Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 1401 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 412 Қаулысымен күші жойылды
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде:
2, 8, 9, 10, және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) белгіленген тәртіппен республикалық бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларын (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) шетелге іссапарға жіберу туралы шешім қабылдайды, ал Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі) «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде белгіленген тәртіппен оларды іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды төлеуге ақшалай қаражат бөлуді жүргізеді.»;
«8. Мемлекеттік орган лауазымды тұлғаларды шетелге іссапарға жіберу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірлейді және шетелдік іссапарлар мерзімі басталғанға дейінгі он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей оны Сыртқы істер министрлігіне және шетелге іссапарлар мерзімі басталғанға дейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары шетелге іссапарға шығатын кезде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Президентімен немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен аталған тұлғалардың іссапарға шығуы туралы мәселені келіскеннен кейін іссапарға жіберу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірлейді.
Үкіметтің мүшелерін, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы мемлекеттік органдардың, үкіметтік делегациялардың басшыларын, оның ішінде Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас Конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасы делегациясының мүшелерін іссапарға жіберу кезінде, сондай-ақ Үкіметтің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының шетелге шығуы кезіндегі арнайы рейстердің шығыстарын төлеу кезінде мемлекеттік орган аталған тұлғалардың іссапарға шығуы туралы мәселені Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келіскеннен кейін іссапарға жіберу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірлейді.
Үкіметтің құзырына кіретін мәселелерді шешу үшін құрылатын делегация үкіметтік делегация болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының іссапар шығыстарына қаражат бөлу Үкіметтің тиісті шешімі қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады.
9. Үкіметтің іссапарға жіберу туралы қаулыларының жобалары Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Үкімет Регламентімен айқындалған мәліметтерді қамтуы тиіс.
10. Сыртқы істер министрлігі келісуге келіп түскен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын шетелдерге іссапарға жіберу туралы қаулылардың жобаларын:
шетелдік байланыстар бағытының басымдығын;
осы бюджеттік бағдарлама шеңберінде тиісті мемлекеттік органның қатысуымен ағымдағы жылы жоспарланған іс-шараларды;
ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражатының көлемін;
мемлекеттік орган ұсынып отырған іс-шараға қатысудың сыртқы саяси орындылығын ескеріп қарайды.
11. Егер лауазымды тұлға шетелге іссапарға Үкіметтің тиісті шешімінсіз шыққан жағдайда, іссапар шығыстарын өтеу Үкіметтің іссапар шығыстарын өтеу туралы шешімінің негізінде ғана жүргізіледі.»;
12-тармақта «қабылданған» деген сөз «Үкіметі қабылдаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың бірінші абзацында «Сыртқы істер министрлігінің» деген сөздер «Үкіметінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
22-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацында «отырғызу талонын және» деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, он үшінші абзацты қоспағанда, 1-тармақ 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |