Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысы
(2011.10.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын тиімді үйлестіру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші орган ретінде Жастар ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңестің Ережесі және Құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 517 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 31 шілдедегі
№ 1165 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы ережені басшылыққа алады.
3. Кеңес өз қызметін Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қызметі қайшы келмейтін халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
2. Кеңестің міндеттері, функциялары мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
мемлекеттік жастар саясатының:
жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
жастарға көмек пен әлеуметтік қызметтер көрсету;
жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру жөніндегі міндеттерін іске асыруды талдау;
мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
5. Кеңестің функциялары:
мемлекеттік жастар саясатын одан әрі іске асыру және жетілдіру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру;
мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өзара іс-қимылы;
жастар мен жастар ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығына жәрдем көрсету;
Қазақстан жастарының Жалпы республикалық форумын өткізу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
6. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан Кеңес міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
қажеттілікке қарай Кеңес жұмысына ғалымдарды және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тартуға;
орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдерін Кеңес отырыстарында Кеңестің құзыретіне енетін мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
7. Кеңес төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес іске асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Кеңес хатшысы Кеңестің жұмысын ұйымдастырады, қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады және отырыстар хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
9. Кеңес отырыстарына материалдар оның өткізілуіне дейін кемінде 3 күн қалғанда Кеңес мүшелеріне жіберіледі. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткізілетін орны мен уақытын Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша Кеңес төрағасы айқындайды.
10. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. Кеңес мүшелері Кеңес қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама толтырылады.
Кеңес мүшелері айрықша пікір құқығына ие, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса тіркелуге тиіс.
11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
4. Кеңес қызметін тоқтату тәртібi
12. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 14.04.01 ж. № 490; 03.04.02 ж. № 397; 29.08.03 ж. № 887 (бұрынғы ред. қара);13.04.04 ж. № 413 (бұрынғы ред. қара) 30.07.04 ж. № 807 (бұрынғы ред. қара); 2005.03.05. № 420 (бұр. ред. қара); 2005.30.11. № 1176 (бұр.ред.қара); 2006.06.06. № 517 (бұр. ред. қара); 2007.26.04 № 333 (бұр. ред. қара); 2010.26.05 № 470 (бұр. ред. қара); 2011.10.03. № 240 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Жастар ісі жөніндегі кеңестің
Құрамы
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Кеңес мүшелері:
Хамзина Нұргүл Қалиқызы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры |
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары, |
Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры, хатшы; |
Айсина Майра Арапқызы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша), |
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, |
Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі, |
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі, |
Тихонюк Николай Петрович | - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары, |
Аманғалиев Серік Қалешұлы | - Атырау облысы әкімінің орынбасары, |
Әбдірайымов Қалижан Серікұлы | - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, |
Балаева Аида Ғалымқызы | - Астана қаласы әкімінің орынбасары, |
Бектаев Әли Кәрімұлы | - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, |
Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы | - Қостанай облысы әкімінің орынбасары, |
Ғалымова Әлия Қайратқызы | - Павлодар облысы әкімінің орынбасары, |
Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы | - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, |
Қырықбаев Арман Оразбайұлы | - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, |
Мұқанов Серік Мейірханұлы | - Алматы облысы әкімінің орынбасары, |
Мұхамедов Мұрат Бақтиярұлы | - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, |
Нұрқатова Сара Қайыржанқызы | - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, |
Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекұлы | - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, |
Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы | - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, |
Сейдуманов Серік Тұрарұлы | - Алматы қаласы әкімінің орынбасары, |
Сүлеймен Серік Кенжебекұлы | - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, |
Есқараев Азамат Несіпбайұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры, |
Лепеха Игорь Владимирович | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары, |
Мәйкеев Мұрат Жәлелұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, |
Аманшаев Ермек Әмірханұлы | - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша), |
Өрсариев Арын Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (келісім бойынша), |
Боранбаев Жақсыбай Ералыұы | - «Студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» мекемесінің басшысы (келісім бойынша), |
Ғиззатов Тақан Талғатұлы | - «АСК» республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша), |
Кулик Виталий Олегович | - «ЗУБР» әлеуметтік-корпоративтік қорының директоры (келісім бойынша), |
Мұқажанов Ұлар Оразғалиұлы | - «Ұлттық Дельфий Комитеті» жеке меншік мекемесінің басшысы (келісім бойынша), |
Салиходжаев Ескендір Валжанұлы | - «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жеке меншік мекемесінің басшысы (келісім бойынша), |
Сыдықов Нұрлан Ерболатұлы | - «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша); |