Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі № 952 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 20 желтоқсандағы № 1666 қаулысы
(2010.29.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2010.29.01. № 37 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 142-құжат):
1-тармақта «2003» деген сан «2005» деген санмен ауыстырылсын;
4-тармақта «2001-2004» деген сандары «2004-2007» деген сандармен ауыстырылсын;
3) «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы № 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 25, 290-құжат):
2-тармақтың екінші абзацында «2002» деген сан «2004» деген санмен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацында «2002» деген сан «2004» деген санмен ауыстырылсын;
6-тармақта «2001» деген сан «2004» деген санмен ауыстырылсын;
8-тармақта «2003 жылдың қаңтарынан» деген сөздер «2005 жылдың қыркүйегінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта «2000-2004» деген сандар «2004-2007» деген сандармен ауыстырылсын.
2. «Республикалық санаққа жәрдемдесу комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі № 952 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |