Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі № 490 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жастар ісі жөніндегі кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 396-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасы
Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы Білім және ғылым министрі,
орынбасар
Адамсопиев - Қазақстан Жастар одағының
Бақыт Нұртасұлы бірінші хатшысы (келісім бойынша)
Баймұханов - Маңғыстау облыстық мәслихатының
Нұрбол Болатұлы депутаты (келісім бойынша)
Ізбанов - Қазақстан Республикасының
Мұхит Кәрімұлы Көші-қон және демография
жөніндегі агенттігі төрайымының
орынбасары
Отто - Қазақстан Республикасының Ішкі
Иван Иванович істер вице-министрі
Өмірбаев - Қазақстан Республикасының
Әділхан Әбдірахманұлы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
көрсетілген құрамнан Александр Сергеевич Павлов, Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров, Есенжол Қаниұлы Алияров, Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықова, Аслан Жұмағалиұлы Қаржубаев, Олег Григорьевич Рябченко, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары