Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Көліктік бақылау комитетінің жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 599 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.07.02 ж. № 821; 24.11.04 ж. № 1232 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жолда:
2-бағандағы «және туризм» деген сөздер алынып тасталсын;
3-бағанда:
«әуе көлігімен», «авиациялық жұмыстар», «әуежайларда жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызмет» деген сөздер алынып тасталсын;
«қауіпті жүктерді» деген сөздерден кейін «әуе көлігінен басқа» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын: «37. Қазақстан әуе көлігімен жолаушылар мен жүктерді Республикасы Көлік тасымалдау, әуе көлігімен қауіпті және коммуникациялар жүктерді тасымалдау, авиациялық жұмыстар, министрлігінің әуе кемелеріне, жолаушыларға және Азаматтық авиация әуежайлардағы жүктерге қызмет комитеті көрсетуге байланысты әуежайлық қызмет»;
2) ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі
№ 599 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті туралы
Ереже
ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен ереженің күші жойылды (бұр. ред. қара)