Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 сәуірдегі № 376 Қаулысы
(2013.15.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2006.30.03. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.15.11. № 1235 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2006.30.03. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.15.11. № 1235 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2013.15.11. № 1235 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2003 жылғы 21 сәуірдегі
№ 376 қаулысымен
бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу тәртібін айқындайды.
2. Жария тыңдаулар өткізудің мақсаты тұтынушылар мен уәкілетті орган үшін табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жолымен тариф саясаты саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту болып табылады.
3. Жария тыңдаулар - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) немесе оның шекті деңгейінің жобасын мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып өткізілетін талқылау рәсімі.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге анықтамалар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
4. Жария тыңдауларды өткізу қағидаттары:
1) жариялылық;
2) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау.
5. Уәкілетті орган жария тыңдауларды өткізгенге дейін жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарландыруды:
1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін жалпы тәртіппен бекіту кезінде күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей;
2) Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастырады және табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, аптасына кемінде екі рет шығатын баспасөз басылымдарында жариялайды.
Мерзімді баспасөз басылымдарында алдағы болатын жария тыңдаулар туралы хабарландыруды жариялау туралы талаптар реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қуаты аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
6. Алдағы болатын жария тыңдаулар туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді:
1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан орнын;
2) тыңдаулардың өткізілетін күні, орны мен уақытын;
3) табиғи монополия субъектісінің атауын және өтінім берілген реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерін;
4) ақпарат алуға болатын жария тыңдауларды ұйымдастырушының және табиғи монополия субъектісінің байланыс телефондарын;
5) уәкілетті органның және табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсының мекенжайын (болған жағдайда) қамтиды.
7. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын талқылау жөніндегі жария тыңдауларды өткізу кезінде уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, тиісті жергілікті мемлекеттік басқару органдарын шақырады.
8. Қуаты аз табиғи монополия субъектісі жария тыңдауларды өткізгенге дейін жария тыңдауларды өткізу күні, орны мен уақыты туралы тұтынушыларды және мүдделі тұлғаларды хабардар етеді.
9. Жария тыңдаулар:
1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлерін бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылдағанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей;
2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылдағанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей;
3) Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылдағанға дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей;
4) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде бекіту туралы шешім қабылдағанға дейін күнтізбелік бір күннен кешіктірмей өткізіледі.
10. Табиғи монополия субъектісі жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын;
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру себептері туралы экономикалық негізделген есептері бар ақпаратты береді.
2. Жария тыңдауларды өткізу тәртібі
11. Тыңдаулар уәкілетті орган айқындаған үй-жайда кедергісіз кіруді қамтамасыз ету арқылы өткізіледі.
12. Жария тыңдаулар өткізу үшін уәкілетті орган қызметкерлерінің ішінен жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрі - төраға) тағайындалады. Төраға қуаты аз табиғи монополия субъектісінің өтінімдерін қарауды қоспағанда, уәкілетті орган қызметкерлерінің ішінен жария тыңдаулардың хаттамасын жүргізетін хатшыны тағайындайды.
13. Хаттама жазбаша нысанда жасалады.
14. Төраға әрбір жария тыңдауға регламент белгілейді.
15. Төраға белгіленген уақытта тыңдауларды ашады, олардың мақсатын және күн тәртібін жариялайды. Төраға қатысушыларды тыңдауларды өткізу регламентімен таныстырады.
16. Өз сөзінде табиғи монополия субъектісі өзі көрсететін реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ұсынылып отырған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейіне немесе оның шекті деңгейіне растаушы фото, бейне материалдарды қоса бере отырып, егжей-тегжейлі түсініктеме және негіздеме береді.
17. Төраға жария тыңдауларда сөз сөйлейтіндерге сұрақтар қояды, қаралып отырған мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіреді, тыңдауларға қатысушының тыңдау регламентін бұзатын, сондай-ақ жария тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ сөзін бөледі.
Жария тыңдауларды өткізу кезінде тәртіпті бұзатын адамға төраға ескерту жасайды. Тәртіпті қайта бұзған жағдайда тыңдауларға қатысып отырған адам үй-жайдан шығарылады.
18. Жария тыңдауларға қатысушылар қаралып отырған мәселелер бойынша өз көзқарастарын (болған жағдайда) білдіреді, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қояды, өз сөздерінде көмекші материалдарды (плакаттар, кестелер және тағы басқалар) пайдаланады және жария тыңдаулардың хаттамасына сөйлеген сөзін жазбаша қоса береді.
19. Төраға тыңдаулардың қорытындысын шығарады және жария тыңдауларды жабады.
20. Жария тыңдауларға қатысушылар білдірген пікірлер ұсынымдық сипатқа ие және назарға алынады.
21. Жария тыңдауларды өткізу процесінде хаттама жасалады, онда осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген ақпарат, сондай-ақ жария тыңдаудың басталуы мен аяқталуы, сөз сөйлегендердің тегі, аты-жөні туралы мәліметтер және сөйлеген сөздер мәтінінің қысқаша мазмұны мен тыңдаулардың нәтижелері қамтылады. Барлық хаттамалар нөмірленеді және жеке папкаға тігіледі.
22. Жария тыңдаулардың хаттамасы жария тыңдаулар өткізген уәкілетті органның мұрағатында жария тыңдаулар өткізілген күннен бастап үш жыл бойы сақталады.
23. Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер табиғи монополия субъектісінің келісімінсіз жария тыңдауларда жария етуге жатпайды.