Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 261 қаулысы
(2014.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берілiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен ереже күшін жойды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2004 жылғы 3 наурыздағы
№ 261 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 607 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2014.12.12. № 1315 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 қаулысында:
1) 2 және 3-тармақтардағы «Әділет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес» деген сөздер «Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақ алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарында:
«ӘдМ НЕҚК», «ДСА» және «МAКM» деген сөздер «IIМ», «ДСМ» және «Ақпаратминi» деген сөздермен ауыстырылсын.