Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды өтеудің тәртібін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
29 мамырдағы № 810 қаулысы
(2006.11.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 920 Қаулысымен күші жойылды
«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 16-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды өтеудің тәртібі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды өтеу бойынша сомалардың жергілікті бюджеттерге толық және уақытылы төленуін бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң аумақтық органдарына жүктелсін.
3. Осы қаулы жарияланғаннан кейін бір ай өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | К. Токаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 29 мамырдағы
№ 810 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.11.08. № 760 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды
өтеудің тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері өрттерді сөндіру бойынша шеккен шығындарды өтеудің тәртібін және оларды жергілікті бюджеттердің кірісіне өтеудің ставкасын белгілейді.
2. Өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінің өрттерді сөндіруге шығуы және оларды жоюға қатысуы сөзсіз түрде жүзеге асырылады.
2. Шығындарды өтеуді төлеушілер
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес, оларда міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын мекемелер Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрттерді сөндіру кезінде шеккен шығындарды өтеуді төлеушілер болып табылады.
4. Жоғарыда аталған қосымшада көзделген, ұйымдарда өртке қарсы қызмет органының күштері мен құралдарын өрттерді сөндіруге тартудың шарттары облыстардың, Астана, Алматы қалаларының өртке қарсы қызмет органдары мен тиісті ұйымдардың арасындағы шарттармен регламенттеледі.
3. Шығындарды өтеу
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері шеккен өрт сөндіруге арналған шығындар толық көлемде өтелуге жатады.
6. Өрттерді сөндіруге арналған шығындар өртке қарсы қызмет органының бөлімшелері шеккен, өрт болған жерге баруға және орналасқан жерге қайтуға, өртті сөндіруге, адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқаруға бағытталған әскери іс-қимылдарды орындауға арналған, өрт сөндіруші құралдармен өрт ошағын бұзуға және оған су құюға, өрт болған жерге су жеткізуге, негізгі және арнаулы өрт сөндіру автомобильдерінің жұмыс істеуіне арналған шығыстардан тұрады.
7. Өрттерді сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет органының бөлімшелері шеккен шығындардың ставкасы бір негізгі өрт сөндіру автомобилінің бір сағаттың ішіндегі жұмысы, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген, 15 еселенген айлық есепті көрсеткіштен аспайтынға тең.
8. Өртке қарсы қызмет органының бөлімшелері шеккен шығындарды өтеу, ұйымдардың таза кірісінен жүргізіледі.
4.Шығындарды өтеудің тәртібі мен мерзімдері
9. Өртке қарсы қызмет органының бөлімшелері шеккен өрттерді сөндіру жөніндегі шығындарға ақы төлеуді, жүргізілген есептерге сәйкес, төлеуші Өртке қарсы қызмет органы қосымшаға сәйкес анықтама-шот ұсынуы бойынша, ол ұсынылған күннен бастап 10 күннің ішінде тиісті жергілікті бюджеттің кірісіне енгізеді.
5. Шығындарды өтеу жөніндегі дауларды шешудің тәртібі
10. Өртке қарсы қызмет органының бөлімшелері шеккен өрттерді сөндіруге арналған шығындарды өтеу жөніндегі даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Қосымша
─────────────────────────────────────────────────
(күні)
──────────────────────────────────────────────────
(ұйымның атауы)
Болған өртті сөндіру жөніндегі
шығыстарды өтеуге арналған Анықтама-шот
Өрттің болған күні мен уақыты | Сөндіруге Жұмыс қатысқан уақыты бөлімшелердің атауы мен саны | Сомасы теңгемен* |
1 | 2 3 | 4 |
───────────── облысы ӨМҚ бастығы
────────────────── (қолы)
* Анықтама - шотқа, келтірілген шығындарды растайтын қажетті есептер қоса беріледі.