Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптамалар
жүргізуді қаржыландыру үшін республикалық инвестициялық жобалардың
тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 1 сәуірдегі № 376 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 693; 28.09.04 ж. № 990 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 004 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптама жасау" республикалық бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен қоса беріліп отырған Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізуді қаржыландыру үшін республикалық инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 сәуірдегі
№ 376 қаулысымен
бекітілген
004 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық
негіздемелерін әзірлеу және сараптама жасау" республикалық бюджеттік
бағдарламаның қаражаты есебінен Техникалық-экономикалық негіздемелерін
әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізуді қаржыландыру үшін
республикалық инвестициялық жобалардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 693 қаулысымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 28.09.04 ж. № 990 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
┌───┬────────────────────────────────────┬───────────────────────┐
│Р/с│ Жобаның атауы │Техникалық-экономикалық│
│ N │ │негіздемелерін әзірлеу │
│ │ │және оларға мемлекеттік│
│ │ │сараптама жүргізуді │
│ │ │қаржыландыру көлемі │
│ │ │ (мың теңге) │
├───┴────────────────────────────────────┴───────────────────────┤
│ 1 2 3 │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар │
│ министрлігі │
│────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│1 "Байқоңыр" ғарыш айлағында │
│ "Бәйтерек" зымыран-ғарыш 23 850 │
│ кешенін құру │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│2 Көкшетау қаласы арқылы Астана - 2 250 │
│ Петропавл автомобиль жолының │
│ ұзақтығы 223 км (7-230) "Астана - │
│ Бурабай" учаскесін қайта жаңарту │
│ (төрт жолақты қозғалысы бар І │
│ техникалық санатқа көшіру) │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық │
│ ресурстар министрлігі │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│3 "Курчатов қаласында Ядролық │
│ технологиялар орталығы" 49 000 │
│ технопаркін құру │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│4 Ядролық медицина және биофизика 38 000 │
│ орталығын құру │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│5 Астана қаласында 500 төсекке арналған │
│ Республикалық ана мен бала ғылыми │
│ орталығын салу 36 713 │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│6 Қазақстан Республикасының Туберкулез 1 500 │
│ проблемалары ұлттық орталығының жанында │
│ Ұлттық референц зертханасын салу │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│7 Астана қаласында 220 төсекке арналған 24 000 │
│ Республикалық нейрохирургия ғылыми │
│ орталығын салу │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│8 Астана қаласында ауысымда 500 адам 9 000 │
│ қабылдайтын диагностикалық орталық салу │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│9 Астана қаласында ішкі әскерлердің тұрғын 9 880 │
│ үйі бар үлгілік әскери қалашығын салу │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│10 Қазақстан Республикасының Ішкі істер 1 320 │
│ министрлігі арнайы мақсаттағы │
│ бөлімшелерінің әскери және әдістемелік │
│ даярлығы оқу орталығын салу │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│11 Алматы қаласында көру қабілеті бұзылған 5 000 │
│ (зағип) балалар үшін 250 орынға арналған │
│ мамандандырылған мектеп-интернат салу │
│ (қайта жаңғырту) │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│12 Қарағанды қаласында көру қабілеті 5 000 │
│ бұзылған (зағип) балалар үшін 250 орынға │
│ арналған мамандандырылған мектеп-интернат │
│ салу │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│13 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 11 500 │
│ университеті үшін кітапхана салу │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау │
│ министрлігі │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│14 Жерасты суларының авиациялық керосинмен 2 500 │
│ ластануын жою (Семей қаласы) │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│15 Өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық 3 677 │
│ ресурстарының ұлттық қоймасын салу │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│16 Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм 35 000 │
│ алқабының ІІІ және ІV кезегін игеру │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│17 Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден 345 │
│ кейінгі қолдау │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│18 Қазақстанның ауыл шаруашылығы 345 │
│ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін │
│ арттыру │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік │
│ жоспарлау министрлігі │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│19 Алматы қаласында халықаралық қаржы 26 410 │
│ орталығын құру │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│20 Министрліктер үйін салу 10 000 │
├────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Жиыны: 295 290 │
└────────────────────────────────────────────────────────────────┘