Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 және
1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 23 желтоқсандағы № 1347 қаулысы
(2007.28.06. берілген өзгерістерiмен)
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2007 ж. 28 маусымдағы № 545 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) "Жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiнiң рыногын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 11, 105-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген нарықтық қатынастар субъектiлерi заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiнде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес мемлекеттік монополияға жатқызылған функциялардан басқа, ветеринария саласындағы жұмыстар және қызмет көрсетулер.";
6, 7, 8, 9, 10-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |