Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 және
1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 23 желтоқсандағы № 1347 қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 28 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасындағы малдәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 20 тамыздағы № 1272 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 38, 365-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптау;
зертханалық-диагностикалық қызмет";
24-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ветеринариялық қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлға басшысының не оның ветеринария саласындағы құрылымдық бөлiмшесi басшының арнайы ветеринариялық білімi және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуы тиiс;";
мемлекеттік тiлдегi мәтiндегi жетiншi абзацтағы "тиiс" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
"өндiрiстiк үй-жайлардың, технологиялық жабдықтар жинағының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгi туралы ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарының ветеринариялық-санитариялық қорытындысының болуы";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензиаттар тiркеу сынақтарын өткізу үшiн қажеттi көлемдерде өндiру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік тiркеуден өткен және Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген ветеринариялық препараттарды пайдалануға мiндеттi.";
2) "Жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiнiң рыногын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 31 наурыздағы № 343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 11, 105-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген нарықтық қатынастар субъектiлерi заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiнде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес мемлекеттік монополияға жатқызылған функциялардан басқа, ветеринария саласындағы жұмыстар және қызмет көрсетулер.";
6, 7, 8, 9, 10-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |