Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінiң "Мектеп" ашық акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қазан № 1383 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Мектеп" ашық акционерлік қоғамы оны жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Мектеп" баспасы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Мектеп" баспасы" ЖАҚ) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) "Мектеп" баспасы" ЖАҚ жарғысын бекiткен кезде қызметiнiң негізгi мәнi баспа өнiмдерiн шығару деп белгiлесiн;
2) "Мектеп" баспасы" ЖАҚ-тың мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) "Мектеп" баспасы" ЖАҚ мемлекеттік тiркеуден өткiзiлгеннен кейiн белгiленген тәртiппен оның жарғылық капиталын шығарылған жарғылық капиталының жалпы мөлшерiнiң 25 пайызынан аспайтын кейiнгі эмиссия шығару жолымен көбейтуге шаралар қабылдансын. Кейiнгi акциялар эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсiн;
4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген iс-шараларды орындаған соң "Мектеп" баспасы" ЖАҚ жарғылық капиталының 45 пайызы мөлшерiнде оның акцияларының мемлекеттік пакетiн сатуды жүзеге асырсын;
5) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне "Мектеп" баспасы" ЖАҚ акциясының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын берсiн;
6) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншіктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" бөлiмiнде:
реттік нөмірі 123-29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"123-29 "Мектеп" баспасы" ЖАҚ;
2) алынып тасталды
3) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісiм министрлігі" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 224-4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"224-4. "Мектеп" баспасы" ЖАҚ";
4) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгінiң "Рауан" республикалық баспасы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1701 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 558-құжат):
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |