Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 1247 Қаулысы
(2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң «Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесі одан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесiн (бұдан әрi - Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 229-қосымшада:
010 «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету» деген бағдарламада:
«Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесінде:
5-бағанда:
үшiншi абзацта:
«576» деген сандар «409» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
«Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь - 167 бiрлiк;";
төртiншi абзацтағы «госпиталін;»деген сөзден кейін «Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталін» деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi абзацтағы «госпиталь» деген сөзден кейiн», Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» деген сөздермен толықтырылсын;
7-бағандағы «госпиталь,»деген сөзден кейiн», Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь;»деген сөздермен толықтырылсын;
3) ҚР Үкіметінің 2005.05.03. № 214 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | Д.К. Ахметов |