Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 13 наурыздағы № 244 қаулысы
(2023.24.07. берілген өзгерістермен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсiп кешенiн басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен құрылсын.
2. Қоғам қызметiнің негiзгi бағыттары мыналар болып белгiленсiн:
1) қорғаныстық, екi ұдай әрi азаматтық мақсаттағы өнiмдердi жасау, өндіру, сату және жою саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу;
2) iшкi қажеттiлiк пен экспортты қамтамасыз ету үшiн қорғаныстық және екi ұдай мақсаттағы өнiмдер өндiру мен дамытудың ағымдағы және ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларын әзiрлеу әрi iске асыруға қатысу;
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi және басқа да әскери құрамаларына арналған екі ұдай мақсаттағы қару-жарақ, әскери техника мен өнімдер импортын, сондай-ақ олардың экспортын қамтамасыз ету;
4) конверсиялық бағдарламалар мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенiн дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
5) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға қатысу;
6) жұмылдыру қуаттары және резервтерiн құру, жинақтау әрi сақтау жөніндегi жоспарлар мен тапсырмаларды қалыптастыру және iске асыруға қатысу;
7) қорғаныс-өнеркәсіп кешенiн ғылыми-техникалық және технологиялық дамыту, соның iшiнде өндiрiстi кеңейту, қайта жаңарту әрi техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі бағдарламаларды iске асыру;
8) ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжiрибелік-конструкторлық жұмыстар жүргiзу.
3. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының "Мұнаймаш" ашық акционерлік қоғамы жарғылық капиталының 90 пайызы мөлшеріндегі акцияларын мемлекеттік меншіккe беру туралы ұсынысына келісім берiлсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) 1-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшiн) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және "520-объект" (Солтүстiк Қазақстан облысы) мемлекеттік мүлкiн беру жолымен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
2) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне берілуін;
4) осы қаулы 4-тармағының 2) тармақшасы орындалғаннан кейiн заңнамада белгіленген тәртіппен "Металлист" Орал зауыты" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті Қоғамға сенiмгерлік басқаруға берілуін қамтамасыз етсiн;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
5. ҚР Үкіметінің 10.03.04 ж. № 97 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бұрын қабылданған құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарды енгізсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсін.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2003 жылғы 13 наурыздағы
№ 244 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 10.03.04 ж. № 97 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншіктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің тiзбесiне:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-47-жолмен толықтырылсын:
"21-47 "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ";
"Алматы қаласы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 83 және "123-8 АЛА - 000283 "№ 405 Авиа жөндеу зауыты" ААҚ деген жол алынып тасталсын;
"Ақтөбе облысы" деген бөлiмде реттік нөмiрi 133-1-жол алынып тасталсын;
"Атырау облысы" деген бөлiмде peттік нөмiрi 136-жол алынып тасталсын;
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 163-жол алынып тасталсын;
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлiмде реттік нөмiрлерi 187, 188, 189 және 190-жолдар алынып тасталсын;
"Солтүстiк Қазақстан облысы" деген бөлiмде реттік нөмiрлерi 266, 267, 269, 270 және 271-жолдар алынып тасталсын.
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
Акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқықтары салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн және республикалық меншiктегi ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерiнің тiзбесiне:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 129-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 236-3-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 236-15-жолмен толықтырылсын:
"236-15 "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ";
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiне" деген бөлiм және реттiк нөмiрлерi 237-2, 237-13-жолдар алынып тасталсын.
4. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерінің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулыға "2006 жылға дейiн акцияларының мемлекеттік пакеті жекешелендіруге, оның ішiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесi" деген 2-қосымшада:
реттік нөмiрлерi 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 32, 33 және 34-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 44-жолмен толықтырылсын:
"44. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ" (Астана қаласы) 100 %".
5. ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 602 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)