Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1207 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Республика аумағында жануарлардың жiтi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және жануарлар мен адамға ортақ аурулардан азаматтардың денсаулығын қорғау және эпизоотологиялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде:
тақырыбы «Жануарларды» деген сөздiң алдынан «Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы «туляремия» деген сөзден кейiн», аусыл» деген сөзбен толықтырылсын;
бесiншi абзацтағы «аденомотоз» деген сөзден кейiн», шешек, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде:
екiншi абзацтағы «нодулярлық дерматит (зкзотикалық ауру)»деген сөздерден кейiн», қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы» деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацтағы»(экзотикалық аурулар)»деген сөздерден кейiн», күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесiнде:
8 және 19-тармақтар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бақылауда болатын жүктердi әкелуге уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды.»;
23-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бақылауда болатын жүктердiң транзитiне уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. Ахметов |