Мазут экспортына уақытша тыйым салуды енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 945 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Ел экономикасының мұқтаждары үшін мазуттың жеткiліктi қорын жасау қажеттiлiгiне байланысты және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексiнің 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2004 жылғы 1 наурызға дейiн мазутты (ТМД СЭҚ TH коды 2710 00 710-2710 00 780) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгіленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан мазуттың әкетiлуiне тыйым салуды енгізетіндігі туралы хабардар етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |