, бас қорықшы, қорықшы-инспектор.