Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 28 шілдедегі № 1035 және 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 646 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 11 наурыздағы № 307 қаулысы
(2005.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 375 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі № 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 26, 302-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім» деген 2-бөлім алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 2005.31.05 № 539 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. «Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу жөніндегі бірыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 646 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |