Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 шілдедегі № 839 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының әлемдiк білім беру кеңiстiгiне енуiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» (бұдан әрi - кәсiпорын) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) 12 жылдық білім берудiң әдiснамасы мен мазмұндық теориясы негiздерiн анықтау;
2) 12 жылдық білім беруге көшу проблемалары бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзy;
3) білім беру саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы ?кіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-168-жолмен толықтырылсын:
«470-168. «12 жылдық білім беру
проблемалары республикалық
ғылыми-практикалық орталығы»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны Астана қаласы»;
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |