Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 шілдедегі № 839 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының әлемдiк білім беру кеңiстiгiне енуiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» (бұдан әрi - кәсiпорын) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) 12 жылдық білім берудiң әдiснамасы мен мазмұндық теориясы негiздерiн анықтау;
2) 12 жылдық білім беруге көшу проблемалары бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзy;
3) білім беру саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |