Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптамалар
жүргізуді қаржыландыру үшін республикалық инвестициялық жобалардың
тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 1 сәуірдегі N 376 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 693 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қыркүйектегі N 990 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 004 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптама жасау" республикалық бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен қоса беріліп отырған Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізуді қаржыландыру үшін республикалық инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 сәуірдегі
N 376 қаулысымен
бекітілген
004 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық
негіздемелерін әзірлеу және сараптама жасау" республикалық бюджеттік
бағдарламаның қаражаты есебінен Техникалық-экономикалық негіздемелерін
әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізуді қаржыландыру үшін
республикалық инвестициялық жобалардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. N 693 қаулысымен тізбе өзгертілді
┌───┬────────────────────────────────────┬───────────────────────┐
│Р/с│ Жобаның атауы │Техникалық-экономикалық│
│N │ │негіздемелерін әзірлеу │
│ │ │және оларға мемлекеттік│
│ │ │сараптама жүргізуді │
│ │ │қаржыландырудың көлемі │
│ │ │ (мың теңге) │
├───┼────────────────────────────────────┼───────────────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │
└───┴────────────────────────────────────┴───────────────────────┘
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі
┌──┬─────────────────────────────────────┬───────────────────────┐
│1 │"Байқоңыр" ғарыш айлағында │ │
│ │"Бәйтерек" ракета-ғарыш │ 23 850 │
│ │кешенін құру │ │
└──┴─────────────────────────────────────┴───────────────────────┘
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі
┌──┬─────────────────────────────────────┬───────────────────────┐
│2 │"Курчатов қаласында Ядролық │ │
│ │технологиялар орталығы" │ 49 000 │
│ │технопаркін құру │ │
├──┼─────────────────────────────────────┼───────────────────────┤
│3 │Ядролық медицина және биофизика │ 38 000 │
│ │орталығын құру │ │
└──┴─────────────────────────────────────┴───────────────────────┘
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
4 | Астана қаласында 500 төсекке арналған Республикалық ана мен бала ғылыми орталығын салу | 54 000 |
Жиыны: 164 850