Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 сәуірдегі
№ 493 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 12 шілдедегі № 757 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн бекiре балықтары түрлерiнiң уылдырығы саудасын ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 493 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 19, 250-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
тақырыбындағы "өндiрiлетiн" деген сөз алынып тасталсын;
1, 2 тармақтардағы "өндiрiлетiн" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |