Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі «Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 921 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң «Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағына берiлсiн.
2. Орталықтың мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Орталықтың жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге ұсынсын;
2) Орталықты әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы № 921 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 11 наурыздағы № 198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 8, 51-құжат):
тақырыбы мен мәтінінде «жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстардың, «жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар», деген сөздер тиiсiнше «мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды», «мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «жабық тақырып» деген сөздер «мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң тәртібінде:
тақырыбы мен мәтінiнде: «жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды», «жабық ҒЗТКЖ» деген сөздер тиiсiнше «мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды»; «құпиялы ҒЗТКжЖТЖ» деген сөздермен ауыстырылсын;
«FЗТКЖ» деген аббревиатура «ҒЗТКжЖТЖ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
3-тармақтағы:
«ғылыми мекемеге» деген сөздер «қазыналық кәсiпорынға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Салааралық» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы «жабық тақырыптар» деген сөздер «мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырыптар» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 157-35-жолмен толықтырылсын:
«157-35. «Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы».
4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111; 26.11.04 ж. № 1237 қаулыларымен күші жойылды (бұр. ред. қара)