Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында ақылы медициналық
қызметтер көрсету ережесін және оларды көрсетуден түскен
қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 25 шілдедегі № 828 қаулысы
(2006.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2006.06.10. № 965 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 14 қаулысымен атауы өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 14 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында ақылы медициналық қызметтep көрсету epeжeci және оларды көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртібі бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 14 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 25 шілдедегі
№ 828 қаулысымен
Бекітілген
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында
ақылы медициналық қызметтер көрсету ережесі және оларды
көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртібi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында ақылы медициналық қызметтер көрсету ережесі және оларды көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртібі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында (бұдан әрі - денсаулық сақтау ұйымдары) ақылы медициналық қызметтер көрсету және оларды көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Денсаулық сақтау ұйымдары азаматтар жүгінген сәттен бастап заңнамада белгіленген тәртіппен оларға ақылы медициналық қызметтердің уақтылы әрі сапалы көрсетілуіне жауапты болады.
3. Ақылы медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - емделушілер) олардың тұрғылықты жеріне қарамастан көрсетіледі.
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (бұдан әрі - ТМККК) - Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына көрсетілетін және тікелей республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы бірыңғай медициналық көмектің көлемі;
2) ақылы медициналық қызметтер - ТМККК тізбесіне кірмейтін және халықтың жеке қаражатының, жұмыс беруші, ерікті медициналық сақтандыру жүйесі қаражатының есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден төленетін медициналық қызметтер;
3) негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттардың тізімі - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша қолданыстағы ұқсастарының алдында артықшылықтары бар, ауруларды емдеу кезінде мейлінше жиі қолданылатын және ТМККК шеңберінде тегін дәрілік көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізімі;
4) ақылы бөлімшелер (палаталар) - ақылы негізде ТМККК тізбесіне кірмейтін медициналық қызметтер көрсетуге арналған денсаулық сақтау ұйымдарындағы бөлімшелер (палаталар).
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарының
ақылы медициналық қызметтер көрсету тәртібi
5. Денсаулық сақтау ұйымдары денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламалары әкімшісімен келісім бойынша өздері көрсететін Ақылы медициналық қызметтер көрсету ережесін бекітеді (бұдан әрі - Ереже), онда мыналар болуы тиіс:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының ақылы медициналық қызметтер көрсетуге құқығын регламенттейтін нормативтік құқықтық кесімдерге сілтемелер;
2) денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін, құны көрсетілген ақылы медициналық қызмет түрлерінің тізбесі;
3) бюджет қаражаты есебінен ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтер түрлерінің тізбесі;
4) ақылы медициналық қызметтер көрсететін медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер;
5) ақылы медициналық қызметтер, оның ішінде стационарлық медициналық көмек пен сервистік қызметтер көрсету шарттары;
6) азаматтардың жекелеген санаттарына арналған жеңілдіктер туралы мәліметтер;
7) ақылы медициналық қызметтер көрсеткені үшін есеп айырысу рәсімі;
8) ақылы медициналық қызметтер көрсету бойынша есеп пен есеп беруді жүргізу тәртібі;
9) ақылы медициналық қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары.
Ереже денсаулық сақтау ұйымдарының тіркеу орындарында, қабылдау бөлімшелерінде (бөлімдерінде) және барлық басқа бөлімшелерінде көрнекі ақпарат орындарына орналастырылады.
6. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы медициналық қызметтер көрсету үшін дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің жеке штат бірліктері бөлінеді, оларды ұстау ақылы медициналық қызметтер көрсетуден алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады. ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсететін медицина қызметкерлері ақылы медициналық қызметтер көрсетуге де қатыса алады.
Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттық негізде белгіленеді.
Емделушілердің талабы бойынша оларға ақылы медициналық қызметтер көрсетуге қатысатын медицина қызметкерлерінің біліктілігін растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
7. Ақылы медициналық қызметтер стационарларда ақылы негізде жатқызылған, сондай-ақ ТМККК шеңберінде ем алатын емделушілерге ТМККК тізбесіне кірмейтін медициналық қызметтер үшін көрсетіледі.
8. ТМККК шеңберінде емдеуде жүрген емделушілерге ақылы медициналық қызметтер көрсетудің әрбір жағдайы, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттардың тізіміне енгізілмеген дәрілік заттармен қамтамасыз ету медициналық құжаттамада (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 332 бұйрығымен бекітілген стационарлық науқастың 003/у нысаны бойынша медициналық картасы, 096/у нысаны бойынша босану тарихы, амбулаториялық науқастың 025/у нысаны бойынша медициналық картасы, 111/у нысаны бойынша жүкті және босанатын әйелдердің жеке картасы, 004/1у нысаны бойынша дәрігерлік тағайындаулар парағы) көрсетілуі және негізделуі тиіс.
Емделушілерді Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізіміне енгізілмеген дәрілік заттармен қамтамасыз ету емделушінің жазбаша келісімімен ақылы негізде жүзеге асырылады.
9. Емделушілерді ақылы негізде емдеуге жатқызу денсаулық сақтау ұйымдарының ақылы бөлімшелерінде (палаталарында) жүзеге асырылады. Ақылы бөлімшенің (палатаның) төсектерінің саны денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің келісімі бойынша айқындалады.
Ақылы негізде емдеуге жатқызу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша емделушімен шарт жасалады, онда стационарда болудың ережесі мен шарттары, емдеудің құны мен ақы төлеу тәртібі, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі көрсетіледі.
10. Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған медициналық жабдық денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламалары әкімшісімен келісім бойынша денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы белгілеген кесте бойынша белгілі бір уақытта ақылы медициналық қызметтер көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.
11. Ақылы медициналық қызметтер көрсету кезінде статистикалық есеп пен есепке алу-есеп беру медициналық құжаттамасын жүргізу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ақылы медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен есеп саясатына сәйкес ТМККК мен ақылы медициналық қызметтер көрсету бойынша жеке-жеке бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүргізеді.
13. Ақылы медициналық қызметтердің бағалары медициналық, сервистік қызметтер көрсетуге және өзге де қосымша шығыстарға байланысты шығындардың барлық түрлері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және жарты жылдықта көп дегенде бір рет қайта қаралуы мүмкін.
Ақылы медициналық қызметтердің бағалары ТМККК үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгілейтін ұқсас медициналық қызметтердің тарифінен төмен белгіленбейді.
14. Емделушілермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу фискальды жадысы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолданып және емделушіге бақылау чегін бере отырып, денсаулық сақтау ұйымының кассасы арқылы, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша - денсаулық сақтау ұйымының "Ақылы қызметтерден түскен қаражат" ағымдағы шотына аудару жолымен жүргізіледі.
15. Ақылы негізде медициналық көмек алған емделушілерге денсаулық сақтау ұйымы:
амбулаториялық-емханалық жағдайларда медициналық көмек көрсету кезіндегі тиісті медицина қызметкерлерінің қорытындысын;
стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде ауру тарихынан үзінді көшірмені;
көрсетілген медициналық көмек үшін шығыстар туралы ақпаратты ұсынады.
3. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарының
ақылы медициналық қызметтер көрсету шарттары
16. Ақылы медициналық қызметтерді денсаулық сақтау ұйымдары аурудың бейіні мен медициналық және дәрігерлік қызметке арналған лицензия сәйкес келген кезде көрсетеді.
17. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы медициналық қызметтер көрсетуді мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) емделушілердің бастамасы бойынша, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету кезінде;
2) Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізіміне енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу кезінде;
3) ТМККК тізбесіне енбеген қымбат тұратын медициналық зерттеулер жүргізу кезінде;
4) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ТМККК-ден тыс медициналық көмек көрсету кезінде;
5) тиісті жолдамасыз санаторийлік емдеу кезінде;
6) медициналық көрсетімдерсіз медициналық-генетикалық зерттеулер кезінде;
7) жұмысқа орналасу және оқуға түсу үшін азаматтарды медициналық тексеру кезінде;
8) кәсіпорынмен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету кезінде;
9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін стандарттардың сыртында қосымша сервистік қызметтер көрсету кезінде.
4. Ақылы медициналық қызметтер
көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртібi
18. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуден түскен қаражатты жұмсау үшін денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бекітетін шығыстар сметасын жасайды.
19. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуден алынған қаражат мынадай тәртіппен шығындарды өтеуге жіберіледі:
ақылы медициналық қызметтер көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлерге еңбекақы төлеуге, сондай-ақ қосымша ақшалай төлемдерге;
өтемақы сипатындағы ақшалай төлемдерге;
іссапар шығыстарын төлеуге;
дәрі-дәрмектерді, шығыс материалдарын және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға;
тамақ өнімдерін сатып алуға;
коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметіне, жылуға, электр энергиясына, ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге, көлік қызметтеріне ақы төлеуге;
жабдықтар мен мүккәммалды, ғимараттарды ұстауға және ағымдағы жөндеуге;
кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға (ақылы медициналық қызметтер көрсетуден алынатын қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 5 (бес) %-ы);
күрделі сипаттағы шығындарға (ақылы медициналық қызметтер көрсетуден алынатын қаражаттың жалпы көлемінің 15 (он бес) %-ынан аспайтын).
20. Денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы ақылы қызметтер көрсетуден түсетін қаражатты қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалануға жауапты болады.
Мемлекеттік денсаулық сақтау
жүйесі ұйымдарында ақылы
медициналық қызметтер көрсету
ережесіне және оларды көрсетуден
түскен қаражатты пайдалану
тәртібіне қосымша
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында ақылы
медициналық қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт
____________________ ____ ж. "___"____________
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын
__________________________________________________________________,
(емделушінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын
құжаттардың деректері)
бір тараптан және бұдан әрі Қызметтер көрсетуші деп аталатын _____
__________________________________________________________________
(Жарғы, Ереже және т.б)
негізінде әрекет ететін __________________________________________
___________________________________________________________ атынан
(мемлекеттік медициналық ұйымның толық атауы)
__________________________________________________ екінші тараптан
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәнi
1. Қызметтер көрсетуші Шартқа __ қосымшаға сәйкес ақылы медициналық қызметтер көрсетеді.
2. Тапсырыс беруші Шартқа ___ қосымшаға сәйкес тарифтер бойынша Қызметтер көрсетушіге шығындарды өтеуді жүзеге асырады.
2. Ақылы медициналық қызметтер көрсеткені
үшін өзара есеп айырысу рәсімi
3. Шарттың сомасы _____________________ теңгені құрайды.
4. Тапсырыс беруші Қызметтер көрсетуші ұсынған шотқа сәйкес іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі бойынша Қызметтер көрсетушінің қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
5. Шартты жасасқан сәтте Шарттың жалпы сомасының 80 пайыздан аспайтын мөлшерінде Қызметтер көрсетушіге аванс беруге рұқсат етіледі, қалған сома шотты ұсыну бойынша стационардан шыққан сәтте төленеді.
6. Қажет болған кезде іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі ескеріле отырып, емдеу процесінде шарттың сомасын түзетуге жол беріледі, қосымша сома мен оны төлеу тәсілі емделушімен келісіледі және шартқа қосымша келісім түрінде ресімделеді.
7. Қызметтер көрсетуші Тапсырыс берушіге қолма-қол ақшаны қабылдағанын растайтын құжат (фискальдық чек, кассалық кіріс ордері) береді.
8. Ем алу курсы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Қызметтер көрсетуші Тапсырыс берушіге науқастың стационарда болудың белгіленген режимін бұзуына орай мерзімінен бұрын шығару жағдайларын қоспағанда, төленген сома мен көрсетілген медициналық көмектің іс жүзіндегі құны арасындағы айырманы төлейді.
3. Тараптардың міндеттерi
9. Қызметтер көрсетуші:
ауруларды диагностикалау мен емдеудің мерзімдік хаттамаларына сәйкес, хаттамалар болмаған кезде жалпыға бірдей қабылданған тәсілдерге сәйкес медициналық көрсетімдер бойынша медициналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге;
емделушілердің емдеу нәтижелеріне қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға;
жүргізіліп жатқан ем шеңберінде осы немесе өзге де қызметтерді көрсетуге арналған жағдайлар болмаған жағдайда, осы қызметті көрсетуді басқа медициналық ұйымда ұйымдастыруға және оған ақы төлеуге;
көрсетілген медициналық және сервистік қызметтердің түрлерін көрсете отырып, Тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде шот ұсынуға;
Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін барлық қажетті медициналық және қаржылық құжаттаманы ұсынуға міндетті.
10. Тапсырыс беруші:
дәрігерлік ұйғарымдарды орындауға, аурухана режимін сақтауға;
көрсетілген медициналық көмек үшін ақы төлеуді уақтылы жүргізуге міндетті.
4. Тараптардың құқықтары
11. Тапсырыс берушінің:
ақылы бөлімшеде (палатада) жұмыс істейтіндердің ішінен емдеуші дәрігерді таңдауға;
жүргізілген емнің сапасы мен дәрігерлік тағайындаулардың негізділігіне сараптаманы жүзеге асыруға құқығы бар.
12. Қызметтер көрсетушінің:
Тапсырыс беруші аурухана режимін бұзған және дәрігерлік ұйғарымдарды орындамаған жағдайда емдеуді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
5. Тараптардың жауапкершілігi
13. Қызметтер көрсетуші:
ақылы медициналық қызмет көрсету бойынша тәртіп бұзушылық жағдайларына жол бергені үшін (тиісті көлемдегі және сападағы медициналық қызметтер көрсетпеу, тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретін қызметтер үшін азаматтардан ақы алу, нақ сол медициналық қызметті көрсеткені үшін екі рет: емделушіден және бюджет қаражатынан ақы алу) жауаптылықта болады.
14. Тапсырыс беруші Қызметтер көрсетушіге іс жүзінде көрсетілген медициналық көмек үшін шығындарды уақтылы өтемегені үшін жауапты болады.
15. Қызметтер көрсетуші тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшін жоюға және Шарт сомасының _______ мөлшерінде Қызметтер көрсетушінің тұрақсыздық айыбын төлеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
16. Тапсырыс беруші тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшін жоюға және Шарт сомасының _____ мөлшерінде Тапсырыс берушінің тұрақсыздық айыбын төлеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
6. Шартты өзгерту және бұзу
17. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
18. Шартты мерзімінен бұрын бұзу ниеті туралы тараптар бір-бірін алдын ала хабардар етуге міндетті.
7. Қорытынды ережелер
19. Тараптардың бірде-бірінің өздерінің осы Шарт бойынша міндеттемелерін екінші тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
20. Осы Шарт бірдей заң күші бар екі данада жасалған, бір данасы - Тапсырыс берушіде, екіншісі Қызметтер көрсетушіде болады.
21. Осы Шарт тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және тараптар осы Шарт бойынша барлық міндеттемелерді орындаған сәтке дейін қолданылады.
8. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Қызметтер көрсетуші: Тапсырыс беруші:
__________ __________