Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeciн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі № 779 қаулысы
(2007.20.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 917 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 21 шілдедегі № 779 қаулысымен
Бекiтiлген
Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeci
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2007.20.08. № 716 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргізу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, атқару процесiнде олардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртібін және көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2007.20.08. № 716 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламалардың тиімдiлігін бағалауды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi, бюджеттi жоспарлау, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалау iске асырылатын бағдарламалардың түпкi мақсатына қол жеткiзу дәрежесiн айқындау үшiн шығыстардың тиiмдiлiк, уақтылылық, сапа, нәтижелiлiк өлшемдерi қолданыла отырып жүргiзiледi.
Тиiмділік өлшемi - бұл мемлекет ұсынған қызметтер (орындалған жұмыстар) бiрлiгiне болған шығыстардың көлемiн сипаттайтын сандық көрсеткiш.
Уақтылылық өлшемi - iс-шараларды (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу) орындаудың белгiленген мерзiмдерiн ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуын сипаттайтын көрсеткiш.
Сапа өлшемi - мемлекеттік қызмет көрсетулердi алушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру деңгейiн (сапасын) сипаттайтын көрсеткiш.
Нәтижелiлiк өлшемi - бюджеттік бағдарламалардың мақсатына қол жеткiзу деңгейiнiң (дәрежесiнiң) көрсеткiшi.
Нәтижелiлiктi бағалау бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қызметiнiң тiкелей және соңғы нәтижесiн айқындау жолымен қамтамасыз етіледi.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қызметiнiң тiкелей нәтижесi - бұл бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң есептi кезеңде ұсынған қызметтерiнiң (орындалған жұмыстарының) көлемiн сипаттайтын сандық көрсеткiш.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қызметiнiң соңғы нәтижесi - бұл бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджетті атқару процесiнде мемлекеттік саясат мақсаттарына қол жеткiзуiн сипаттайтын сапалық көрсеткiш.
Көрсетілген өлшемдер өлшенетiн және тексерілетiн болуы тиiс.
Жоғарыда аталған өлшемдер арқылы:
бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау сатысында олардың есебiн және негiздемесiн талдау;
бюджеттік бағдарламалардың ағымдағы атқарылуын және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына олардың ықпал етуiн талдау;
бюджеттік бағдарламаларды iске асыру мен бақылаудың барлық сатыларында оларды атқарудың неғұрлым тиiмдi және нәтижелi әдiстерi мен тәсiлдерiн әзiрлеу жүзеге асырылады.
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалаудың әрбiр өлшемi бойынша түрлi көрсеткiштердi айқындайды.
5. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалаудың сапалы деңгейiн және бағдарламаны iске асырудың жоғары нәтижелерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiне тиiстi бюджет комиссиясының шешiмi бойынша алдағы қаржы жылына қосымша бюджет қаражаты көзделуi мүмкiн.
2. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалауды
жүргізу тәртібі
6. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды:
бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi бюджет үш сатыда (бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде, бюджеттің атқарылуы кезiнде, бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылау кезiнде);
бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган;
бюджеттiң атқарылуы кезiнде бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілеттi орган;
бюджеттiң атқарылуын ішкi бақылау кезiнде ішкi бақылау жөніндегi уәкілетті орган жүргiзедi.
3. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік бағдарламалардың
тиiмдiлігін бағалауды жүргізуi
7. Республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi (бұдан әрi - бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi) бағдарламалардың орындалуының тұрақты мониторингі, ағымдағы ахуалды талдау және тиістi саладағы (сектордағы) ахуалдың өзгеруi негiзiнде өздерi әкiмшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін ішкі бағалауды, соның iшiнде мақсатты трансферттердi аударумен және пайдаланумен байланысты бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты (бұдан әрi - ОФС) әзiрлеу кезінде жүзеге асырады.
Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi:
мемлекеттік басымдықтар мен әлеуметтік-экономикалық дамудың мiндеттеріне сәйкес бағдарламаның орындылығын бағалауды қоса алғанда, бағдарламаның толық негiздемесiмен бюджеттік бағдарламаны бағалауды;
бағдарламаны iске асырудың ұсынылып отырған тәсiлi нелiктен неғұрлым тиiмдi және өнiмдi болып табылатындығының себептерін көрсете отырып, ұсынылып отырған бағдарламаны iске асырудың ықтимал тәсiлдерiн бағалауды; осы Ереженiң 8-тармағына сәйкес бағдарлама нәтижелерінiң тиімділілiк, уақтылылық, сапа және нәтижелілiк өлшемдерi бойынша алдағы үш жылдық кезеңде жоспарланып отырған көрсеткiштерін, олардың бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi органға берiлген өткен кезеңдегi нақты көрсеткiштермен салыстырылуын ұсынады.
ОФС әзiрлеу кезiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi бюджеттік бағдарламалардың тиімділiгін бағалау нәтижелерi ағымдағы жылдың наурызына дейiн бюджетте жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ол белгiлейтiн нысан бойынша ұсынылады;
2) бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептi жасау және оны бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде соңғысы белгілейтiн нысан бойынша ұсыну арқылы бюджеттiң атқарылуы процесiнде жүзеге асырады.
Көрсетiлген есепте осы Ереженiң 8-тармағына сәйкес есептi кезеңдегi нақты көрсеткіштердi көрсету қажет.
3) ішкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын iшкi бақылауды жүргiзу процесiнде жүзеге асырады.
8. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi осы Ереженiң 3-тармағында көрсетілген шығыстардың тиімділiк, уақтылылық, сапа, нәтижелілiк өлшемдерiн ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиiмділiгін бағалауды мынадай бағыттар бойынша жүргiзедi:
1) бюджеттік бағдарламаны iске асырудың экономикалық тиімділігін бағалау тиiмділiк өлшемiн қолдана отырып жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламаны iске асырудың экономикалық тиiмділігі бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажеттi бюджет қаражатының оңтайлы көлемiн пайдаланумен қамтамасыз етіледi.
Бюджеттік бағдарламаны iске асырудың экономикалық тиiмділігі:
мемлекет ұсынатын қызметтер (орындайтын жұмыстар) бiрлігiне арналған шығындардың жоспарланатын көлемiн өткен кезеңде бюджеттік бағдарламаны iске асыру барысында мемлекет ұсынған қызметтер (орындаған жұмыстар) бiрлігіне нақты жұмсалған шығындар көлемiмен немесе басқа бағдарламалар бойынша осыған ұқсас шығындармен салыстыру;
соңғы үш жыл iшiнде бюджеттік бағдарламаны iске асыруға арналған шығындар серпінін талдау жолымен айқындалады;
2) бюджеттік бағдарламаны басқару тиiмділiгін бағалау.
Бюджеттік бағдарламаны басқару тиiмділігі уақтылылық өлшемiн қолдана отырып:
қаржыландыруға ұсынылатын iс-шараларды толық көлемде орындау негiздемесi;
жоспарланған, бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген iс-шаралармен салыстырылған сандық көрсеткіштер мен сапалық сипаттамаларды көрсете отырып, есептi кезеңде нақты орындалған iс-шараларды талдау;
бюджеттік бағдарлама шеңберiнде iске асырылған iс-шаралардың жоспарланған iс-шаралардан ауытқу себептерiн анықтау;
жекелеген бюджеттік бағдарлама бойынша:
бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сәйкес төлемдер бойынша бюджет қаражатын игерудiң уақтылығын;
бюджет қаражатының игерiлмеуіне алып келген факторларды талдауды көрсететін қаражатты игеру мониторингi.
Бұл ретте бюджет қаражатының есептi кезеңде игерiлмеген сомасы бюджеттік бағдарламаның есептi кезеңдегі шығыстарын кассалық атқару сомасы мен сол кезеңдегі төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарының сомасы арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалады;
бюджеттік бағдарлама бойынша кредиторлық және дебиторлық борыштың болуы себептерiн талдау жолымен айқындалады;
3) бюджеттік бағдарламаны iске асырудың сапасын бағалау оны iске асыру барысында сапа өлшемiн қолдана отырып:
мемлекеттік қызмет көрсетулердi алушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға қол жеткiзудің жоспарланатын және нақты деңгейiн белгілеу, оларды салыстыру және серпiнi;
ұсынылатын мемлекеттік қызметтер сапасының төмен болуын талдау жолымен жүргiзіледi;
4) нәтижелілікті бағалау нәтижелілiк өлшемiн ескере отырып:
бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған iс-шаралар бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткiзуге қаншалықты және қандай жолмен ықпал ететінін талдау;
осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшiсi қызметiнiң тiкелей және соңғы нәтижесін айқындау жолымен қамтамасыз етіледi.
9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалаудың қосымша өлшемдерi мен көрсеткiштерiн айқындауы мүмкін.
4. Бюджет жобасын әзірлеу кезiнде бюджеттік
бағдарламалардың тиімділігін бағалау
10. Бюджет жобасын әзiрлеу кезiнде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау бюджет қаражатының тиiмдi, нақтылы бөлiнуiне қол жеткiзу мақсатында жүзеге асырылады.
11. Республикалық бюджеттiң немесе жергілiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен қаржыландырылуға ұсынылатын бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау:
1) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi жүргiзген бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалаудың нәтижелерi;
2) бюджетті атқару жөнiндегі уәкiлеттi орган жүргiзген бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерi;
3) бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылау жөніндегі уәкiлеттi орган жүргізген тиімділікті бақылау нәтижелері;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтiнiмдерi негiзiнде жүргізіледі.
12. Бюджетті жоспарлау жөнiндегі уәкілетті орган осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген шығыстардың тиiмдiлiк, уақтылылық, сапа, нәтижелiлiк өлшемдерiн ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалауды мынадай бағыттар бойынша жүргiзедi:
1) iске асырылуы нормативтiк құқықтық актiлерге (заңнамалық кесiмдерi, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалар, өзге де нормативтік құқықтық кесімдер) сәйкес көзделетiн бюджеттік бағдарламаның оларға сәйкестігін бағалау;
2) бюджеттік бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн бағалау. Бюджеттік бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi олардың жоспарланып отырған кезеңдегi орындылығына, айқын баяндалғанына, нақтылығына, бюджетті атқару қорытындылары бойынша олардың қол жетімділігін тексеру мүмкiндігiне, өткен кезеңде iске асырылған бюджеттік бағдарламалармен сабақтастығына және салыстырымдылығына қатысты қаралады;
3) нақтылығы (белгіленген мерзiмдерде iске асыру мүмкiндігі) қойылған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкестiгі, көрсетілген сандық және сапалық сипаттамалардың толықтығы (сандық және сапалық көрсеткiштер бюджеттік бағдарламалардың қойылған мақсаттары мен мiндеттерiне қол жетімділігін бағалауға мүмкіндік бере ме, оларды бюджетті атқарудың қорытындылары бойынша тексеру мүмкін бe), жоспарланып отырған іс-шаралардың өткен кезеңде iске асырылған іс-шаралармен сабақтастығы мен салыстырымдылығы тұрғысынан қаралатын бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шараларды бағалау;
4) бюджеттік бағдарламаларды iске асырудың жоспарланып отырған кезеңде күтілетін нәтижелерін олардың бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкестiгiне, нақтылығына, олардың болуын бюджеттік бағдарламаның орындалу қорытындылары бойынша тексеру мүмкiндiгiне, өткен кезеңде алынған нәтижелермен сабақтастығы мен салыстырымдылығына қатысты бағалау;
5) бюджеттік бағдарламалардың құнын есептеулердiң дұрыстығы мен негізділігiне, шығыстардың келтiрiлген лимиттерiне сәйкестігіне, үнемділiгiне, жоспарланған iс-шараларға сәйкестiгiне қатысты бағалау;
6) бюджеттік бағдарламалардың өткен жылдарда орындалуының нәтижелерiн бағалау.
13. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалау нәтижелерi бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджет комиссиясының қарауына ұсынылатын қорытындысында баяндалады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жiберiледi.
14. Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділiгiн бағалау нәтижелерi бойынша бюджет комиссиясы аталған бағдарламаны мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру (қаржыландырмау) туралы немесе оны пысықтау туралы тиістi шешiм қабылдайды.
5. Бюджетте атқару кезiнде бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін
бағалау
15. Бюджетті атқару кезiнде бюджеттік бағдарламалардың тиiмділiгiн бағалауды бюджеттік бағдарламалардың сапа деңгейi мен уақтылы iске асырылуын және бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң олардың орындалуына жауаптылығын арттыру мақсатында бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлетті орган жүргiзедi.
Бюджеттi атқару кезiнде бюджеттік бағдарламалардың тиiмділiгiн бағалаудың негiзгі міндеттерi:
бюджеттік бағдарламалардың iске асырылу барысын бағалау;
қаражатты тиiмдi және нәтижелi жұмсауды бағалау;
бюджеттік бағдарламаларды iске асырудың тиiмділiгiн арттыру және оларды одан әрi қаржыландыру жөнінде ұсыныстар әзiрлеу;
бюджет қаражатын басқару кезiнде бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi iс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
16. Бюджетті атқару кезiнде бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігiн бағалау қаржы жылының қорытындылары бойынша жүргiзiледi.
17. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган республикалық бюджеттің немесе жергілiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалауды:
бюджеттік бағдарламаның паспорты;
республикалық немесе тиiстi жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептер;
бюджеттік бағдарламаның iске асырылуы туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi ұсынатын есептер;
бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi жүргiзген бюджеттік бағдарламалардың тиiмділiгiн бағалау нәтижелерi;
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық және дебиторлық берешектерi туралы есептер;
басқа да ақпараттар негiзiнде жүргiзедi.
18. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген шығыстардың тиімділік, уақтылылық, сапа, нәтижелілiк өлшемдерiн ескере отырып, бюджеттік бағдарламаның тиiмділігін бағалауды жүргiзедi.
19. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган бюджеттік бағдарламаның тиiмділігін бағалау нәтижелерi бойынша оны iске асырудың тиiмдiлiгiн одан әрi арттыру, оны бұдан әрi iске асырудың орындылығы немесе оны iске асыруға арналған бюджет қаражатын қысқарту жөнiнде ұсыныстарды тұжырымдайды және бюджетте атқару жөніндегі уәкілеттi органның басшысы қол қоятын қорытынды (жалпы қорытынды) дайындайды, онда: бюджеттік бағдарламалардың тиімділiгiн бағалау нәтижелерi;
бюджеттік бағдарламаларды iске асырудың тиімділігiн арттыру, оларды бұдан әрi iске асырудың орындылығы немесе оларды iске асыруға арналған бюджет қаражатын қысқарту жөнiнде ұсынымдар көрсетiледi.
20. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi жүргiзген бюджеттік бағдарламаны iске асырудың тиiмділігін бағалау нәтижелерi бойынша қорытындысы есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн тиiстi бюджет комиссиясына, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілеріне табыс етіледi.
6-бөлім. ҚР Үкіметінің 2007.20.08. № 716 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)