Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1415 Қаулысы
(2013.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi бекiтілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1415 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1413 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық
бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге
асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң
тiзбесi
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен
қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер
ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1102 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi мен Балық шаруашылығы комитетiнiң (бұдан әрi - Комитеттер) төрағалары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы.
2. Комитеттер төрағаларының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Комитеттердiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын басқармалар бастықтары, бас сарапшылары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы.
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Комитеттердiң жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын сарапшылары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Комитеттердiң аумақтық бөлімшелердің бастықтары - тиiстi облыстың (бассейннің) Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Комитеттердiң аумақтық бөлімшелері бастықтарының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары - тиiстi облыстың (бассейннің) Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Комитеттердiң аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бөлiмдерiнiң бастықтары - тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі аға мемлекеттік инспекторы.
ҚР Үкіметінің 2010.14.06. № 566 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Комитеттердiң аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бас және жетекшi мамандары - тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік инспекторы.
Жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар
1. Жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары - жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі инспектор.
2. Бас аңшылық маманы және ихтиолог, аңшылық маманы және ихтиолог, аға қорықшы, қорықшы - жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі инспектор.