Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң "Отан соғысының
мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" мемлекеттік
мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 1247 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң "Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь" мемлекеттік мекемесі одан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь" мемлекеттік мекемесiн (бұдан әрi - Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 52-1-жолмен толықтырылсын:
"52-1. Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь";
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 229-қосымшада:
010 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету" деген бағдарламада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
5-бағанда:
үшiншi абзацта:
"576" деген сандар "409" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь - 167 бiрлiк;";
төртiншi абзацтағы "госпиталін;" деген сөзден кейін "Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталін" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi абзацтағы "госпиталь" деген сөзден кейiн ", Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" деген сөздермен толықтырылсын;
7-бағандағы "госпиталь," деген сөзден кейiн ", Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь;" деген сөздермен толықтырылсын;
3) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 23, 292-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген 5-бөлiмде:
"Отан соғысының мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь" деген жолдың 3-бағанындағы "576" деген сандар "409" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Отан соғысының мүгедектеріне
арналған орталық клиникалық госпиталь 167".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | Д.К. Ахметов |