Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінiң
2000 жылғы 23 тамыздағы N 1295 қаулысы
ҚР Үкіметінің 29.03.01 ж. N 411 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мен реттiк нөмiрi 413-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 106-3-жолмен толықтырылсын:
"106-3. "Қазпатент" патенттер мен тауарлық
белгiлер жөнiндегi республикалық
мемлекеттiк кәсiпорын (шаруашылық
жүргiзу құқығында) Алматы қаласы".
2) ҚР Үкіметінің 29.03.01 ж. N 411 қаулысымен күшi жойылды
3) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"өнеркәсiптiк меншiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;";
12-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) өнеркәсiптiк меншiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында:
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, тауарлар мен қызметтердi даралау құралдарын, лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру және қорғау құжаттарын беру өнеркәсiптiк меншiк құқықтары объектiлерiне Мемлекеттiк тiзiлiмдердiң жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi туралы ақпараттың жариялануын қамтамасыз ету.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Прмеьер-Министрінің
бірінші орынбасары