Қазақстан Pecпубликасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбiр мәселелерi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 13 наурыздағы N 244 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. N 97; 10.03.04 ж. N 295 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы N 1237 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсiп кешенiн басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен құрылсын.
2. Қоғам қызметiнің негiзгi бағыттары мыналар болып белгiленсiн:
1) қорғаныстық, екi ұдай әрi азаматтық мақсаттағы өнiмдердi жасау, өндіру, сату және жою саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
2) iшкi қажеттiлiк пен экспортты қамтамасыз ету үшiн қорғаныстық және екi ұдай мақсаттағы өнiмдер өндiру мен дамытудың ағымдағы және ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларын әзiрлеу әрi iске асыруға қатысу;
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi және басқа да әскери құрамаларына арналған екі ұдай мақсаттағы қару-жарақ, әскери техника мен өнімдер импортын, сондай-ақ олардың экспортын қамтамасыз ету;
4) конверсиялық бағдарламалар мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенiн дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
5) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға қатысу;
6) жұмылдыру қуаттары және резервтерiн құру, жинақтау әрi сақтау жөніндегi жоспарлар мен тапсырмаларды қалыптастыру және iске асыруға қатысу;
7) қорғаныс-өнеркәсіп кешенiн ғылыми-техникалық және технологиялық дамыту, соның iшiнде өндiрiстi кеңейту, қайта жаңарту әрi техникалық қайта жарақтандыру жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру;
8) ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер жасау жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелік-конструкторлық жұмыстар жүргiзу.
3. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының "Мұнаймаш" ашық акционерлiк қоғамы жарғылық капиталының 90 пайызы мөлшерiндегi акцияларын мемлекеттiк меншіккe беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) 1-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшiн) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және "520-объект" (Солтүстiк Қазақстан облысы) мемлекеттік мүлкiн беру жолымен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
2) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берілуін;
4) осы қаулы 4-тармағының 2) тармақшасы орындалғаннан кейiн заңнамада белгіленген тәртіппен "Металлист" Орал зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті Қоғамға сенiмгерлік басқаруға берілуін қамтамасыз етсiн;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 10.03.04 ж. N 97 қаулысымен 5-тармақ алынып тасталды
5. Осы қаулыға 2-қосымшада (қызмет бабында пайдалану үшiн) көрсетiлген республикалық мемлекеттiк кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер ол заңнамада белгіленген тәртiппен тiркелгеннен кейiн оларды Қоғамға қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын қабылданған құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарды енгізсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсін.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2003 жылғы 13 наурыздағы
N 244 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Pecпубликасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне
енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. N 97 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды
1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне:
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 21-10-жол алынып тасталсын.
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншіктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің тiзбесiне:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-47-жолмен толықтырылсын:
"21-47 "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ";
"Алматы қаласы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 83 және "123-8 АЛА - 000283 "N 405 Авиа жөндеу зауыты" ААҚ деген жол алынып тасталсын;
"Ақтөбе облысы" деген бөлiмде реттік нөмiрi 133-1-жол алынып тасталсын;
"Атырау облысы" деген бөлiмде peттік нөмiрi 136-жол алынып тасталсын;
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 163-жол алынып тасталсын;
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлiмде реттік нөмiрлерi 187, 188, 189 және 190-жолдар алынып тасталсын;
"Солтүстiк Қазақстан облысы" деген бөлiмде реттік нөмiрлерi 266, 267, 269, 270 және 271-жолдар алынып тасталсын.
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
Акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтары салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн және республикалық меншiктегi ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерiнің тiзбесiне:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 129-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 236-3-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 236-15-жолмен толықтырылсын:
"236-15 "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ";
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiне" деген бөлiм және реттiк нөмiрлерi 237-2, 237-13-жолдар алынып тасталсын.
4. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерінің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулыға "2006 жылға дейiн акцияларының мемлекеттiк пакеті жекешелендіруге, оның ішiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесi" деген 2-қосымшада:
реттік нөмiрлерi 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 32, 33 және 34-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 44-жолмен толықтырылсын:
"44. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ" (Астана қаласы) 100 %".
5. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
кейбiр акционерлiк қоғамдар және республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 19-жолмен толықтырылсын:
"19. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ".
6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің кейбiр мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 41, 414-құжат):
1-тармағының 10) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қорғаныс өнеркәсібі комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi алынып тасталсын.