Қалпына келтiрiлетiн қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың әкетiлуiне тыйым салуды енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 908 қаулысы
(2006.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 769 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8-бабына сәйкес, сондай-ақ отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару және дайын өнiм экспортын ынталандыру есебiнен iшкi өндiрiс көлемiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қалпына келтiрiлетiн қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың (ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН коды 4707) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлуiне тыйым салынсын.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 38 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабарласын.
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |