Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Рауан» республикалық баспасы»
республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1701 қаулысы
(2003.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Рауан» республикалық баспасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны оны мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен «Мектеп» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Мектеп» ААҚ) етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 31.10.01 ж. № 1383 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «Мектеп» ААҚ жарғысын бекіткен кезде негізгі қызметі баспа өнімдерін шығару деп белгілесін;
2) «Мектеп» ААҚ мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) «Мектеп» ААҚ мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін оның акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне берсін;
4) алынып тасталды
5) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» бөлімінде:
реттік нөмірі 293 «293. «Алатау» БПК» ААҚ» және 293-1 «293-1. «Алматы-Болашақ» ЖАҚ» деген жолдардағы «293» және «293-1» деген сандар «123-27» және «123-28» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-29-жолмен толықтырылсын:
«123-29. «Мектеп» ААҚ»;
2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Басқа ұйымдар» бөлімінде:
реттік нөмірі 49-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«49. «Мектеп» ААҚ»;
3) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» бөлімінде:
реттік нөмірі 224-1 «224-1. «Алатау» БПК» ААҚ» деген жолдағы «224-1» деген сан «224-3» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-4-жолмен толықтырылсын:
«224-4. «Мектеп» ААҚ».
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі