«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы
Yкіметінің өкілдері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 наурыздағы № 205 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1272 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.
2. Арман Ғалиасқарұлы Дунаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері және Басқарушылар Кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 418 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |