Табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар
ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берiлген өтiнiмдерді қарау
кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 сәуірдегі № 376 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 157 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 21 сәуірдегі
№ 376 қаулысымен
бекітілген
Табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алым
ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берiлген өтiнiмдердi қарау
кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесi
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берiлген өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізудiң тәртібін белгілейдi.
2. Жария тыңдаулар өткізудiң мақсаты - табиғи монополия субъектiлерi қызметiнiң тұтынушылар мен уәкiлеттi орган үшiн ашықтығын қамтамасыз ету жолымен тариф саясаты саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесiн күшейту болып табылады.
3. Жария тыңдаулар - табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiне арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) жобасын депутаттарды, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдары мен табиғи монополия субъектiлерiнiң өкiлдерiн шақыра отырып, талқылау рәсiмi.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де айқындамалар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамада белгiленген мағынада қолданылады.
4. Жария тыңдаулар өткізудiң қағидаттары:
1) жариялылық;
2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңгерiмiн сақтау.
5. Табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң (бұдан әрi - тiркелiм) жергіліктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізудiң қажеттiгі тұтынушылардың немесе табиғи монополия субъектiсiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша айқындалады.
6. Тiркелiмнiң республикалық бөлiмiне енгiзілген табиғи монополия субъектiлерiне арналған жария тыңдаулар тарифтi (бағаны, алым ставкасын) өзгертуге өтiнiм берген кезде өткiзiледi.
7. Алда тұрған жария тыңдаулар туралы хабарландыру оны өткiзерден 10 күн бұрын уәкiлеттi орган арқылы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиiс және мынадай мәлiметтердi:
1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауын және орналасқан жерiн;
2) тыңдауларды өткізудiң күнi мен орнын;
3) табиғи монополия субъектiсiнiң атауын және өтiнiм берiлген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге қатысты көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерiн қамтуға тиіс.
8. Жария тыңдаулар табиғи монополия субъектiсi көрсететiн қызметтерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекіту туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн 15 күн бұрын өткiзiледi.
2. Жария тыңдаулар өткізудiң тәртібі
9. Тыңдаулар уәкiлеттi орган белгiлеген үй-жайда өткiзiледi.
10. Жария тыңдаулар өткізу үшiн уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң iшiнен жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрi - төраға) тағайындалады. Төраға уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң iшiнен жария тыңдаулардың хаттамасын жүргiзетiн хатшыны тағайындайды.
11. Төраға әрбiр жария тыңдауларға регламент белгiлейдi.
12. Төраға тыңдауларды белгiленген уақытта ашуға, олардың мақсаты мен күн тәртібін хабарлауға тиiс. Төраға қатысушыларды тыңдаулар өткізудiң регламентiмен, табиғи монополия субъектiсiнiң көрсететiн қызметiне (тауарларға, жұмыстарға) ұсынылып отырған тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) жөніндегі өтiнiммен және алдын ала шешiм жобасымен таныстырады.
13. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң сөзінде олар көрсететiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ұсынылған деңгейiне егжей-тегжейлi түсiндiрме мен негiздеме бepугe тиiс.
14. Төраға жария тыңдауларда сөз сөйлегендерге сұрақтар қоюға, қаралып отырған мәселелер бойынша өз көзқарасын бiлдiруге, тыңдаулардың регламентiн бұзған тыңдауларға қатысушының сөзiн, сондай-ақ жария тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ сөздi үзуге құқылы.
Төраға жария тыңдаулар өтiп жатқан уақытта тәртіптi бұзған адамға ескерту жасайды. Тәртiптi қайталап бұзған жағдай тыңдауларға қатысушы адам үй-жайдан шығарылуы мүмкiн.
15. Жария тыңдаулардың қатысушылары қаралып отырған мәселелер бойынша өзiнiң көзқарасын бiлдiруге, сөз сөйлеушiлерге сұрақтар қоюға, өз сөзiнде көмекшi материалдарды (плакаттарды, кестелердi және т.б.) пайдалануға және жария тыңдаулардың хаттамасына жазбаша сөздерiн қоса тiркеуге құқылы.
16. Төраға тыңдаулардың қорытындысын шығарады және жария тыңдауларды жабады.
17. Жария тыңдаулар қатысушыларының білдiрген пiкiрi ұсынымдық сипатқа ие және назарға алынады.
18. Жария тыңдаулар жүргiзу барысында хаттама жүргiзiледi.
Хаттама осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген ақпаратты, сондай-ақ жария тыңдаулардың басталу және аяқталу уақыты туралы мәлiметтердi, тыңдауларда сөз сөйлейтiндердiң аты-жөнi мен сөйленген сөздер мәнiнiң қысқаша мазмұнын және нәтижелерiн қамтуға тиiс. Барлық хаттамалар нөмiрленедi және жеке папкаға тiгiледi.
19. Жария тыңдаулардың хаттамасы тыңдаулар өткен күннен бастап жария тыңдауларды өткiзген уәкілеттi органның мұрағатында үш жыл бойы сақталуға тиiс.
3. Қорытынды ережелер
20. Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер жария тыңдауларда табиғи монополия субъектiсiнiң келісімiнсiз жария етуге жатпайды.