Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан
Республикасы ?кіметінiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi
Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 418 қаулысы
(2006.25.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2007.08.02. № 90 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.ҚР Үкіметінің 2006.25.03. № 205 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлi мiндетiнен босатылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына:
1-тармақта:
3) тармақшаның екiншi абзацында «Ерболат Асқарбекұлы Досаев» деген сөздер «Арман Ғалиасқарұлы Дунаев» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның екiншi абзацында «Ерболат Асқарбекұлы Досаев» деген сөздер «Арман Ғалиасқарұлы Дунаев» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 2 шiлдедегi № 643 қаулысына:
1-тармақ алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |