Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында ақылы медициналық
қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 25 шілдедегі № 828 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 06 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында ақылы медициналық қызметтep көрсету epeжeci бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 25 шілдедегі
№ 828 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында
ақылы медициналық қызметтер көрсету
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында (бұдан әрi - денсаулық сақтау ұйымдары) ақылы медициналық қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын белгілейдi.
2. Ақылы медициналық қызметтер көрсетудi ұйымдастырудың негiзгi мақсаты халықтың медициналық, сауықтыру санитарлық-iндетке қарсы көмектiң сан алуан түрiне қажеттiлiктерiн неғұрлым толық қанағаттандыру, медициналық қызметтер рыногын кеңейту болып табылады.
3. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар жүгiнген сәттен бастап заңнамада белгiленген тәртіппен оларға уақтылы әрi сапалы ақылы медициналық қызметтер көрсету үшiн жауапты болады.
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарының
ақылы медициналық қызметтер көрсету тәртібі
4. Ақылы медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға тұрғылықты жерiне қарамастан көрсетiледi.
5. Азаматтарға ақылы медициналық қызметтер көрсету кезiнде медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргiзу азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы орган белгілеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.
6. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы негiзде көрсететiн медициналық қызметтердiң бағалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiленедi.
7. Ақылы медициналық қызметтер бағаларының прейскуранты азаматтардың назарына денсаулық сақтау ұйымдарының тiркеу бөлмелерiнде қабылдау бөлiмшелерiнде көрнекi ақпарат арқылы жеткiзiледi.
8. Емделушiлермен қолма-қол ақша төлеп жүзеге асырылатын есеп айырысу жаттау зердесi бар бақылау-касса аппараттарын міндеттi түрде қолдана әрi емделушiге бақылау чегiн бере отырып, денсаулық сақтау ұйымының кассасы арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша - ұйымның "Ақылы қызметтер көрсетуден түскен қаражаттар" ағымдағы шотына аудару жолымен жүргiзiледi.
9. Ақылы негiзде медициналық көмек алған азаматтарға денсаулық сақтау ұйымы мыналарды ұсынады:
амбулаториялық-емханалық жағдайда медициналық көмек көрсету кезiнде дәрiгер-мамандардың қорытындысы;
стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету кезiнде науқас баянынан үзiнді;
олардың талабы бойынша көрсетiлген медициналық көмек үшiн шығыстар туралы ақпарат.
10. Тексерудi немесе емдеудi мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде науқасқа ол төлеген сома мен іс жүзiндегi шығыстар арасындағы айырма қайтарылады.
3. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының
ақылы медициналық қызметтер көрсету шарттары
11. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы медициналық қызметтi науқастану бейiнi мен медициналық және дәрiгерлiк қызметке лицензия сәйкес келген кезде көрсетедi.
12. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы медициналық қызмет көрсетудi мына шарттарда жүзеге асырады:
1) азаматтардың ықыласы бойынша тегiн медициналық көмектің кепілді көлеммен тыс медициналық тексеру және емдеу;
2) тиiстi жолдамасыз санаториялық емдеу;
3) бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, консультациялық-диагностикалық ұйымдар мамандарының жолдамасынсыз стационарлық емдеу, соның ішiнде дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету (кезек күттiрмейтiн және шұғыл көмек көрсетудi қажет етпейтiндердi);
4) медициналық айғақтарсыз медициналық-генетикалық зерттеу;
5) жұмысқа орналасу және оқуға түсу үшiн азаматтарды медициналық тексеру.