Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң
Ақпарат және мұрағат комитетiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен тақырыбы және мәтінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Мемлекеттік мекемелер:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттік мұрағаты;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшiрмелерiн жасау және қалпына келтiру орталық зертханасы;
5) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Құжаттану және мұрағат iсi жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы құрылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) көрсетiлген мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекiтудi және олардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1999 жылғы 7 мамырдағы № 543 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң
Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың
тiзбeci
Мемлекеттік мекемелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттік мұрағаты.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшiрмелерiн жасау және қалпына келтiру орталық зертханасы.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Құжаттану және мұрағат iсi жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.