Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы тамыздағы № 1295 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
Бұр. ред. қара
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген, Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi» бөлiмi мен реттiк нөмiрi 413-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 106-3-жолмен толықтырылсын:
«106-3. «Қазпатент» патенттер мен тауарлық
белгiлер жөніндегі республикалық
мемлекеттік кәсiпорын (шаруашылық
жүргiзу құқығында) Алматы қаласы».
2) ҚР Үкіметінің 29.03.01 ж. № 411 қаулысымен күшi жойылды
3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күшi жойылды (бұр.ред. қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Прмеьер-Министрінің
бірінші орынбасары