“Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл
шаруашылығы санағын жүргізу туралы “
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2000.21.02. № 268; 2000.27.09. № 1464; 2001.20.12. № 1666; 2005.10.05. № 440 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Экономиканың аграрлық секторын басқаруды ақпараттық-статистикалық қамтамасыз ету мақсатында және БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы ұсынысын ескере Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2000.21.02. № 268; 2000.27.09. № 1464; 2001.20.12. № 1666; 2005.10.05. № 440 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы (мұнан әрі - Санақ) 2006 - 2007 жылдары өткізілсін.
2. Санаққа дайындық өткізу, оның нәтижелерін өңдеу мен жариялау Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып екі ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Санаққа жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы ұсыныс енгізсін.
ҚР Үкіметінің 2000.21.02. № 268; 2000.27.09. № 1464; 2005.10.05. № 440 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2005 - 2008 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастырған кезде Санақты дайындау мен ұйымдастыруға қажетті қаражат көздесін.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |