Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 920 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 Қаулысымен күші жойылды
«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды өтеудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 810 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 24, 287-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 328-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 760 қаулысымен бекітілген өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 322-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 6 қазандағы
№ 920 қаулысымен
бекітілген
Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс
ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік
өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда
шығатын шығындарды өтеу ережесі
1. Осы Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу тәртібін анықтайды.
2. Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінің шығуы және бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу сөзсіз түрде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781 қаулысына сәйкес міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуы тиіс ұйымдар мен объектілердегі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өрттерге шығу және сөндіру, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері шеккен шығындарды (бұдан әрі - шығындар) өтеуді төлеушілер болып табылады.
4. Төлеушілердің шығындарды өтеуі міндетті түрде жүзеге асырылады және айлық есептік көрсеткішпен анықталады.
5. Шығындар есебін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы жүргізеді (өрттерді сөндіруге әрбір шыққаны және бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгені үшін).
6. Шығындарды өтеу есебі:
1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің бірінші автомобилі өрт сөндіру, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына шыққан сәттен бастап анықталатын және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің соңғы автомобилі өрт сөндіру, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнынан кеткен сәттен бастап аяқталатын өртке шығуға және сөндіруге, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмсалған уақытты;
2) өртке шығуға және сөндіруге, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жіберілген автомобильдердің саны мен түрін ескере отырып белгіленеді.
7. Жіберілген автомобильдердің түрі ҚР СТ 1166-2002 «Өрт техникасы. Жіктеме. Терминдер мен анықтамалар» сәйкес анықталады.
8. Автомобильдердің саны мен түрін өрт сөндіру жетекшісі өрттегі нақты (немесе ықтимал) жағдайды және өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды орындау бойынша тактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайды.
9. Ұйымдар мен объектілердегі өртті сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің бірден артық автомобилін тартқан жағдайда өтеуге жататын шығындар шығындарды өтеу есебіне сәйкес әрбір автомобильге ол шыққан сәттен бастап қайтқан сәтке дейін жеке анықталады.
10. Ұйымдар мен объектілерде, оның ішінде шарттар негізінде жеке меншік мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылған жағдайда шығындар өтелмейді.
11. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы есеп жүргізеді және осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-шот жазады және төлеушіге жібереді.
12. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы төлеушіге анықтама-шотты жолдай отырып, бір уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне хабарлайды.
13. Бюджетке енгізілуі тиіс шығындар сомасы анықтама-шотты алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде төленеді.
14. Шығындарды өтеу жөніндегі даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Ережеге
1-қосымша
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері
өртке шығу және сөндіру, бірінші кезектегі авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу кезінде шеккен шығындарды өтеу есебі
Р/ с № | Өртке шығу және сөндіру, бірінші кезектегі авариялық- құтқару жұмыстарын жүргізу уақыты | Бір негізгі автомобиль жұмысына айлық есептік көрсеткішпен есеп | Бір арнайы автомобиль жұмысына айлық есептік көрсеткішпен есеп |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 1 сағатқа дейін | 20 | 30 |
2. | 1 сағаттан 2 сағатқа дейін | 25 | 40 |
3. | 2 сағаттан 3 сағатқа дейін | 30 | 50 |
4. | 3 сағаттан 4 сағатқа дейін | 35 | 60 |
5. | 4 сағаттан 5 сағатқа дейін | 40 | 70 |
6. | 5 сағаттан және одан астам | 50 | 80 |
Ережеге
2-қосымша
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері
өртке шығу және сөндіру, бірінші кезектегі авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу кезінде шеккен шығындарды өтеуге арналған
анықтама-шот
______________________________________________________________
(төлеушінің атауы, заңды мекен-жайы және/немесе өрт болған объектінің мекен-жайы)
Өрттің күні | Өрттің уақыты | Негізгі автомо- бильдер- дің саны, бірлік | Арнайы автомо- биль- дердің саны, бірлік | Негізгі автомоби- льге есеп, АЕК-мен | Арнайы автомо- бильге есеп, АЕК-мен | Жалпы сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
Шығындар есебі: | ___________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) аумақтық бөлімшесінің басшысы ______________________ қолы М.О. ___________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) аумақтық бөлімшесінің бас бухгалтері ______________________ қолы Ұйымның (объектінің) басшысы _____________________ қолы |