Қазақстан Республикасында бекiре балықтары түрлерiнiң уылдырығы саудасын ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 493 Қаулысы
(2004.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 825 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. № 757 қаулысымен тақырыбы өзгерді
Бекiре балықтары түрлерiнiң уылдырығы саудасын реттеу, Қазақстан Республикасының аумағында оның заңсыз айналымын болдырмау мақсатында және «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. № 757 қаулысымен 1-тармақ өзгерді
1. Қазақстан Республикасында бекiре балықтары түрлерiнiң уылдырығын iшкi және сыртқы рыноктарда сату үшiн таңбалаудың бiрыңғай жүйесi белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. № 757 қаулысымен 2-тармақ өзгерді
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасында бекiре балықтары түрлерiнiң уылдырығын iшкi және сыртқы рыноктарда сату үшiн таңбалау ережесін әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |