Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 261 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берілiп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 наурыздағы
№ 261 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне
қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөнiндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитетi Iшкi iстер министрлігінiң құзыретi шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттi мемлекеттік реттеу саласында үйлестірудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.
Комитет өз атынан азаматтық құқықтық қатынастарға түседi.
Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлген болса, Комитет мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар нысанында нормативтік құқықтық кесiмдер шығарады.
5. Комитеттiң ережесін және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
473000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Манас көшесi, 4.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Комитетке кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Комитеттің негiзгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
10. Комитеттің негiзгi мiндеттерi:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеудi және iске асыруды ұйымдастыру;
2) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет мәселелерi бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз ету;
3) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға байланысты қылмыстарды алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу;
4) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
5) Қазақстан Республикасындағы есiрткi жағдайының жай-күйiн және даму үрдiсiн талдау;
6) нашақорлықтың алдын алу және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетілдiру;
7) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы қызметтiң тәртібін реттейтiн заңнамалық және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу;
8) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестiру және жүзеге асыру болып табылады.
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы күрестi үйлестіредi;
2) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға байланысты қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргізедi;
3) Қазақстан Республикасының аумағында есiрткi трафигi мен есiрткiнiң заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі жедел-iздестіру қызметiн ұйымдастырады және жүргiзедi, оны жүзеге асырудың неғұрлым тиiмдi нысандарын жинақтайды және практикаға енгiзедi;
4) кеден органдарымен, ұлттық қауiпсiздiк органдарымен, шетел мемлекеттерiнiң арнайы бөлiмшелерiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы есiрткi контрабандасы мен транзитiнiң жолын кесу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
5) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекетке қатысты мәселелер бойынша бiртұтас деректер банкiн қалыптастырады;
6) қылмысқа және есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күресте қызметтiк-iздестiру иттерiн тиiмдi пайдалану жөніндегі кинология қызметтерiнiң жұмысын ұйымдастыруға қатысады;
7) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты, меншiк нысанына қарамастан, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қызметiне мемлекеттік бақылауды үйлестіредi және жүзеге асырады;
8) денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметтер түрлерiн лицензиялауды қоспағанда, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтің барлық түрлерiн лицензиялауды бақылайды және жүзеге асырады;
9) БҰҰ Есiрткілерді бақылау жөніндегі халықаралық комитетiнiң Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды бекітуi үшiн құзыреттi мемлекеттік органдармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасына қажетті есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың нормаларын анықтайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
10) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, оларды дайындауға арналған шикiзатты, материалдарды және жабдықтарды, сондай-ақ есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың тiзiмдерi мен жiктемелерiнде санамаланған өсiмдiктердi, заттарды және препараттарды өсiруге, өндiруге, дайындауға, сақтауға, бөлшек, көтерме және халықаралық саудаға, бөлуге, зерттеуге қолданылатын нормаларды әзiрлейдi;
11) құрамында есiрткiсi бар өсiмдiктердi анықтау және жою жөніндегі жұмысты, сондай-ақ есiрткi құралдарын заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөніндегі басқа да iс-шараларды үйлестiредi және жүргiзедi;
12) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі өңiрлiк комиссиялардың қызметiн, қызметтерi нашақорлық проблемаларымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiредi;
13) уәкілеттi органдармен бiрлесiп, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестіредi;
14) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметiн талдайды, сондай-ақ оны жетілдiру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
15) уәкілетті органдармен бiрлесiп, есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымының барлық түрiнiң ауқымын болжайды;
16) Қазақстан Республикасындағы есiрткi жағдайының жай-күйiн және даму үрдiсiн талдайды, тиiстi ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды;
17) есiрткiнiң заңсыз айналымға түсетiн өңiраралық көздерi мен арналары туралы ақпаратты қорытады және талдайды, оларды жабу жөнiндегі шараларды әзiрлейдi;
18) заңсыз айналымда есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың жаңа түрлерiнiң пайда болуын болжайды, олардың өндiрілуi мен таратылуын болдырмау жөніндегі шараларды әзiрлейдi;
19) қолда барымен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi шамалы, өте тиiмдi, қаупi аз есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әзiрлеу және енгізу процесiн бақылайды;
20) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң стратегиялары мен бағдарламаларын, оның iшiнде тиiстi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестіру арқылы әзiрлеудi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
21) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы тұру мәселелерi жөнiнде мемлекеттік саясатты жария етуде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
22) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды заңсыз тұтынуды, сондай-ақ олардың заңсыз айналымын ескерту жөніндегі алдын алу қызметiн жүзеге асырады;
23) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күреске қоғамды жұмылдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестiредi, қоғамның құқықтық мәдениетiн жетiлдiру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
24) уәкілеттi және өзге мемлекеттік органдармен бiрлесiп, қызметi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласымен байланысты мамандарды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды, тағылымдамадан өткiзудi және олардың білiктілiгiн арттыруды ұйымдастырады;
25) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеудi үйлестiредi және жүзеге асырады;
26) Қазақстан Республикасындағы бақылауға жататын есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың тiзiмiне және Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды заңсыз айналымда табылған аздаған, iрi және аса iрi көлемге жатқызу туралы жиынтық кестеге өзгерістер мен толықтырулар жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
27) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласында заңнаманы қолдану практикасын талдайды, оны жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзедi;
28) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен және шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен өзара iс-қимыл жасасуды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
29) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашу жөніндегі шетел мемлекеттерiнiң арнайы бөлiмшелерiмен тiкелей және "Интерпол" ұлттық орталық бюросының мүмкiндiктерiн пайдалана отырып өзара iс-қимыл жасасады;
30) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласында халықаралық шарттар мен келісімдер жобаларын дайындауды үйлестiредi және жүзеге асырады;
31) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң халықаралық практикасын, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуын талдайды және қорытады;
32) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласына инвестициялар мен техникалық, оның iшiнде халықаралық көмектi тартуға қатысады, олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
33) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстанның мүддесiн бiлдiредi;
34) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Комитет өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттар мен прекурсорлармен байланысты қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзуге;
2) Қазақстан Республикасының аумағында есiрткi трафигiнiң және есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуге;
3) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, оның iшiнде стратегиялары мен бағдарламаларын әзiрлеу, жетiлдiру және iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
4) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
5) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекетке қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын мемлекеттік органдардың дайындауына қатысуға;
6) кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның iшiнде халықаралық кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткiзуге;
7) халықаралық ұйымдармен келiссөздер өткiзуге және шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;
8) комиссиялар және жұмыс топтарын құруға, сондай-ақ нашақорлық пен есiрткi бизнесіне қарсы күрестi жетiлдiру, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына тиiмдi мемлекеттік бақылау орнату жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiк ғалымдар мен мамандарды тартуға;
9) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын, кез келген объектілердi олардың меншiк нысанына қарамастан тексерудi жүзеге асыруға;
10) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi жою жөнiнде iс-шаралар өткiзуге;
11) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы нұсқамалар беруге;
12) бекітілген стандарттар мен нормативтiк құжаттама, сондай-ақ лицензиялау шарттары болмаған немесе бұзылған кезде ұйымдардың өндiрiстiк қызметiн тоқтата тұруға;
13) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілiкке тарту жөніндегі ұсыныстарды тиiстi органдарға беруге;
14) мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткiзетiн есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы, олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет мәселелерi жөніндегі отырыстар мен кеңестерге қатысуға;
15) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Комитеттiң мүлкi
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттiң өзiне бекiтілген мүлiкті өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелiк етуiне құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитет Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төраға басқарады.
Төрағаның заңнамада белгіленген тәртiппен лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдардан босатылатын үш орынбасары болады.
17. Төраға Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады және басқарады әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымына бақылау жасау жөніндегі арнайы бөлiмшелердi жедел басқаруды жүзеге асырады.
18. Осы мақсатта Комитет төрағасы:
1) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi, заңнамаға сәйкес нашақорлық пен есiрткi бизнесінің алдын алу және оған қарсы iс-әрекет мәселелерi жөніндегі олардың қызметiн үйлестірудi қамтамасыз етеді;
2) белгіленген тәртiппен есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет мәселелерi жөніндегі шетел мемлекеттерiнiң мүдделi органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
3) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкілеттiктерi мен мiндеттерiн анықтайды;
4) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерінің қызметкерлерiн лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады, еңбек шарттарын жасасады, өзгертедi және бұзады, сондай-ақ аумақтың iшкi iстер органдары есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымына бақылау жасау жөніндегі арнайы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн тағайындауға келісімiн бередi;
5) белгіленген тәртiппен қоса алғанда полиция подполковнигiне дейiн кезектi арнаулы атақтарды бередi;
6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органының есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымына бақылау жасау жөніндегі арнайы бөлiмшесi туралы үлгi ереженi бекiтедi;
7) белгіленген тәртiппен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазаға тартады, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдары есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымына бақылау жасау жөнiндегі арнайы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн көтермелеу және оларды тәртiптiк жазаға тарту туралы ұсыныстар енгiзедi;
8) өз құзыретi шегiнде Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық iшкi iстер органдарының орындауы мiндеттi бұйрықтар шығарады;
9) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң арасында тәрбие жұмыстарын, олардың тәртiптi, заңдылықты және құпиялылық режимiн сақтауын ұйымдастырады;
10) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, арыздар мен өтiнiштердi қарайды, олар бойынша шешiмдер қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактілерi бойынша қызметтiк тексерулер жүргiзедi;
11) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізiледi.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2004 жылғы 3 наурыздағы
№ 261 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 11, 100-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде:
1) 1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар - Iшкi әскерлер комитетi, Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитет.";
2) 11-тармақ мынадай мазмұндағы 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
"18) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
19) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет мәселелерi жөніндегі қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
20) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы күрестi үйлестірудi жүзеге асырады;
21) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.";
3) 12-тармақта:
1) тармақшасындағы "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторларында жазаларын өтеп жатқан, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған адамдарға қатысты қылмыстық жазалау мен" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттi мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру;";
13-тармақтың 3) және 8) тармақшаларындағы тиiсiнше "тергеу изоляторлары мен" және "ведомстволардың бiрiншi басшыларынан басқа," деген сөздер алынып тасталсын;
4) 17-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.";
екiншi абзац алынып тасталсын;
19-тармақтың 1) және 5) тармақшаларындағы тиiсiнше "және iшкi әскерлерге қолбасшылық етедi" және "ведомстволардың бiрiншi басшыларынан басқа," деген сөздер алынып тасталып, 2) тармақшадағы "Министрлiк пен iшкi әскерлердi" деген сөздер "Министрлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "пен iшкi әскерлердiң" деген сөздер алынып тасталып, "әскери атақтар" деген сөздерден кейiн ", iшкi әскерлердiң әскери қызметшілерiне офицерлiк құрамның бiрiншi әскери атағын және полковник әскери атағын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
3, 9-тармақтардағы, 80-тармақтың 4) және 6) тармақшаларындағы және 1, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалардағы "Әділет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес" деген сөздер "Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына, олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекетке байланысты заңнаманы талдауды және жетілдiрудi жүзеге асырады;
7) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және жасауды қамтамасыз етедi.";
17-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында сот-сараптама мекемелерi жүргiзетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық етедi;";
3) тармақша алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекiтілген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиялардың нысандарында және оларға қосымшаларда:
"Әділет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес" деген сөздер "Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекiтілген Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне рұқсаттар нысандарында: