Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысы
(2006.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiкті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы жарты жылдық қорытындылары бойынша жылына екi рет, 15 қаңтарда және 10 шiлдеде ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы жарты жылдық қорытындылары бойынша жылына екi рет, 30 қаңтарда және 25 шілдеде жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 30 қарашадағы
№ 1241 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды
одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның паспорты
Кiрiспе
I бөлiм. Әлеуметтік қамсыздандырудың қазiргi жағдайын талдау
II бөлiм. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
III бөлiм. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiгi
3.1. Мемлекеттік әлеуметтiк стандарттарды жетiлдiру
3.2. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру
3.2.1 Әлеуметтiк қамсыздандырудың негiзгi деңгейi
3.2.2. Негiзгi әлеуметтік қатерлердi әлеуметтiк сақтандыруды
дамыту (қарттықтың басталуы, еңбек ету қабiлетiнен айрылу,
асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу)
3.2.3. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетiлдiру
3.3. Мүгедектердi оңалту жүйесін жетілдіру
3.4. Әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн жетілдiру
3.5. Халықты өнiмдi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек
қатынастарын реттеудi жетiлдiру
3.5.1. Заңды секторда халықты өнiмдi жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу.
3.5.2. Еңбек қатынастарын жетілдiру және әлеуметтік
әріптестікті дамыту
3.5.3. Көлеңкелi жұмыспен қамтуды заңдастыру шаралары
3.6. Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн басқаруды жетiлдiру
3.6.1. Әлеуметтiк реформаларды тереңдетудiң өңiрлiк аспектісi
3.6.2. Ақпараттық қамтамасыз етудi және әлеуметтiк
статистиканы жетiлдiру
3.6.3. Кадрмен қамтамасыз ету
3.7. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
IV бөлiм. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
V бөлiм. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер
VI бөлiм. Қазақстан Республикасында әлеуметтiк
реформаларды одан әрi тереңдетудің 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
Iс-шаралар жоспары
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасында әлеуметтік
реформаларды одан әрi тереңдетудiң
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы.
Әзiрлеу үшін негiздеме Қазақстан Республикасы Президентінің
"Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшін,
бәсекеге қабiлетті экономика үшін,
бәсекеге қабiлеттi халық үшін" Қазақстан
халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы жолдауы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 20 ақпандағы № 44-ө өкімі.
Әзiрлеушілер Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 20 ақпандағы № 44-ө өкімімен
құрылған жұмыс тобы.
Бағдарламаның мақсаты Негізгі сипаттамасы қаржылық тұрақтылық
және мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер
арасындағы жауапкершілiктi бөлу болып
табылатын әлеуметтiк қамсыздандырудың үш
деңгейлi жүйесiн құру.
Мiндеттерi Мемлекеттік әлеуметтiк стандарттар жүйесiн
халықаралық стандарттарға кезең-кезеңiмен
жақындастыру;
негізгі әлеуметтiк қатерлердi әлеуметтiк
сақтандыруды дамыту (қарттықтың басталуы,
еңбек қабiлетiнен айрылу, асыраушысынан
айрылу, жұмысынан айрылу);
әлеуметтік көмектi ұйымдастыруды
жетiлдiру (кедейлiкті азайту);
әлеуметтiк қызметтердiң қол жетiмдiлігін
кеңейту және сапасын арттыру;
мүгедектердi әлеуметтік оңалтуды
жетiлдiру;
заңды (ресми) сектордағы еңбек
өнiмділігiне уәждемелеудi күшейту жөніндегі
еңбек заңдарын одан әрi жетілдiру және
жалақының өсуiнiң еңбек өнiмділігінiң
өсуiне байланысын белгiлеу үшiн жағдайлар
жасау;
халықты әлеуметтiк қамсыздандырумен
кеңiрек қамту және әлеуметтiк қамсыздандыру
схемасын жеке таңдауға мүмкiндiктерiн беру
үшiн жағдайлар жасау;
жүйенiң барлық субъектiлерiн (мемлекет,
қызметкерлер мен жұмыс берушілер,
алушылар) әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн
басқаруға қатыстыру тетiктерiн жасау;
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiнiң жұмыс
iстеуiн қамтамасыз ететiн институттарды
одан әрi дамыту;
ақпараттық қамтамасыз етудi және
әлеуметтiк статистиканы жетiлдiру;
әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң
мамандарын даярлауды және олардың
біліктілiгін арттыруды қамтамасыз ету;
жергілiктi атқарушы органдардың
Бағдарламаның өңiрлiк аспектілерiн iске
асыру үшiн жауапкершілігiн арттыру;
әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң
нормативтік құқықтық базасын жетiлдiру.
Iске асыру мерзiмi 2005-2007 жылдар
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 40 қаулысымен өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қаржыландыру көлемi Қаржыландыру көздерi - мемлекеттік
мен көздерi бюджеттiң қаражаты, жұмыс берушiнiң
және/немесе қызметкерлердiң мiндеттi
және ерiктi жарналары болып табылады.
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік
бюджеттен барлығы 994599,9 млн. теңге
сомасында қаражат талап етіледі,
оның ішінде республикалық бюджеттен:
2005 жылы - 276230,5 млн. теңге;
2006 жылы - 341203,4 млн. теңге;
2007 жылы - 363736,9 млн. теңге;
жергілікті бюджеттен:
2006 жылы - 6519,0 млн. теңге;
2007 жылы - 6910,1 млн. теңге.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша
шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына
арналған "Республикалық бюджет туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
белгiленетiн (нақтыланатын) болады.
Жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды
жергiлiктi өкiлдi органдар белгілейтiн
болады.
Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру:
мемлекеттік бюджет қаражаты, жұмыс
берушiнiң және/немесе қызметкерлердiң
мiндетті және ерiкті жарналары есебiнен
халықты әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн
арттыруға;
халықты әлеуметтік қамсыздандыру ауқымын
кеңейтуге;
кедейлiк деңгейiн азайтуға;
еңбек жағдайлары мен еңбек қауiпсiздiгiн
жақсартуға;
көлеңкелi жұмыспен қамтуды азайтуға;
жұмыссыздық деңгейiн азайтуға;
көрсетілетiн әлеуметтік қызметтердiң
сапасын арттыруға;
әлеуметтiк қатерлердi сақтандыруды және
сақтандыру рыногын дамытуға;
әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнде
әлеуметтiк төлемдер мен аударымдар есебiнiң
және оларды бақылаудың бiрыңғай дербес
жүйесiн құруға ықпал етеді.
Кiрiспе
Әлеуметтiк қамсыздандыруды реформалау, өнiмдi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейiн арттыру мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық саясатының маңызды бағыттары болып табылады.
Елдi дамытудың әрбiр сатысында әлеуметтік қамсыздандыру деңгейi оның экономикалық және қаржылық мүмкiндiктерiмен айқындалады.
Инфляцияның жоғарылығымен, өндiрiстiң құлдырауымен және жұмыссыздықпен сипатталған экономикалық қиындықтар мен дағдарыстың алғашқы жылдарында әлеуметтiк саланы дамытудың мүмкiндiктерi бiршама шектеліп қалған болатын. Осы жылдары мемлекет азаматтардың тұрмыс деңгейiнiң күрт құлдырап кетуiнiң зардаптарын жеңiлдетуге және халықтың мейлiнше аз қамтылған топтарын қорғауға бағытталған шаралар қабылдаған едi.
Тоқсаныншы жылдардың екiншi жартысында басталған экономикалық өсу белсендi әлеуметтiк саясат жүргізу үшiн алғышарттар жасады. Жаңа жағдайларда әлеуметтiк қорғау жүйесiн реформалаудың еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңдар шығаруға және оларды iске асыруға, жұмыспен қамтуға белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшуге және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Алайда әлi де орын алып отырған кедейлiк, жұмыссыздық, халықтың қартаң тартқан қатарының көбеюi, рыноктарды жаһандандыру, сондай-ақ биресми сектордың көбеюi әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдете түсудi талап етедi. Бұл осы Бағдарламаны әзiрлеу қажеттігін тудырды. Осы Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабiлетті экономика үшiн, бәсекеге қабiлетті халық үшін" 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 44-ө өкімі болып табылады.
I бөлiм. Әлеуметтік қамсыздандырудың қазiргi
жағдайын талдау
Қазақстанда қазiргі уақытта қолданылып жүрген әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесi мемлекеттің басым қатысуымен сипатталады. Зейнеткерлерді, мүгедектердi, асыраушысынан айрылған адамдарды және халықтың өзге де санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады.
Бүгінде әлеуметтік қамсыздандырумен 3,5 млн. артық адам (немесе барлық халықтың 23,6%) қамтылған.
2004 жылы әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған шығыстар (жоспар) 1999 жылмен салыстырғанда бiр жарым еседен астамға көбейді.
Бұл халықтың табысының едәуiр көбеюiне мүмкiндiк бердi, оны мынадай индикаторлардың өсуiнен көруге болады. 1999 жыл мен 2004 жыл аралығында
- жалақының ең төменгi мөлшерi 2,5 есеге (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейiн);
- зейнетақының ең төменгi мөлшерлерi - 1,9 есеге (3000 теңгеден 5800 теңгеге дейiн);
- орташа жалақы - шамамен 2 есеге (11864 теңгеден 26048 теңгеге дейiн);
- зейнетақының орташа мөлшерi - 2 есеге (4104 теңгеден 8529 теңгеге дейiн);
- ең төмен күнкөрiс деңгейi - 1,5 есеге (3394 теңгеден 5394 теңгеге дейiн);
- мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылардың орташа мөлшерi - 1,3 есеге (3441 теңгеден 4670 теңгеге дейiн) өсті.
Маңызды әлеуметтiк игіліктердiң жалпыға бiрдей қол жетiмділігін және қоғамдық жағынан қолайлы сапасын қамтамасыз ету мақсатында реформалау барысында мемлекеттік ең төменгi әлеуметтік стандарттар: ең төмен күнкөріс деңгейi, жалақы мен зейнетақының ең төменгi мөлшерi, еңбек жағдайларының стандарттары мен еңбекақы төлеу, әлеуметтiк қызметтерді ұсыну нормативтері және т.б. белгiлендi және қазiргі уақытта пайдаланылып жүр.
Алайда қазiргi қолданылып жүрген мемлекеттік әлеуметтiк стандарттар өзгерiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды көрсетпейтiн болды және олардың арасында қажеттi жүйелi өзара байланыс жоқ. Әлеуметтік төлемдердi есептеудiң экономикалық негізделген нормативтерінің және олардың еңбекке ақы төлеудiң жүйесімен өзара байланысының жоқтығынан жұмыс iстейтiн адамдар мен әлеуметтік төлемдер алатын адамдар табысының арасындағы тиiстi байланыстар жоғалып кеткен. Осыған байланысты мемлекеттік әлеуметтiк стандарттарды жетiлдiру жөнiндегі жұмыс басталып та кетті.