Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысы
(2011.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 412 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 775 Қаулысымен ереже редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 10 сәуірдегі
№ 410 қаулысымен
Бекітілген
Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар»
бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.
Ереженің күші «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасымен реттелетін шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебінен шетелдік қызмет бабындағы сапарларға қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2009.18.09. № 1401 Қаулысымен (2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2011.25.08. № 953 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі) «Шетелдік іссапарлар» ағымдағы бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын (бұдан әрі - лауазымды адамдар) және Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайын шетелге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды (бұдан әрі - іссапар шығыстары) төлеуге арналған қаражатты пайдалану туралы заңнамада белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.
2. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінетін республикалық
бюджет қаражатын пайдалану тәртібі
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджет бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес сомалар шегінде Сыртқы істер министрлігіне «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландырудың лимиттерін ай сайын белгіленген тәртіппен тиісті айға бөледі.
4. Бөлінген қаражатты айырбастауды қамтамасыз ету үшін Сыртқы істер министрлігі Астана қаласының Қазынашылық департаментінде шетелдік валютада есепшот (қолма-қол есептесуге арналған) ашады.
5. Астана қаласының Қазынашылық департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы Орталық филиалында бюджет ақшасын АҚШ долларына айырбастауды жүргізеді және оларды жоғарыда көрсетілген шетелдік валютадағы есепшотқа аударады.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тиісті айдың жоспарлы мақсаттарына баламалы сомада келесі күнтізбелік айға қолма-қол шетелдік валютаны алуға арналған өтінішті Астана қаласының Қазынашылық департаментіне әр айдың оныншы күніне дейін жолдайды.
7. Сыртқы істер министрлігі арнайы рейстерді орындау жөніндегі қызметтерді көрсеткені үшін ақы төлеуді арнайы рейстерді орындайтын авиатасымалдаушы қол қойған, көрсетілген қызметтері туралы акті негізінде авиатасымалдаушының есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.
3. Іссапар шығыстарын төлеуге арналған
қаражатты бөлу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.18.09. № 1401 Қаулысымен (2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2011.25.08. № 953 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Мемлекеттік орган іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлу туралы жазбаша түрде тиісті іс-шараны өткізуге дейін кемінде он бес жұмыс күні бұрын не анағұрлым кеш мерзімде, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті мемлекеттік орган мен Сыртқы істер министрлігінің басшылары арасындағы келісім бойынша Сыртқы істер министрлігіне ұсынады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары іссапарға жіберілген кезде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколынан өтініштер ұсынылған жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың іссапарға шығуы туралы мәселені Қазақстан Республикасының Президентімен немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келіскеннен кейін Сыртқы істер министрлігін хабардар етеді.
Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас Конференциясының жыл сайынғы сессиясына қатысатын Қазақстан Республикасы делегациясының мүшелерін іссапарға жіберген кезде, сондай-ақ Үкімет мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары шетелге жол жүрген кезде, арнайы рейстердің шығыстарын төлеу кезінде мемлекеттік орган жоғарыда айтылған мәселелерді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келіскеннен кейін Сыртқы істер министрлігін хабардар етеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколынан өтініштер ұсынылған жағдайда, іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлу осы өтініштер негізінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 1401 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара)
9. Үкіметтің іссапарға жіберу туралы қаулыларының жобалары Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Үкімет Регламентімен айқындалған мәліметтерді қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 1401 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады үшінші абзацты қоспағанда) (бұр.ред.қара)
10. Сыртқы істер министрлігі келісуге келіп түскен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын шетелдерге іссапарға жіберу туралы қаулылардың жобаларын:
шетелдік байланыстар бағытының басымдығын;
осы бюджеттік бағдарлама шеңберінде тиісті мемлекеттік органның қатысуымен ағымдағы жылы жоспарланған іс-шараларды;
ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражатының көлемін;
мемлекеттік орган ұсынып отырған іс-шараға қатысудың сыртқы саяси орындылығын ескеріп қарайды.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 1401 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара)
11. Егер лауазымды тұлға шетелге іссапарға Үкіметтің тиісті шешімінсіз шыққан жағдайда, іссапар шығыстарын өтеу Үкіметтің іссапар шығыстарын өтеу туралы шешімінің негізінде ғана жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 1401 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара)
12. Қаражат бөлу туралы Үкіметі қабылдаған шешім негізінде Сыртқы істер министрлігі қолма-қол шетелдік валюта алуға арналған сенімхат беру үшін лауазымды адамдарды көрсете отырып, Астана қаласының Қазынашылық департаментіне хат жолдайды. Астана қаласының Қазынашылық департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы Орталық филиалында қолма-қол шетелдік валютаны алу үшін Сыртқы істер министрлігінің хатында көрсетілген адамға сенімхат береді.
13. Сыртқы істер министрлігі іссапарлар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.18.09. № 1401 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2011.25.08. № 953 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Сыртқы істер министрлігінің шешіміне сәйкес шетелге іссапарға жіберілген лауазымды адамға мынадай іссапар шығыстарын төлеуге:
1) іссапар мерзіміне арналған тәуліктік;
2) баратын орнына және кері жол жүру жөніндегі шығыстарға;
3) түрғын үй-жайды жалға алу жөніндегі шығыстарға, оның ішінде баратын пунктіне кірер алдында болатын пункттерде;
4) билетті қайтару/айырбастау айыппұлына (іссапар кейінге қалдырылған немесе ауыстырылғанда, ауырғанда, басқа да форс-мажорлық мән-жайларда);
5) валютаны айырбастағаны үшін комиссиялық алымдарға;
6) түбіртекке немесе чекке сәйкес визаны ресімдеу үшін консулдық алымдарға қаражат бөлінеді.
Егер қабылдаушы тарап осы тармақта көрсетілген қандай да бір іссапар шығыстарын өзінің есебінен төлейтін болса, белгіленген нормалардың 30 (отыз) пайызы мөлшерінде бөлінетін тәуліктікті қоспағанда, тиісті іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражат бөлінбейді.
15. Осы Ереженің 14-тармағында көзделмеген іссапар шығыстарын Сыртқы істер министрлігі төлемейді.
16. Лауазымды адам шетелге іссапарға жол жүрген кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн және Қазақстан Республикасына қайтқан кезде Қазақстан Республикасына келер алдында шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылады.
Іссапарға жіберілген лауазымды адамдардың мемлекеттік шекараларды кесіп өткен күндері уәкілетті органдардың паспорттағы белгілері бойынша айқындалады. Егер іссапарға жіберілген лауазымды адамның құжаттарына мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы уәкілетті мемлекеттік орган белгі қоймаған болса, мемлекеттік шекараны кесіп өткен күн іссапарлық куәлігіндегі белгілер бойынша айқындалады.
17. Егер лауазымды адамда іссапарлық куәлігі не шет мемлекеттердің немесе паспортта іссапарға жіберілген лауазымды адам транзиттік аймақта болған мемлекеттердің уәкілетті органдарының белгілері болмаса, іссапарға жіберілген лауазымды адамның әрбір елде болғандығын айғақтайтын жол жүру құжаттары есепті қабылдау үшін негіз бола алады.
18. Лауазымды адам бір тәуліктің ішінде екі шет мемлекеттің аумағында болған болса, іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражат белгіленген нормалардың 50 (елу) пайызы мөлшерінде осы елдердің әрқайсысы үшін бөлінеді.
19. Лауазымды адам бір тәуліктің ішінде екі шет мемлекеттен көп аумақта болатын болса, іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражат осы тәулік ішінде соңғы пункт болып табылатын ел үшін белгіленген нормалар бойынша бөлінеді.
20. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражатты үшінші адам алған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен расталған сенімхат ұсыну қажет. Іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты лауазымды адамға бөлу осы лауазымды адамның іссапар шығыстарын төлеуге бұрын бөлінген қаражатқа толық есеп берілген жағдайда ғана жүргізіледі.
21. Валюта есептеу үшін қолма-қол шетелдік валютаны айырбастағанын айғақтайтын құжатта көрсетілген айырбас бағамы қолданылады. Қолма-қол шетелдік валютаны айырбастағанын айғақтайтын құжаты болмаған жағдайда, шот-фактурада көрсетілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі соңғы күні белгілеген бағам қолданылады.
4. Есеп беру
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 1401 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара)
22. Іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде іссапарға жіберілген лауазымды адам Сыртқы істер министрлігіне іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражатты пайдаланғандығы туралы мынадай құжаттарды қамтитын аванстық есепті ұсынуға міндетті:
1) паспорттың көшірмесі (2-беттің және шекараны кесіп өткендегі туралы белгілері бар беттің (тердің) көшірмелері);
шекараны кесіп өткендігі туралы белгілері паспортта болмаған жағдайда, іссапарға жіберілген адамның жұмыс орны бойынша және қабылдаушы ұйымның кадрлық қызметінің белгілері бар іссапар куәлігінің көшірмесі ұсынылады;
2) жол жүру құжаттары:
шот-фактурасын (инвойсты) және фискалдық чекті (арнайы рейспен жол жүрген жағдайда талап етілмейді) міндетті түрде қоса тіркеп, баратын орнына және кері қарай жол жүру (такси қызметі төленбейді) билеттері;
вокзалдан, әуежайдан, кемежайдан және кері қарай көпшілік пайдаланатын көлікпен түпкі баратын орнына жол жүру жөніндегі құжаттары;
әуежайлар әкімшіліктері қарастырған жағдайда әкімшілік алымдарды төлеу жөніндегі түбіртектер;
бар болған жағдайда, билетті қайтарғаны/алмастырғаны үшін айыппұл төлегенін айғақтайтын құжаттар;
электрондық авиабилетті тапсырған жағдайда авиабилеттің құнын төлегендігін айғақтайтын құжатты қоса тапсыру міндетті;
жол жүру билеттерін немесе билетті қайтарғаны/алмастырғаны үшін айыппұл төлегендегін айғақтайтын құжаттарды жоғалтқан жағдайда, аталған құжаттарды берген ұйымның жазбаша айғақтамасын тапсыру қажет;
3) валюта айырбастау операциясы кезінде алынған валюта айырбастаудың бағамы мен күні көрсетілген құжаттар.
23. Іссапар қорытындылары бойынша тәуліктік және тұрғын үйді жалға алу жөніндегі шығыстар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормаларға сәйкес өтеледі. Адамдардың тұру шығыстары нақты шығындар бойынша төленетін белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда өтеу растайтын құжаттарды ұсыну арқылы жүргізіледі.
24. Іссапар шығыстарын төлеуге арналып бөлінген пайдаланылмаған қаражаттың қалдығын есеп беруші адам іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетелдік валютадағы шотына қайтаруы тиіс.
25. Республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын қандай да бір мемлекеттік органның лауазымды адамының дебиторлық берешегі болған жағдайда (қайтып оралған сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен астам), Сыртқы істер министрлігінің қазіргі бар берешегін өтегенге дейін осы мемлекеттік органның лауазымды адамдарына іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлуді жүзеге асыруға құқығы жоқ.